ЕРКЕК - БАС, ӘЙЕЛ - МОЙЫН

Жігіттің бағасы білегі мен басында. Арудың сұлулығы көзі мен қасында Наурыз келсе, мұз жатпас, Күйеу келсе, қыз жатпас. Қыз бесікте, Жасау сандықта, Кел де құда түсе бер. Ер азаматты өгіз қылатын да әйел, Нағыз қылатын да әйел. Азамат пен арлан түзде, Әйел мен мысық үйде. Сұлу қыз саған ғашық па, Өзіне ғашық па?! Сұлулық — тойда, Махаббат күнде...