Bagashar
Деңгейі
+114.74
Күші
309.22

Bagashar

Бағашар

Өткенді ойлау

Өткенді ойлау Ақсөңке сүйектер – Кешегі бабалар. Түйреген жауларын, бас алған қылышпен. Біз үшін бал емес, су емес, құдірет, Тұрпатты әкелер қан жұтып, у ішкен. Күмбезді кернеген, Күңіренген дұғамда, Тәңірден жарылқау бабалар жайында. Жусанның түбінде тұлпардан түк қалған, Сыңсыған ән қалған өзеннің бойында. Шаң жұтқан қыраттар, жаншылған тұяққа Келмеген...

Хат жаздым...

Көрінгеннен — сұрадым көрінбедің, Эфирлерден — жыладым естімедің. © Жұматай Алқара аспанның Тұңғиық түсімен. Құмыққан даусымның Бір дүлей күшімен Адасып барамын Еріксіз екпінмен Шошитын түн кешіп, Көретін түсінен. Сыздайды жүрегім Емі жоқ жарадай. Жылаймын, күлемін Есуас баладай. Қайырылмай кетсеші Керең боп құлағым. Сезімге, сөзіңе, өзіңе Қарамай…...

Белгісіз...

Көңілдің көңілсіз әуені Қалықтап барады мезгілсіз. Жұбатпақ болған жанымды Бейтаныс келбеттім, сіз кімсіз? Мұң шалған жанарды бір аңдап, Мүсіркеп, мені аяп жүрсің бе? Сыңсытып ән...

Сезім нотасы

Сезім нотасы Сезімнің ең биік нотасы – Жүзіңде құбылған қара мең. Ғажайып бір әсер береді Толқимын. Толқиды бар әлем. Қастерлі мұраттың жолында Сазына илігем, көнемін. Сен үшін тербелем ырғаққа, Сен үшін жазылар өлеңім. Ақ жарма таңдардың нұрына, Ақжарқын жандардың жүзіне, Қиянат қылмаймын. Түсемін Талайы тағдырдың ізіне. Пернеде жүгіріп саусақтар, Дегбірді...

Аңыз адамдар

Атақтылар жайлы аңыздар Қиясбайдың еркелігі Хакім Абай атамыздың ерекше қасиеттері көп болыпты. Солардың бірі, алдына келіп отырған адам негізгі шаруасына бірден көшпесе, артынан сұрағанын бермейді екен. Өзіне жүгініп кеп отырған кісіден «не шаруа?» деп сұрап алатын ақын, бірден сұрамаған кісіге «жоқ» деп жауап беретін болған. Өздерің білетіндей Абай атамыз ауқатты отбасынан шыққан....

Аңызға бергісіз

Атақтылар жайлы аңыздар Аяқ киімімен барабанды ұрып… «Отырар сазын» дүниеге әкеліп, музыка әлемінде өз қолтаңбасын қал-дырған Нұрғиса Тілендиевтің соңынан ерген аңыз көп. Нұрғиса аталарың аңғал, шалт қимылды адам болыпты. Оркестр мүшелерінің бәрі о кісінің мінезінен қорқады екен. Біреуі сәл дұрыс ойнамаса, әбден ұрыс еститін көрінеді. Кезекті бір концертке барабаншы келмей қалады. Зал...

Жәудіреген жанарлар

Ай мен күннің аманында… Жәудіреген жанарлар Мектептегі ұстазым «Жаман еркек, жаман әйел болады. Бірақ, жаман әке, жаман ана болмайды» деген сөзді жиі айтушы еді. Шынымен-ақ, өз әке-шешесін «жаман» деуге қай перзенттің дәті шыдап, тілі барады дейсің? Шәкәрім айтқандай, «зымыранның оғындай зулаған уақыт» екпінінен қаңбақтай қалбалақтап жүрген кей ата-ананың қылығы «адам айтса, нанғысыз»....

Экспромт

Іздегенмін қиялымның көшінен, Іздеп едім кең даламның төсінен. Кезікпеген сол жоғымен ешқашан О, арманым, менің неткен жесір ең. қайтем енді, кезікпедім, таппадым, қалғаным жоқ қиындықтан жасқанып. тек сәл ғана мұңым өзге, мен дағы Мұң секілді, күз секілді басқамын!

Ораздының ұлы отызында...

Оразалыны көру бала кездегі арманым еді. Мектепте балалармен ойнап айтыс жасаған кезде, мен «Оразалы» боп шыға келетінмін. Оның айтыста айтқан шумақтарын жаттап алып, өзімізше мәз болатынбыз. Пендеауи дүниемен есебі жоқ арманымнан Оразалымен бірге көз жазып қалдым. Қазақстан Жазушылар одағы – біз үшін қашанда қастерлі орда. Жолымыз түссе, сондағы ағаларымызға барып, ақылын тыңдауды әдетке...

"Ара" журналын жоқтау

Кәдімгі «Ара» журналы шығуын тоқтатқанына біраз болды. Қозғалатын тірі пенде байқалсашы. Соған айтылған наз деп қабылдарсыздар. Тулаған толқындар, Шулаған өзендер – кезеңдер. Бұлданған басшылар, Қуланған қосшылар – кемеңгер. Жылмақы сөзіміз, Жылмысқы көзіміз – шынымыз. Арамға құл болған, Базарда пұл болған – құнымыз. Әлсізді талайтын, Бассызды қамайтын –күшіміз....