Анама арнау

Жарық өмір сыйладың күніңменен, Түн ұйқыңды төрт бөлдің түніменен. Мұздай бесік таянып, бесік жырын, Әлдилеттің ерекше үніңменен. Жетеуімізге бір өзің қорған болдың, Жапырағы жайқалған орман болдың. Қиын-қыстау күндерде қу тағдырға, Дес бермедің, ерекше тұлға болдың. Сен жыласаң қалайша жай табамын? Төрт құбылам түгел деп айта аламын? Кірпік қақпай талай түн...

Сезіміңе қонақтап төркіндейін...

Тоң боп қатқан мәңгілік мұзы еріп, Жүрегіме орнағандай көктем келіп. Қос жанарың жарқырап жымыңдайды, Жұлдыздарды алғандай көктен теріп. Өзге аруды құрақтай құшпасам да, Жалғыздықтың жұртында қыстасам да. Басқа жанмен бағымды байламаспын, Сен өзгенің етегінен ұстасаң да. Жүрегімде жат сезім тулағанша, Өзге жанның бақытын ұрлағанша. Мен өтейін өмірден бойдақ болып,...

Сыртыңнан ғана ғашық боп жүрмін....

Көргенде алғаш, естен тандырдың, Жүректе үміт, отын жандырдың. Пәниде жалған, махаббат барына, Тек өзің ғана, жаным нандырдың. Сағыныш нұрын шашқандай болдың, Бақыт сарайын ашқандай болдың. Жаныңа келіп, қолымды созсам, Үнсіз күлімдеп, қашқандай болдың. Көңіл қазығын қаққандай болдың, Үміт шырағын жаққандай болдың. Жоғалтып таппай жүрген сезімді, Өзіңнен жаным...

МЕН ЖОҒАЛТҚАН БЕЙНЕ

Автобустың ішінде отырғандардан түрегеп тұрғандар көп. Түрегеп тұрғандардың дені жас жігіттер мен қыздар. Солармен бірге мен де ары-бері тербеліп тұрмын. Ауа жетпей талып құлап қалудың аз-ақ алдындамыз. Автобус қозғалып, төбесіндегі қосымша есігінен ыстық ауа кіргенде ғана аздап жан шақырамыз. Маусым айындағы ми қайнатар ыстықтан соң автобустың іші көмір жаққандай жанып-ақ тұр. Борша-борша...