Сабақ 10. Класстар
Бұл — өте маңызды тақырып. Аса қиын емес, бірақ дұрыс түсініп алуыңызды кеңес қыламын. Себебі, бүкіл бағдарламалау — осы класстарға негізделген. Нендей нәрсеге үңіліп қарамасаңызда, түбінде осы класстар жатады.
Класс — ол обьектінің құрылымын анықтайтын шаблон(қалып). Мысалға, машинаның схемасы алайық. Біз ол схемаға қарап машинаның моделін, жылдамдығын, салмағын т.б. мүмкіндіктерін біле аламыз. Бірақ, ол жай ғана көрініс, нақты отырып, жүргізе алмаймыз. Тағы бір мысал, барлық адамдарға ортақ нәрсе: дене мүшелері, қаңқасы, бұлшықеттер, тамырлар жүйесі — «адамдар класын» анықтайды. Барлығымыз бір класстың обьектілеріміз. Яғни, класстан обьектілер пайда болады. Класстың обьектісі болмауы мүмкін, обьектінің міндетті түрде класы болады.
Мысал. «Адам»(person) класын жасап көрелік
Ол үшін проектіге java класс қосып, person атауын береміз.
Үйге тапсырма
1. person класын пайдаланып(өзгертулер енгізсеңіз болады), өзіңізді құрыңыз.
2. «Жануар» класын құрыңыз
3. "Үй" класын құрыңыз
4. «Ел»(страна) класын құрыыңыз
5. «Жер» класын құрыңыз
6. «Планета» класын құрыңыз

class person {
public UUID id;//саусақ таңбасы, UUID - уникалды мән типі
public String name;//есімі
public String surname;//тегі
public float height;//бойы
public float weight;//салмағы
public UUID parentId;//әкесінің саусақ таңбасы
public void run(){/*реализациясы*/};//жүгіру
public void jump(){/*реализациясы*/};//секіру
public void cry(){/*реализациясы*/};//жылау
public void love(){/*реализациясы*/};//сүю
//т.с.с қасиеттер, тәсілдер
}
Бұл — жалпы адамдардың класы. Енді нақты бір адамды құру үшін, класстың обьектісін құру керекпіз. package esep1;
import java.util.UUID;
public class Esep1 {
public static void main(String[] args) {
person president = new person();//president обьектісін құру
president.id = UUID.randomUUID();//ары қарай меншіктеу үрдісі
president.name = "Нұрсұлтан";
president.surname = "Назарбаев";
president.height = 180;
president.weight = 65;
president.parentId = UUID.randomUUID();
}
}
Осымен елбасының обьектісін құрдық. Ол кісі жүгірте аламыз, секірте аламыз, т.б. Дәл осылай басқа кісіні құрып, екеуін сөйлестіруге болады. Керек десеңіз, класстармен бүкіл әлемнің моделін жасауға болады. Ұзын сөздің қысқасы, қазір ең бастысы, класс деген ұғымды түсініп алаңыз. Кітаптың екінші бөлімінде әлі талай класстың өнерін тамашалаймыз.Үйге тапсырма

4 пікір