О дүниеге барып қайтқан түн

Ақ парақтағы ойлар /
Жел қатая түскен.Аспанды торлаған қалың бұлт мөңкіле шығысқа қарай көшуде. Күздің ызғырық желі өне бойымнан өтіп барады. Кенет ұсақ жаңбыр бүркіп өтті. Әлі 7 км жер бар, ауылдың төбесінің көрінуіне. Өзіме де обал жоқ, көнгіш мінезіме салып бәрін тосып кешке қалғаныма. Қорқыныш, үрей де жоқ емес, мына апақ-сапақта ит-құсқа жем болып, бір жерде өлексем қалар. Қасқыр шықса ешкім де құтқарып ала алмайды ғой.
«Қорықпа» деп өзімді батылдандырып, жігерлендіріп қоямын. Өз ойымнан қатты қорыққаным қас-қағым сәтте бүкіл өмірім бейне таспадай көз алдымнан өте шықты. Ауылдың төбесі де көрінбейді, жылдамдықты үдеттім.
Тылсым бір күштің қуатты әсерімен жеті қат шексіз көк аспан әлеміндегі О дүние есігін ашып қашан кіріп кеткенмін, бұл жақ өзгеше екен. Мыналар кімдер?! Ззембілге ұқсаған төсенішпен екі дәу мені алып кетіп, қарсы алдарына жүремнен отырғызып, тергейтіндей нышан танытты.
— Ажалсыз пендем, Сені біз білеміз. Сен Ахметов Жанат Жұмағалиұлысың. Сен о дүниелік болған жандарға үнемі сұрақ жолдап жүресің. «Өліп қалсам, ана жақтан ең бірінші іздейтінім сіздер ғой. Кездескенде қоятын сұрағым көп қой сіздерге» деп іштей сұрақ жаудыратын пенденің бірісің. Қазір бақилық болған ата-анаңмен кездесесің, — деді.
Сарай есігі ашылып, сол суреттен көрген жүзі таныс екі жан есіктен кіріп келеді. Мына жақта күн қалай ыстық, неткен ыстық құшақ, өмірімде дәл осындай ыстық құшақ сезінбедім.

Сағат бір жарым болыпты ғой, бағана жаққан оттың қызуы үйдің іші жылынып қалыпты. Бір шама уақыт ұйықтап қалсам керек…

11 пікір

pari
тамаша жазылған.адамға жақсы әсер сыйлайды екен.Тек неғой шрифтер өтее дәу боп кеткен соны кішірейтсеңіз жақсы болар еді…
Zhanat
өңдеп қойдым.
pari
аха енді жақсы болды :)))
Ais_97
Жақсы жазылған!
qyrmyzy
түсім есімде қалмайтын болыпты…
qyrmyzy
ық ық, сол, режимді қолға алу керек! КЕРЕК дүние өте көп, негізі. Қайран, біреуі де орындалмайды
Manas
Өткенде Рубеннің түсі, енді сіздің түсіңіз))
мүның бәрі үлкен ескертулер)))
qyrmyzy
ық ық, кетЧ! мен де бүгін түс көринЧ
Zhanat
мен бұл түсті былтыр күзде көргем
Zhanat
мен өз түсімді жамандыққа жорымаймын
Manas
Түс жоруға сенбейді екенмін))))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.