"Білмеймін" ...
Мен де білмеймін…
Жазбаны оқымас бұрын мына жерге... бас сұғып кетулеріңізді сұраймын. Әйтпесе, жазбаны түсінбейсіз.
Білмеймін… білмедім… оларды көргенде өзімді қалай ұстау керек екенін білмедім. Негізі, жәй көрме болады деп ойлағам. Әйтпесе өзімді психологиялық тұрғыдан дайындап барар едім… білмедім… Жұмыстан сұранып шығып, кешігіп қалмайын деп асығып бардым. Кірген бойда төрт мүгедектер арбасындағы қыздарды көріп, басқаша жағдайға тап болдым. Ондай сезімді тіпті басымнан өткермеппін…
Білмедім… оларға жақындап не айтатынымды, өзімді қалай ұстайтынымды, қандай әңгіме айту керек екенімді білмедім. Аяу керек пе, қалыпты адам ретінде қарау керек пе, жанашырлық таныту керек пе, мән бермеу керек пе… білмедім…
Біраз уақыттан соң, Баха келді.Анығын айтсам, Баханы әкелді. Тек блогтан ғана танитын Баха келді. Біраз сыртынан бақыладым да, Зевскоға қасына барайық дедім. Алғашында суретке түсірдік. Зевс түсті Бахамен. Ал мен не түсерімді, не түспесімді білмей, абдырап қалдым...қобалжыдым. Түспедім. Түскім келді, бірақ қалай, қайтіп түсетінімді білмедім.
Баханың әжесімен таныстық. Жақында немересі 19ға толатынын айтты. Баханың бар айтқаны «приходите ко мне» болды. Сол сөзді естігенде тіпті өзімді қоярға жер таппай қалдым.
Мұнда Баханың өмірі комикстермен берілген. Онда француз суретшісі НИКОЛЯ Журну Баханың өмірін, отбасы, айналасындағы адамдарды суреттей отырып, мүгедектердің де қызығушылығы, армандары болатынын, сау адамдардан ешқандай айырмашылығы жоқтығын көрсетуге тырысады. Суперқалыпты Баха ми сал ауруына шалдыққан. Бұл жайлы оның бұрынғы емдеуші дәрігері былай дейді: «Бахада спастикогиперкинетикалық форма. Бұлшық еттерінің жоғары тонусына байланысты қол-аяғы жөнді қозғалмайды. Қол-аяқ қимылсыз бір жағдайда ұзақ уақыт болса, буындар қатайып, қайта орнына келмейтін болып қалады. Контрактура қалыптасады. Егер тонус жоғары болса, бала қол-аяғын жөні жаза алмайды. Нәтижесінде бұлшық ет тартылып, сүйек өспей қалады, сондықтан қол-аяқ өспей қалуы мүмкін. Сонымен қатар, Баханың бойында гиперкинез байқалуда, бұл қол-аяқты сыртқа тартады, қолының қазіргі жағдайы осымен түсіндіріледі. Гиперкинез баланың ерік-қалауына байланысты емес »....( Mesqueunblog.kz жинағынан алынды)
Баха да біразымыз сияқты Барсафан. Біз клавта қолымызды жүгіртіп, саусақтарымызбен пернетақтаны тарс-тұрс ұрсақ, Баха аяғымен, башпайларымен клавты ұрғылайды.
Біз күні бойы комптың қасында неше түрлі қызықтары іздеп, көшеге шығуға уақыт таппаймыз. Ал Баха көшедегі қызықтарды терезеден ғана тамашалап, амалсыздан инетте отырады.
Үйге келіп, шәй ішіп отырып, кітапты ақтарып шықтым. Шындығында, Баха біз сияқты қалыпты адам екен. Кемшілігі – арбаға таңылғандығы. Ол да біз сияқты адамдармен амандасады, сөйлеседі, ойлайды, сен жайлы ойлайды, сәбізді жек көреді, Мессиді жақсы көреді, реалфандарды түсінбейді, барсафан, киноға барғанды ұнатады, қарындасы, жанұясы, әжесі, туыстары бар. Баха да бәріміз сияқты инетте отырады, футбол ойнайды (әрине компта).
P.S:Құрметті айтаберліктер, алда Бақытжанның туған күні келе жатыр. Зевско екеуміз сіздермен жиналып, Бақытжанның туған күніне баруды жоспарладық. Бұл тақырып алдағы кездесулерде жалғасын табады

«Білмеймін»
«Білмеймін», бұл кезекті жазбаны бірлесіп дайындау барысында мен қойған сұрақтарға берген Баханың сүйікті жауабы.
«Білмеймін».
«Білмеймін».
Жазбаны бітірген соң біз шәй ішеміз немесе ас үйде отырып алып бір тәрелке палау жеп аламыз, компьютер ойнаймыз немесе аулада қыдырамыз.
Уақыт өтіп жатты, ал мен үйге оралған соң барлық жауаптардың басын қосып, біріктіруге тырыстым.
Қазір «Білмеймін» деген сөз мен үшін де қалыпты жауапқа айналып кетті… ©
Білмеймін… білмедім… оларды көргенде өзімді қалай ұстау керек екенін білмедім. Негізі, жәй көрме болады деп ойлағам. Әйтпесе өзімді психологиялық тұрғыдан дайындап барар едім… білмедім… Жұмыстан сұранып шығып, кешігіп қалмайын деп асығып бардым. Кірген бойда төрт мүгедектер арбасындағы қыздарды көріп, басқаша жағдайға тап болдым. Ондай сезімді тіпті басымнан өткермеппін…
Білмедім… оларға жақындап не айтатынымды, өзімді қалай ұстайтынымды, қандай әңгіме айту керек екенімді білмедім. Аяу керек пе, қалыпты адам ретінде қарау керек пе, жанашырлық таныту керек пе, мән бермеу керек пе… білмедім…
Біраз уақыттан соң, Баха келді.Анығын айтсам, Баханы әкелді. Тек блогтан ғана танитын Баха келді. Біраз сыртынан бақыладым да, Зевскоға қасына барайық дедім. Алғашында суретке түсірдік. Зевс түсті Бахамен. Ал мен не түсерімді, не түспесімді білмей, абдырап қалдым...қобалжыдым. Түспедім. Түскім келді, бірақ қалай, қайтіп түсетінімді білмедім.
Баханың әжесімен таныстық. Жақында немересі 19ға толатынын айтты. Баханың бар айтқаны «приходите ко мне» болды. Сол сөзді естігенде тіпті өзімді қоярға жер таппай қалдым.
Мұнда Баханың өмірі комикстермен берілген. Онда француз суретшісі НИКОЛЯ Журну Баханың өмірін, отбасы, айналасындағы адамдарды суреттей отырып, мүгедектердің де қызығушылығы, армандары болатынын, сау адамдардан ешқандай айырмашылығы жоқтығын көрсетуге тырысады. Суперқалыпты Баха ми сал ауруына шалдыққан. Бұл жайлы оның бұрынғы емдеуші дәрігері былай дейді: «Бахада спастикогиперкинетикалық форма. Бұлшық еттерінің жоғары тонусына байланысты қол-аяғы жөнді қозғалмайды. Қол-аяқ қимылсыз бір жағдайда ұзақ уақыт болса, буындар қатайып, қайта орнына келмейтін болып қалады. Контрактура қалыптасады. Егер тонус жоғары болса, бала қол-аяғын жөні жаза алмайды. Нәтижесінде бұлшық ет тартылып, сүйек өспей қалады, сондықтан қол-аяқ өспей қалуы мүмкін. Сонымен қатар, Баханың бойында гиперкинез байқалуда, бұл қол-аяқты сыртқа тартады, қолының қазіргі жағдайы осымен түсіндіріледі. Гиперкинез баланың ерік-қалауына байланысты емес »....( Mesqueunblog.kz жинағынан алынды)
Баха да біразымыз сияқты Барсафан. Біз клавта қолымызды жүгіртіп, саусақтарымызбен пернетақтаны тарс-тұрс ұрсақ, Баха аяғымен, башпайларымен клавты ұрғылайды.
Біз күні бойы комптың қасында неше түрлі қызықтары іздеп, көшеге шығуға уақыт таппаймыз. Ал Баха көшедегі қызықтарды терезеден ғана тамашалап, амалсыздан инетте отырады.
«Киноға баруды жақсы көретін тағы бір себебім, залда жарық сөнген кезде бәріміз бірдейміз. Бәрі ортақ бір фильм көреді....» ©
Үйге келіп, шәй ішіп отырып, кітапты ақтарып шықтым. Шындығында, Баха біз сияқты қалыпты адам екен. Кемшілігі – арбаға таңылғандығы. Ол да біз сияқты адамдармен амандасады, сөйлеседі, ойлайды, сен жайлы ойлайды, сәбізді жек көреді, Мессиді жақсы көреді, реалфандарды түсінбейді, барсафан, киноға барғанды ұнатады, қарындасы, жанұясы, әжесі, туыстары бар. Баха да бәріміз сияқты инетте отырады, футбол ойнайды (әрине компта).
P.S:Құрметті айтаберліктер, алда Бақытжанның туған күні келе жатыр. Зевско екеуміз сіздермен жиналып, Бақытжанның туған күніне баруды жоспарладық. Бұл тақырып алдағы кездесулерде жалғасын табады
45 пікір
(Қырмызы, роботтар да трансформацияланады, кейде)
сыйлық футболға қатысты болу керек… бірақ доп емес. онымен ол ойнай алмайды. көңіліне келіп қалуы мүмкін… басқа бір нәрсе… білмим, мүмкін «Фифа» ойынының жаңа соңғы, лицензиялы версиясы… мүмкін, жақсы көретін командасының шарфы, футболкасы…
былай қылайық.
Қырмызы мәселе қылып көтеріп ертең бөлек пост жаз. әйтпесе пікір арасында қалып кетеді.
әр қаладан жауаптылар болсын. мысалы шымкенттен Көркем. Ұмытпасам Қырмызы алматыдасың ғой. яғни сен жауаптысың. әр адам жеке жеке теңге салғанша жауаптылар жинап алып бірден сала салсын. Егер туған күні 23-нен кейін болса онда Көркем барлығына хабарласып айтып қой, сол күні жиналған кездеріңде алып келсін беретіндерін. сол жерден жинап алып ертеңіне сала саласың. Қырмызы пост астына реквизиттерді көрсетуді ұмытпа. мүмкін мысалы Оралдан 1-ақ адам болуы мүмкін. солар жеке сала береді.
сосын, подаркіге қатысты. Қырмызы именной открытка жасатып ал. астына «Айтабердің» логосы болсын.
пока осы.
Екі қыздың әкесі отырғанда бізге қайдағы ұйқы?Жақсы, ертең анықтап алып, пост жазайын. Рахмет, АРБ!
Иә, Алматыдамын. Туған күні қазан не қарашада:)
Открытканы фотошопта ойнайтындар жасаса… Почтаға салса, шығарып аламын.
егер осы игі тірлікке бөлек қауымдастық ашылса дұрыс болар еді. барлық осындай шаралар сонда жинақталатын…