Erlan
Деңгейі
+0.98
Күші
1.48

Erlan

Ерлан

avatar
Азған елдің бет пердесін ашыпсың шындықпа әлде асыра сілтеу білмедім бір әркім өзіне бек болса, не болсада мұсылман ел едік
avatar
Адамдар жеу үшін жасамайды,
Жасау үшін жейді, — Сократ
Философиялық тұжырым бұл тақырыпта ұзақ ойлануға болады…
avatar
Өте қызық дауыс береміз бе иә береміз деді ақыл
нәпсі айтты жо жо жооқ барі далбаса ғой қалай
Бәрібір ақыл жеңді иә ақыл жеңді
avatar
Айналайын сонда адамдарды тамақтанудан тию керек деген пікір айтасыңба әлде мен түсінбедім ба? Ақырзаман боларда адамзат баласының тамақтануға да қолы тимей тоқтықтан өледі деген бар еді, жоқтықтан емес, бейбіт жақсы ғұмыр сүргесін дұрыс тамақтанған, жақсы тамақтанған жақсы ғой солайма әлде…
avatar
Жақсы екен шабытты
avatar
110 нан аса өмір сүрген бір қариядан мұнша көп жасауыңыздың себебі не деп сұрағанда ол«асқазан» деген екен, мен асқазанымды жақсы күттім, себебі сол ғана депті қария…
avatar
Айтабер достар айтабер
Құлағын түрді сіздерге
Қазақ дейтін жайдары ел
Есітіп жүрген адамдар
Мұндай ғажап қайда дер
Фейсбукты білмедім
Гуглыңды білмедім
Біз жастар білген бір сайт
Оның аты Айтабер
Айтабер енді тек алға
Тоқтамастай өрлей бер
avatar
Бата қазіргі заманның батасы болыпты жалпы жастар бата айта білгені жақсы емеспе? Бата қабыл болсын.
avatar
Рахмет менің жанұямда бәрі керемет, қазақ жанұялары ынтымақты болсын бәріңізге Алланың нұры жаусын.
avatar
Қазан кәуап тамаша екен дәмі де, мұрнымызға исі кеп кетті,
Рембрандтың «кір жуып жатқан әйел» картинкасын көргенде мұрныма кірдің исі келіп тұрды деп еді Ғабит Мүсірепов атамыз. Мағанда қазан кәуаптың дәмі кеп кетті шынында Сарығашқа қыдырып бару керек екен. Үйреніп алатын екен.
avatar
«Адам жеу үшін өмір сүрмейді,
Өмір сүру үшін жейді» Сократ.
avatar
Тұрсынбек КӘКІШҰЛЫ,
филология ғылымдарының докторы, профессор:

Латын әліппесіне көшуді біз сәл кешірек қолға алып отырмыз. Латынға көшуге келгенде қатардағы көп­шіліктің бірі емес, академиктің алақандай дипломы, профессорлық мандаты барлардың қайсыбірі кирилица арқылы жарияланған рухани байлықтан алыстап, екі ортада бос далақтаймыз деген өзінің жорамалын айтып, іс басында жүргендерді ойландырып тастады. Әліппе ауыстырудың пайда-зиянын білмейтіндердің үрейшілдігі өзгелерден жаман болады. Атағы барлардың үрейіне іс басындағылар амалсыз үрпиісіп қарайды.
Сондықтан адамзат қоғамының даму бағытын әрқашан естен шығармау керек. Замана ағымына ілесе алма­сақ, сені біреу қолтығыңнан демейді деп үміттенбе! Дер кезінде үрдіске ілеспесең “қап” деп саныңды соғумен боласың.
Латынға көшу керек. Біз қатарымыздан кешігудеміз. Әзірбайжандар бірден көшіп, техника тіліне үйреніп қалды. Ал қасымыздағы Өзбекстан осыдан он жыл бұрын мектептерін латыншаға көшірген. Балалардың оқуын латыншаға көшіру арқылы олардың ата-аналарының да сауатын ашып алды. Оларға енді онша қиындық келмейді. Ал қырғыз бауырларымыз орыс тілін мемлекеттік тіл деп жариялап, көріп жатқан күндері мынау. Ал біздің Қазақстан орыс тілін ресми тілге айналдырып алды да, ана тілін дау-дамайдың объектісіне айналдырып жі­берді. Қазақ қазақпен қазақша сөйлесе алмай әлектенудеміз, тіпті түсіну жағында да қиындық көп. Осындай шындықа көңіл аударған Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстан халықтары Ассамблеясының ХІІ сессия­сында қазақ тілінде іс жүргізуді мемлекеттік қызметкерлерге мықтап ескертіп, латын әліппесіне көшу міндетін алға қойған болатын.
avatar
Қазақ тілі 1929 дан 1940 жылға дейін латын графикасымен жүргізілді, сол тұста басқа салалар былай тұрсын бір ғана әдебиетте қанша туындылар дүниеге келді, әрине тікелей латын графикасының арқасында емес болар бірақ қалай деседе қазақ тілі латын графикасында өзінің қолданылу аясын біршама кеңейте алады, тек қана ғаламторды ойламау керек, латын графикасына қазірде басқа ел тілдері жаппай өтіп жатыр емеспе?
avatar
Талабыңызға нұр жаусын жалпы Омар Хаям шығармаларын белгілі Қуандық Шаңғытбаев ағамыз көп аударған.
Мысалы;
Сұм тағдыр! Сұмырайларға нан бересің,
Су мен жер, үй, салтанат, сән бересің.
Бір үзім нанға зар боп жүргендер көп,
Алмаған адал жанда барма кегің.

Пайдасы, зияныда жоқтан сақта,
Әзілі арға тиер достан сақта.
Барға ырза бейшара — нағыз жомарт,
Әрдайым «Ашпын!» — дейтін тоқтан сақта.
avatar
Қаждамдарыңызға сәттілік тілеймін, тамаша сайт ғұмыры ұзақ болсын
avatar
Би-шешендер шыққан отты ауыз орақ тілді халықпыз біз демекшімін
avatar
Жалпы түркі халықтары оның ішінде қазақ оратор халық би-шешендер қай елде болыпты жалпы.