Бір әннің тарихы: Ақмаржан (Көгершін болып кеткенмін) әні

Ақмаржан әнінің сөзін жазған ақын Баян Бекетова; Осы кезге дейін алты кітабым жарық көрді. Он сегіз өлеңім әнге айналды. 1990ж Есенбай Дүйсенбайұлының редакторлығымен Үмітім менің деген кітабым шықты. Осы кітапқа Ақмаржан аталып жүрген әнімнің мәтіні де кірді. Алғашында екі өлең еді. Кейін ән авторы бір өлеңді шумағы, енді бірін қайырмасы етіп алып, біріктіріпті. Бұл өлеңді кезінде студенттер...