Beeline_kz
Деңгейі
+3.82
Күші
2.98

Beeline_kz

Beeline_kz

avatar
:) түзетуің орынды сияқты. Шынымен де не деген салмақ, ә! ал ауыл туралы керемет рас қой
avatar
Рахмет Ербол бауырым. Пікірің өте орынды. Атадан мал қалғанша, тал қалсын. Құптаймын.
avatar
Пікір жазғаныңызға алғысымды білдіремін. Мұндай игі шаралар әзірге тек Алматы қаласында ғана жүзеге асырылды. Алла жазса, алдағы уақыттарда тағы да бірнеше қалаларға, ал ақырында инфо такси қай қалада бар сол қаланы қамтуға тырысамыщз. Бұл алдағы уақыт еншісінде.
avatar
Барлыктарынызга ыстык тiлектерiнiЗге рахмет Алла разы болсын
avatar
Сол ҚЫМБАТ өмірде адам пенде болғаннан кейін кейде бір атым насыбайдан қалатын көңілді қалдырамыз. Кейіннен ол адам бұ дүниедегі дәм-тұзы таусылғаннан кейін барып бармақ тістеп өкінеміз. Санымызды "қап" деп бір соғамыз. Бірақ, ол кеш, тым кеш… дегенмен де адам баласы болғаннан кейін өмірде шалыс басып, қателесуі заңдылық болмағанымен, ақиқат. Ол неден қателесті, не үшін істеді, неге деген сияқты жауап алушы үшін нақты болғанымен, жауап беруші үшін қиын сауалдардың жауабы қанағаттандырмас. Сол кезде адам санасын ТҮСІНІКтен гөрі АШУға бой алдырып, САБЫР деген алтын ҚАСИЕТке бас имейміз. Бірақ, түптің түінде сол сәттегі ашудың артының орны толмас оқиғаларға апарып соғатынын сол сәтте түсінбейміз-ау… ал, бұл жалған дүниеге бәріміздің де қонақ екендігімізді ескерсек, ана мәңгілік дүниеде сол тірлігің үшін ол емес, сен жауап бересің. Өйткені, Алла тағала САБЫРЛЫҚҚА шақырған бәрімізді. Сол сәтте ашуыңды сабырға, ақылға жеңдіріп, бәрін ой елегінен өткізсең, сол мәселенің шешілер түйінін тапсаң, артының жақсы болып, Алла тағала тарапынан да Алғысқа ие болатының кәміл сен. «Адамнан сұрағанның екі көзі шығады, Алладан сұрағанның екі бүйірі шығады» деген емес пе?! Ал, сол тағаламның берген жанын тек өзі ғана алуға тиісті екендігін ескерсек, оған себепші болып екі есе күнә арқалғаның дұрыс емес-ау...өйткені, сол арты өкінішке соқтырған мәселе ертеңгі күні екі еселеп сенен шығып кететінін ескеруге тиіспіз. Сондықтан, адам өлтіргеннен басқа ауыр күнә жоқ. Ал қалған пенделік шалыс басқан қадамдарды кешіре білсең, сол сенің адамгершілігің мен адам қасиетіңнің куәсі. Оның дұрыс еместігін білсең де кешіруге тырыс. Бұл менің жеке пікірім. Мен дін өкілі емеспін, қарапайым алланың құлымын.