Әнші қызға

Өмір кейде қаласа мұңайтады, Кейде өмір жараса сыр айтады. Сол бір қызбен байланысты сияқты, Өмірімнің гүлденер шырай бағы. Сол бір қыздың шырқайтын ұнайды әні, Есім кетіп тыңдаушы едім құлай-дағы. Алла жазып жалғанда аман жүрсең, Әніңді естіп талай жүрек жылайды әлі. Есіл-дертім өзің болдың арманым, Құдды саған байланғандай бар бағым. Әлем толы қызықтар болса-дағы,...

Арнау,асылдай болған асыл ағатайыма арнаймын

Тоқсан жолды тораптан, Қатал тағдыр оқ атқан. Ағам ау жарқын бейнеңді, Біздер мәңгі жоғалтпан. Сен Біздерді еркелеттің ау, Өмірден ерте кеттің ау. Әттең ай қаза таптың да, Өзекті өртеп өттің ау. Төгейін мұңмен зарымды ай, Жоқсың ау аға жанымда ай. Қайтейік бізде шара жоқ, Тажал деген залымға ай. Арманда кеткен ағам ай, Сарғайды менің санам ай. Тәубе етеміз...

Әкеге тілек

Тағдырдың мойымастан тепкісіне, Жасаған жақсылығын тек кісіге. Табиғи жастық қалпын өзгертпеген, Тәйірі, оған мынау жетпісің не? Көріпті ол сыннан нелер тыс қап, Кешегі кезде де сол қатал-қыспақ. Жауыздарға соққысын берген талай, Автомат пен қайласын қатар ұстап. Өз жолын әрқашанда анық басқан, Елі үшін еңбек еткен жалықпастан. Білеміз жүрегінде оның берік,...