Жастығым саған өкпем зор.

Көңілдің сызды жарасын. Жасырып қалай тұрасың. Қайғының салып қаласын Қапыда қор боп қаласың. Қаламның жағып сиясын. Жырдан маржан жиясың. Бұлдырап аққан жылғадай, Сезімді қалай тиясың. Өтпелі өмір сынасын. Өкпелі көңіл жыласын. Бір бүгіліп, бір тұрып Түбінде сенде сынасың. Айырмай ақ қарасын. Білмей, ұқпай бағасын. Қайран албұрт жастығым, Қайда кетіп...

Керім-ай

Сенің сұлу жанарыңа байланған Дөңгеленген құпиялы бар ғалам. Саған біткен сұлулыққа көз салып, Еріксізден сезім құшып таң қалам. Сұлулығың шеберлікпен жаралған. Ай мен күннің сәулесінен нәр алған. Өне бойың, балқытатын жанымды Бар гүлдердің жұпарынан құралған. Сенің көзің мөлдіреген ерекше… Көздеріңе қарауменен күн өтсе. Қалайғана ғашық болып сүймейсің. Сезімдерім...

Зулайды-ау күндер.

Өмір шіркін құдай-ау, алдамшы ма еді өтпелі, Сырғып жатыр тоқтамастан, жазы менен көктемі. Ойға салып, санамды менің сан бөліп, Осы ма екен, балалықтың, менен алыс кеткені. Кеше ғана еді ғой, жігіттік нұрын сепкені, Сан қуанышқа бөледі сол дәуреннің жеткені. Тұшынбасам дәміңді, түсінбесем сәніңді, сала алмасам әніңді, Жігіттік маған өкпеле,қарамағын, аямағын, сөк мені....