voli
Деңгейі
+8.49
Күші
14.79

voli

Валихан

Жалған өмір

Өмірдің де бітеді серуені, Көшіп те бара жатыр керуені. Қайда ғана асығады бұл өмір Артта қалып жастықтың дәурені. Алданыппыз өмірден, алданыппыз, Жүргенменен жолынан алға нық біз....

Ана тілім-ардағым

Ана тілім-асыл мұрам, ардағым, Талай жылдар бостандықты аңсадың. Ата-баба заманынан бүгінде Тіршіліктің айғақтығын жалғадың. Туған тілім-өмірімнің бұлағы, Туған тілім-тіршіліктің шырағы. Киелі қазағымның тіліменен Шашылды ғой ұлттың жылы шуағы. Қазақ тілі былғанбаған ежелден, Бабам тілі талай ғасыр жер кезген. Тілім барда жеткіземін ойымды Ішімдегі ақын сырын өлеңмен....

Болашаққа тастар ой-өткенге сыр

Бақыт қой өмір көргенім, Басымнан шаттық өткенің. Балалық кездің жалыны Бір сәтте ғайып боп кеттің. Боз бала, балғын сәттерім, Білмеймін, қайтып берер кім? Басыма қайтып бұл дәурен Белгілі, енді, келмесің. Басқаша болмас қу өмір, Балалық шақта оралмас, Бақытқа қайта бұл көңіл Бұрынғыдай тола алмас… Бір ғана өмір бізде бар, Берілген басқа талай сын. Басты жолдан...

Түңгі мұң

Ұясына батты, міне, Күн дағы, Ертең атар жаңа күннің бір таңы. Салқын самал ағаш басын теңселтіп Маужырады айналамда Түн тағы. Түн жамылдым жаныма мен қайтадан, Жұлдыздар да жымыңдайды мыңдаған. Мұң мен шерге шомылады ойларым Қара түнге шақпай қалған ойларын, Сірә, жоқ қой бұл өмірде бір адам. Түн құшады менің бүгін мұңымды, Ақтарамын оған ғана сырымды. Жұлдыздар да...

Достық

Бөлінбес бір бөлшегі өмірімнің, Келтірдің асыл сәнін көңілімнің. Табылсаңдар сендер әрдайым жанымнан Орындалар арманым барлық менің. Бөлісетін қызығы мен шыжығын, Дос дегенің-жаныңның бір бөлігі. Өмір деген-ұлы жолда демейтін Адал достың жүректері бір үнді. Досың барда қашанда бақыттысың, Адал дос ғана ұғар жаныңды шын. Қиналғанда мұңыңды шағып оған, Жан сырынның ашасын...

Мәңгілік өмір ешкімге жазылмаған...

Алқызыл, сарғыш тартты тағы көкті, Шалғайдан жаздың жылы желі соқты. Қанталап бара жатыр алтын күнде Жазықтарға шашып ол жалын шоқты. Көздерін әрең жауып барады Күн, Ілгісі келмейді оның еш кірпігін. Жан серігі Айменен, міне, бүгін Қара шапанын тағы да іліп алып, Келе жатыр қайтадан қария түн. Қара-ағы өмірдің-күн менен түн. Ертең жоқпыз, бірақ та бармыз бүгін. Өте шығар...

Бақыт

Бақыт деген-бір елес, сәт қас-қағым, Самал желдей есетін ол бір сағым. Өмірдегі ұмытылмас бақытым- Басымнан менің өткен бала шағым. Бақыттың өз құсы бар көрінбейтін, Өзі қалаған адамды тек іздейтін. «Қондырам»,-деп бақ құсын алақанға, Талай адам өтті ғой армандауда. Бақыт құсы қонама әр маңдайға? Қылығыңа қарап-ақ ол таңдай ма? Жақсы-жаман, надан-адал, мейлің арам,...