Оралмас жастық

Сағымға сағынып қарармын. Тұман да түншығып тұрармын. Келмеске кеткен жастығым, Мен сені жоғалтқан шығармын. Ұлықтың ұранын ұғармын. Ұлғайып, үн-түнсіз тынармын. Қимастық сезімі қыдықтап, Амалсыз басымды бұғармын. Жастықтың жанарын жығармын. Сезімді құрғатып сығармын. Уақыттың еркіне көндігіп, Өмірдің ырқымен ығармын. Тебіренген көңілді тиярмын. Қалайша...

Жастығым саған өкпем зор.

Көңілдің сызды жарасын. Жасырып қалай тұрасың. Қайғының салып қаласын Қапыда қор боп қаласың. Қаламның жағып сиясын. Жырдан маржан жиясың. Бұлдырап аққан жылғадай, Сезімді қалай тиясың. Өтпелі өмір сынасын. Өкпелі көңіл жыласын. Бір бүгіліп, бір тұрып Түбінде сенде сынасың. Айырмай ақ қарасын. Білмей, ұқпай бағасын. Қайран албұрт жастығым, Қайда кетіп...

Шумақ

Алаулаған гүлді жұлма, Тамырынан қан шығар. Жас аруды алдай көрме, Көзден жасы тамшылар. Жалғыз жүрген ақмаралды, Атпа достым, қайтесің, Бұл фәниден өз сыңарын, Іздеп жүрген аң шығар.

Ажал айтып келмейді...

… Ажал айтып келмейді бассаң аяқ астында, Қарамайды ол, қарағым, кәрісің бе, жассың ба!.. Талғамайтын тағы да тоқсын ба әлде ашсың ба Жем болармыз бір күні тойымсыз аш қасқырға!.. Ажал алмай тынбайды, әр қадамың санаулы, Ертелі кеш түбі ақыр беретін сол бағаңды!.. Мына жалған тірліктен білмей тойым тобаңды, Айыра алмай кетерміз жақсы менен жаманды!.. Ажал алмай қоймайды,...

Тәтті дүние

— Сіз мені дұрыс түсініңіз. Қазіргі Сізге айтайын деп тұрған хабарым… Дәрігер орнынан тұрып, терезеге қарап бірер минут тұрды. Сонан соң жәйлап бұрылып қарсы алдындағы отырған жасы қырықты шамалаған жігіт ағасына қарады. Бұл да айтын деп тұрған хабардың жаманшылық екендігін сезгендей жанары суланып тұр екен. Бірақ, "әкесі өлгенді де естіртеді". Бұл қаншама дәрігерге қиын,...