Auyldan
Деңгейі
+0.53
Күші
1.91

Auyldan

avatar
kalybek.wordpress.com/2009/11/23/%d1%88%d0%b5%d0%ba%d1%82%d1%96%d0%ba-%d0%b1%d0%b5%d1%80%d1%83/
2009ж. «шектік» туралы жазған жазбам екен, таныса отырыңдар.
avatar
Менің пікірімнен «жастардың басы қатады» деп есептесең, онда «сенікі дұрыс» деп отыру керек екен шығар.
avatar
Қазіргі билік тұрғанда әлі талай көреміз былықтырды. Қаралы күн жариялау дегенді білмейді жоғарыдағылар, Фейсбукте осы ракета құлағанға қарсы қолданушылар бір шара бастап еді, бүгін ФБ ашыламай тұр екен. Негізі, Байқоңырды жалға беруді тоқтату керек. Жазба өте жақсы жазылған, жалғыз Жаконың жанайқайы емес, бар қазақтыкі деуге болады. Жазбадағы түс Кене Ханның түсі емес, Абылай Ханның түсі болатын.
avatar
1. Әке
2. Бала
3. Немере
4. Шөбере
5. Шөпшек
6. Немене
7. Жүрежат
8. Туажат
9. Жекжат
10. Жұрағат
11. Қаймана
Жазбада «Жүрежат» туралы жазылмаған. Негізі, Қазақ ұғымында 7-ата — «Жүрежат», 8-ата — «Туажат» болуы тиіс. Себебі, «жүрежат» дегені – жүре-бара жат болады дегені, ал, «туажат» дегені – туа сала жат болып кетеді дегеннен шыққан. Қазақта 8-атадан бастап қыз алысуы кездеседі, бірақ сиректеу кездеседі, себебі — туыстық әлі үзілмегендіктен. Көбіне «Жекжаттан» басталатыны сондықтан.
Жако жазған жоғарыдағы кесте көп жерде жарық көріп жүр, бірақ соңғы жағы қате екенін көбіміз біле бермейміз.
avatar
Басты дастарханға тарту әр аймақта әртүрлі ғой. Біздің батыс жақта бір құлағын кесіп алмайды, басты солайымен тартады, көзін де теспейді. Қояр алдында маңдай құйқасын айқыштап тіледі, «төрт құбылаң түгел болсын» деп. Дастарханға ер адам әкеледі.
avatar
Иә, «кәсіптік маңызы бар» дегенге мен де таңғалып отырмын, мүмкін қате кеткен болар. Біздің Каспий жағалауында кездесетіні сыбырлақ аққу ғой. Сыбырлақ аққуға жететін құс жоқ көрінеді, себебі: анималист суретшілердің көбі әдемілігіне орай, осы аққудың суретін салады екен. Және бір қызық дерек: аққудың аталығын «сапар», балапанын «көгілдір», мойнын «сұңғақ» деп атайды екен.
avatar
Есболаттың жазып отырғаны дұрыс, Сыңсу тек ұзатылып кетіп бара жатқанда айтылатын өлең. Менің әжем марқұм да «сыңсуды кетіп бара жатқанда айтатынбыз» деп айтып отырушы еді. Жако айтқандай, 30-40 үйдің өзін аралап шыққанда көп уақыт және сыңсудың өзін 5 минутта айта салмайды, соның бәрін есептегенде — бір-екі күнде біте қоймайды ғой, сондықтан ұзатылып кетіп бара жатқанда айтқан. Сыңсуды банкеттерде болсын, үйінде болсын, кәзіргі кезге дейін айтылып жүргеніне шүкір делік.
avatar
Аужарды кей жерлерде Сарын деп те атаған. Ұзатылар қыз және басқа әйелдер киіз үйдің ішінде отырып айтысады, ал Аужар айтатын жігіттер сыртта, ат үстінде тұрып айтысатын болған екен. Аужар тек қыз елінде болған, бертін келе атауы Жар--жарға ауысып, жігіт үйленгенде айтылып жүр. Бұл да мүмкін, дұрыс шығар. Бірақ, кәзірге кезде тойларда Жар-жар айтылып жүргенін естімеппін.
avatar
Біздің қоғам әбден шіріді-ау. Грузия төңкеріс жасағанда, жоғарыдағылар жамандап-ақ бағып еді, ал сол Грузия коррупцияны, былық-шылықтарын жеңіп келеді. Пост өте жақсы жазылған екен, авторға «бес!»
avatar
Сүннет екенін білеміз, ал басқа жақтарда қалай екенін білмеймін, батыс жақта әкесі бар жас жігіттер сақал қоймайтын ғұрып бар. Үлкен шалдардың сақалын қырмаған жас жігіттерге ұрсып жатқанын талай көргенбіз. Сақал-мұрт қойғанда да, қырықтан аса қоюға рұқсат беретін. Бұрынғының шалдары жастарды тәрбиеден шығып кетпесін деп, осындай ескертулермен тәрбиелеген ғой. Сақал қойғанда қауғадай қылып өсірген шынында да ерсі ғой.
avatar
Вераның қасында өзіміздің Альбина Жаңабаева сұлу емес пе!
avatar
Нағыз романтик жігіттің жазбасы екен. Енді прагматик қыз кездессін делік.
avatar
15-наурыз емес, 14-наурыз күні көрісу күні басталады. Батыстың барлық жерінде солай.
Көрісу — балалардың ата-ана алдындағы, жасы кішілердің үлкендер алдындағы, қайын жұртың, нағашы жұртың, басқа да тума-туыс алдындағы міндеттері болып табылады. Бір-бірін көрмей, ренжісіп жүргендер де осы күні татуласады.
avatar
Жако, Қилызаман — Қазақ сайттарындағы оңды, тұрақты пікірлерімен көрініп жүрген, ең жасы үлкен кісілер деп айтуға болады. Жако бергіректе қосылды, Қилызаман бұрыннан «Солай деден» келе жатырған ветеран ғой, осы кісіден де сұқбат болса. Бар Қазақ азаматтары осы кісілерден үлгі алса. Ал, Жако, біздің батысқа келсең, қонақ қылып сыйлағанымызбен, бас ұстата алмаймыз екен.
avatar
Халық бір кісінің пәленбай жыл ел басында отырғанынан, билікке жақындарын көптеп тартқанынан, сөз бостандығын көп шектеуден, соссын демократиялық жаңартуларға аңсаудан шықты деуге болады. «Хлеба и зрелищ!» деген заман кеткен.
Бізге ұқсас жағдайлар, ә!
avatar
Мұқағали заманындағы үнсіздікті түсінуге болатын шығар, ол кез қатып қалған социализм, коммунизм, моральдық кодекс т.с.с. Қазіргі кездегі үнсіздікті қалай түсінеміз?! 20 жылдан бері өткен сайлаулар бәрі өтірік, экономикамыз қарыштап дамып жатыр деп алдаймыз, мұнай сатудан түскен ақшамыз құпия, демократиямыз қағаз жүзінде, бас көтергендерді қамап жатырмыз, ауыл халқы босып кетті, айта берсек — жетеді ғой. Осының бәрін көріп-біліп отырған зиялы қауым, азаматтық өз ойы бар адамдар неге үнсіздікке салынады екен?!
avatar
Мақала жариялап тұрған дұрыс, тек сол мақаланы көшірген жердің сілтемесін міндетті түрде беру керек. Мына жерден алынған деп қойсаң болды. Не болмаса авторын керсете кету керек.
avatar
Осы браузерді қолданып келе жатқаныма 2 жылдай болды, браузерлер арасында ең ыңғайлысы, дамығаны деп айтар ем. Панель аккаунтамен басқа компьютерлерге кіргенде де, өз сақтаған сайттарыңмен жұмыс жасай беруге болады. Бір экраннан екі сайтты да ашып қарауға болады. Жүктеп, қолдануға кеңес берем.
avatar
Өте жақсы бағдарлама, сонымен қатар, осыған ұқсас Auslogics бағдарламасын да жүктеп алуға болады интернеттен.
avatar
Көрімдік сұрау түрлері көп, тек қана осылармен шектелмейді.