Кісі демі үзіліп, ақыретке аттанған соң оның ет жақын туыстары, әйелі, балалары дауыс салып аза тұтады. Аза тұтқан әйел, еркек өкіріп, өкси жыласады. Көзіне жас алмаған жақын жамағайынға кінә тағып, дауыс салмаған қатын баланы сөгеді. Дауыс салып жылауға ислам діні тыйым салса да, қазақ оны әлі күнге дейін ұмытқан жоқ.
Азалы үйдегі ағайын туыс әуелі бір бірімен жағалай көріседі. «Бауырым...