Шырайлы Шымкент шаһары

Ақ парақтағы ойлар /
— Құрметті жолаушылар! "Қызылорда-Шымкент" бағытындағы жүйіткіген пойыз станцияға келіп тоқтамақ. Жолда сақ болыңыздар!
— Оооо, Шымкент! Оххх, міне Шымкент!

2012 жылдың 27-мамырына жоспарланған демалыс бойынша Шымcity-ге келіп қалдық. Таңғы сағат 8:15. «Шымкент теміржол вокзалы».
Көркем: — АКА, қалайсыңии? (артымнан біреу түртті)
АКА:Ух ты, сәлееем! (қарасам Көркем тұр, ыстық құшақтар айқаса кетті © біртүрлі естіледкен, иә?!)
Көркем: — Қалайсың, қалай жеттің, жәнііім? (қолындағы қорапта торты бар, өзі мәз-майрам)
АКА: — Күшті, шаршамай жеттік. (анау-мынау әңгіме ошым, қатты қуанып тұрмыз)
Көркеммен алғашқы реалдағы диалог дәл осылай басталған болатын. Көркеммен жағдай сұрастық, қолыма қораптағы тортын ұсынды. Әрине, өзі дайындап келген. Сәлден кейін арамызға Берікбол қосылды. Осылайша үшеуміз қысқа уақытта әңгімелесіп, мен келген тобыммен бірге Шымкенттегі саяхатымды жалғастырып кеттім. Ал, Көркем мен Берікбол артта қалды, күдік… жегідей жеген күдік…
Иәәә, Шымкент — жақсы қала! © Вокзалдан шығып тура алдымыздағы үлкен көшемен жүріп, «Ордабасы» алаңына қарай бет алдық.



«Тәуелсіздік» саябағына дейінгі жолдағы Қабанбай батыр ескерткіші.



«Тәуелсіздік» саябағы, маған ерекше ұнаған демалыс орны. Саябақ жобасы қатты қызықтырды.





Патриоттық әуенге тербеліп тұрған әуенді субұрқақ. Әдемі!





Саябақты аралап болып, «Ордабасы» алаңына беттедік. Рәміздер алаңы да бар екен.







Міне, «Ордабасы» алаңына да жеттік.







Жол жөнекей біраз ғимараттарды көрдік. «Кең баба» саябағы, одан қалды «Мега» орталығына бардық.





Жол бойы мынадай әдемі қызыл раушан гүлдерін тамашаладық. Қандай керемет! Кездесуге баратын жігіт қызына гүл алып әуре болмайды екен. :)



Мегада «Жаужүрек мың бала» фильмін көріп отырғанымызда, Көркем хабарласты. Қайтадан кездесіп, ыстық құшақтар айқа… ошым жолықтық. Бірақ көөөп әңгіме айтам ба деп ем, болмай қалды. Көркемнің маған сыйлаған торты. Мәәә, жазбадағы тортты көріп қызықтаған бір бөлек қой, ал дәмін тату деген… мммм, өте, өте, дәмді әрі тәтті болыпты. Тағы да Аллаһ разы болсын деймін, достарымның барлығы мақтап, ризашылығын білдірді. Аллаһ қолыңа дерт бермесін! Келесі барғанымда сені өзіме жеңге қылып ап кететін болдым, дайындал ошым :))





Түскі тамағымызды ішіп, құлшылығымызды жасап базар аралауға кеттік. :))) Достар базар аралауға кеткенде сайтымыздың админі Садық (Қарасақал) хабарласып, мүбәрак жүзін көру бақыты бұйырды. Мына әдемі «Шәмші» аллеясында кездестік.







Ендігі бағыт "Қиял әлемі" паркі.









Паркте жүргенімізде жаңбыр жауа бастады. Жаңбыр астында серуендеген тіпті қызық болды.





Ошым, соңғы аялдама вокзал болды. Біраз жерлерді қызықтап, демалысты керемет өткіздік.



Ал, енді кездесу жайлы аз-маз бұқпасыз, боямасыз өз ойым:
Көркем — сөз жоқ керемет қыз. Шымкенттіктер қимылдамаса, өзім ап кетем. Жүзі жылы, ақкөңіл, күлімдеп қалған әдемі қыз. Сөзінен, тіпті дайындаған тортынан-ақ тиянақты екендігі көрініп тұр. Ниеті сондай таза, өзі нәзік, сыпайы. Таң атпастан келгеніне қарап жүрегінің кеңдігіне көзім жетті. Білмеймін, Көркемге келгенде тисіп, кейде әдейі ашуына тигім келеді. Бірақ ол соның бәрін жете түсінеді, жеңіл қабылдайды. Көңілім болмай тұрғанда күлдіртуге тырысады, пейілінің тазалығы соншалық еш ренжімейді де. Кейде сол кеңдігін артық пайдаланып қоямын ба деп те ойлаймын. Ойнасам да, ұрыссам да, тиіссем де бәрін көтереді. Маған Көркем ұнамайды, себебі оған деген көзқарасым ұнатудан жоғары, мен оны жақынымдай жақсы көріп кеткенмін. Аман жүрші алтыным, осындай әдемі, адал, ақжарқын қалпыңнан танба. Енді қашан кездесеріміз бір аллаһқа мәлім, бірақ мен сенің тілекшіңмін, осыны ұмытпашы.
Берікбол — салмақты, бойшаң, сымбатты жігіт. Біз көп сөйлеспесек те Беко өзінің мейірімділігін танытып, әрдайым көмек қолын созатын адал дос ретінде көрінді. Жақсы жігіт, құрметтеймін. Көркемге тиіскендей тиіскім келген, бірақ оған уақыт болмады. :))))
Ал, Садық ше? Охооооу, Садық – сіздер білетіндегіден де мықты жігіт екен. Ішім пысып отырғанымда «Қазір 10 минутта келем» деді. Анааау бір жерден жайнап, күлімдеп келе жатыр екен. Амандық сұрасып, әңгімелестік. Әдемі әзілімен сөйлегенде риза боласың, бірден баурап алады. Қарапайым, осы қарапайымдылығы маған ерекше ұнады. Айтпақшы, қара сақалы өзіне сондай жарасады, онсыз елестете де алмайды екем. Ажарына ажар қосқан сақалды админ аман болсын деймін. Бәрі керемет болды, ұнады, қала да, ондағы адамдар да. Шымкентке ғашық болдым, келесіде асыға баратын боламын иншАллаһ!



Сонымен қатар рухани демеу болып, хабар алысып тұрған Қырмызыға ерекше алғыс. Көөөп рахмет, дипломыңды сәтті қорғап шығуыңа тілектеспін, жарқыным. Аман жүріңдер достарым, әлі талай айтаберліктердің кездесуі болады деген сенімдемін. Аллаһқа аманат!

59 пікір

Korkem
Ох, жыладым.
Ниетіңе рахмет, мунша комплимент күтпеп едім)))
Рахмет, жаным сол!
qyrmyzy
Сіз де қарап қалмаңыз
Korkem
Жекеде тисем деп еді, жанымды шүберекке түйіп отырсам, мынау деген… тіпті…
pari
Сөз жоқ, жазыпсыз., және тамаша кездесу болыпты.Көркем тамаша қыз екеніңді о баста білгенмін! Менде осылай кездесіп,қашан Көркем апаның тортын жер екенмін:)
qyrmyzy
Маған Шымкенттің суреті емес, сендердің суреттерің керек! Қайдаааа??? Оқа мес! Ілмектегі орамал зашем?
AKA
Орамал Көркемге ғой :))))) Сурет жоқ сол, жекеде көресің ғойии :)
Оқа мес!
???
qyrmyzy
Демеу болдың дегеніңе айтам ғҮә?! Жібер жекеде. Сосын дауно күдіктеніп жүр ем, сен қосылдың, ық ық.
qyrmyzy
Торты Майрош ү ішетіндей екен:) Түрік шайы мен тортт неттік де
Chimaq
W...a...w… міне қазақтың елі....!!!әдемі жер әдемі әдемі жер әдемі балалар+10000
qyrmyzy
Ендіііі, Шымкент қой, Шымкент!
Togzhan
Жазба күшті жазылыпты, қызыға оқыдым))
Шымкент үлкен әрі тап-таза қала екен суреттен.
Yasin
АКА, Қызылорданың қай жеріненсің мен Терең-өзектен боламын негізі, бірақ Шымситидің Сарағашситиінде тұрамын
AKA
Мен Қызылорданың өзінен болам :)
qarasaqal
Не ғой, қаламыздың панорамасын жақсылап көрсеткеніңе рахмееет:)
Не ғо, Шәмші аллеясындағы неке сарайының алдында жолығыппыз ғҰә:)))))
qyrmyzy
Сол, сені нете ма деген ек...әттең-ай ау
AKA
Бәрің жиналып жоспар құрған екенсіңдер ғҰә?!
AKA
Негізі жаман жағын да түсіріп алғам, ол тек өзімде қалады :)
qyrmyzy
енд Көркемнің, менің ұзатуымызға келесің, ИНШ!
dimash
Шым қалада, осыдан 24-25 жыл бұрын туылмағаныма өкініп отқаным-ай…
alikona
Сен осы нешедесін?)))
qarasaqal
Өзінің 356 жасын кеше ғана тойлап, Мартинидің иісінен лоқсып отырған Димаш, үнсіз компьютердің алдында отырып, өткен жайттарды ойлана кетті. © Адам Швайнштайгер. «Мюнхендік Вампир» кітабынан
dimash
Тым жасартып жібердіңіз ғо))
alikona
сонымен шынына келгенде???
AKA
Жекеде сөйлесерсіздер, бәлкім?!
alikona
Кешіріңіз, сізді түсінем көп жазыпты мұнда пікірді…
kaz007
Жайна, жайна Қазақ елі. Шымқалада біраз өзгерістер бар екен ғұә
Ademi
Әдемі
kaz007
аздық етпей ма? ))))
Ademi
Түсінбедім?
kaz007
Алып Шымкентке бір ғана сөз аз емеспекекен дегенім ғо, дұрыс түсіндіре алдым бекен
qarasaqal
оооооооооой, Қазнөлнөлжеті бауырым-ау:) мына тэмпіңмен 127 жасқа келгенге дейін де ешкімді сындыра алмайсың ғой:)))
kaz007
бддшшш))) слабый жерін іздеп жатқан түрім ғо)))
Ademi
Бір ғана сөзбен баға беруге болмай ма? Көп сөз — көмір ©
kaz007
болады, жәй әнгіме болсын дегенім ғо, демек Шымнан емессіз, қайдан болды екени жұмбақ.
Ademi
қатты толғанып отырған сияқтысыз ғой өзі. Ойыңыз шашыраңқы…
kaz007
физическая карта мираны алып инемен іздеп отырмын, ойымды жинай алмай жатырмын, мүмкін жинауға көмектесерсіз
Ademi
таза ауа жұтып қайтыңыз
kaz007
жұтып қайттым, бір ойым Тараздан ба деп қоям, бір ойым Ордадан ба деп қоям, Қазақтың қай жерінді туылды екен Әдемі аруымыз?
Ademi
Қызық! Менің қайда туылғаным/туратыным қызық па соншалықты? Әйтеуір Қазақстанның бір шетіненмін. Қиялыңызға көп ерік бере бермеңіз.
kaz007
ок! осымен тәмәмдайық.балдарға тормоз деп қояд еще
реванш болад

АКА сізден кешірім сұраймын!қап, постын бұздым ау а
AKA
«Бәрі кешіре салумен бітсе, заң мен полиция не үшін?!» © Жәә, болды енді.
Korkem
бқақақақақ, өлтіресің)))
pari
флкдтап тастадыңдаррррррр
pari
аз сөз-алтын ©
akil_kalta01
АКА керемет! Құдды сендермен бірге болғандай болым. Суретте өздеріңнің ашық-жарқын жүздерің жетіспегендей. Әлі кездесулер жалғасады деп сенемін!
balgalym
сол, өздеріңнің суреттеріңді қоймайсыңдарма.
Ais_97
Шымкент керемет жер екен.Шынымен де жазбаңызға рахмет,ұнады!
mairosh
ээээйййй суретте өздерің қайда???? неге түспегенсіңдер?
Көркемнің маған сыйлаған торты. Мәәә, жазбадағы тортты көріп қызықтаған бір бөлек қой, ал дәмін тату деген… мммм, өте, өте, дәмді әрі тәтті болыпты.
мына сөзің мені өлтірді ғой. опшм арманына жеттің))) Мағанда жұғысты болсын
Korkem
Мағанда жұғысты болсын
аумин! )))
pana
Әдемі қала туралы әдемі жазыпсыз!
Келетініңді білмедім, бір кесе ыстық шәйға шақырар едім.
Ия, Шымкент шынымен әдемі қала. Расы ыстық, бірақ жақсы қала ©.
Korkem
ох, толығырақ, толығырақ…
Ademi
Шымкентке бару керек екен өзі. Онда біраз айтаберліктер бар сияқты:)
Korkem
бұқақақақақ, өміріңізде Шымқаланы көрмеп пе едіңіз?
Ademi
Көргім келеді, көктемін, жазын, күзін көргім келеді. Қыстырылыспадым деген ойдамын
Сол сенің тортыңмен шәй ішу керек еді бәріміз)). Ана тортқа қызығып отырмын, Көркем, маладес.
AKA
ИншАллаһ, әлі жүздесерміз. Рахмет, ниетіңе :)))
Korkem
әлі жүздесерміз
муахахахах, өлдім күлкіден)))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.