Қыз күнделігінен |1

Ақ парақтағы ойлар /


Жолдар...Ұзын… Бітпейтін жолдар… Әркімнің мекеніне апаратын жолдар. Тайғақ. Кедір-бұдыр. Тегіс. Асфальт. Цемент. Саған апаратын жолды таппаймын. Іздедім. Жоқ. Адастым. Жолдан адастым. Тұра келе жатыр ем. Кедір-бұдыры көп екен. Шаршадым. Жалықтым ондай жолдан. Күшім бітіп барады…


Жоқсың. Барсың. Алыссың. Арамыз суық. Керексің. Керек емессің. Керексің. Түсінші, іздеймін сені күнде. Жүрген жолдарымыздан, өзгелердің өмірінен, адамдар арасынан. Таппадым… таба алмадым. Қайдасың, жарығым?!



Бойымдағы күш-жігерімді жинап күнде сені іздеймін. Ал сен… Үнсізсің. Тірісің бе… әлде жоқ беймәлім. Кеттің. Ораласың ба?


Сені көрдім. Байқамадың. Әлде байқадың ба? Жүрексіндің бе амандасуға? Неге? Бітпейтін сұрақтар… жауапсыз сұрақтар… сен жалтаратын сұрақтар… неге?? неге??? неге???


Ғайып болдың. Өміріме жалт етіп сәуле бердің де жоқ болдың. Қараңғы. Қорқынышты. Суық. Тоңдым.


Махаббат. Осы ма? Үнсіздік па? Тұрақсыздық па? Жауапсыздық па? Қинайсың… түсінші… бір сәт… мені де...



Қарсы тұрамын. Жеңемін бәрін де! Мықтымын. Түсіп кетеді деп ойлама. Уақыт керек. Сұр әлемге үйренуге уақыт керек. Өміріме әртүрлі түс беретін басқа жан жолығады. Бірақ… ерекшесің. Менің ерекшемсің! Менікі… тек қиялмдағы менің ерекшем… тек қиялдағы… қиял…


Күлемін. Ішімде қуыс. Өзімді бақытты етіп көрсетемін. Себебі бақыттымын. Сен барсың. Мен жұтып жатқан ауаны да сен жұтасың. Мен басқан жерді сен де басасың. Мен жүрген жермен сен де жүресің. Бақыт… қиялдағы бақыт...



Күн де жалғыз. Ай да. Қарама-қарсы бір-біріне. Мүмкін біз де… жолымыз тоғыспайтын шығар. Бірақ тырыссақ, бәрі болады деген өзің емес пе? Тебілмейміз, ортақ дүние көп деп айтқызған өзің… енді…


Іздеймін. Үзіліссіз. Күні-түні…
Махаббат кинодағыдай емес. Көзілдірігіңді шеш! Сыйластық болса, жетеді. Бәрі сыйластықтан басталады. Мейлі басқамен бол, мейлі… бірақ олай етпеші. Қинамашы. Жүрегін ауыртпашы.
Іздеймін. Сенің орныңды басатын жанды іздеймін. Сен жұлып алған жүрегімнің бір бөлігін өз жүрегінің бір бөлігімен жамайтын жанды іздеймін. Мейірімді болса екен…


Күн. Менің де жарық күнім туады әлі. Саспа. Сабырлылық…
P.S: Оқиға ойдан шығарылған.

27 пікір

mairosh
Іздеймін. Үзіліссіз. Күні-түні…
Махаббат кинодағыдай емес. Көзілдірігіңді шеш! Сыйластық болса, жетеді. Бәрі сыйластықтан басталады. Мейлі басқамен бол, мейлі… бірақ олай етпеші. Қинамашы. Жүрегін ауыртпашы.
Іздеймін. Сенің орныңды басатын жанды іздеймін. Сен жұлып алған жүрегімнің бір бөлігін өз жүрегінің бір бөлігімен жамайтын жанды іздеймін. Мейірімді болса екен…
Korkem
Кеттің. Ораласың ба?
эээх
VVVWWW
«Стихотворение в прозе» деген жанр ғой бұл, (поэзияға жақындау дегенім ғой) қазақша мұндайды сирек кездестіресің (қысқасы жақсы жазылған)
ereke_enu
Сақалдың ізімен…
ereke_enu
Қайғы-мұңсыз махаббат махаббат па? Жақсы қыздарға жақсы жігіттер табылады түбі
pari
«Мына жүрек тіл алмайды,
Сені есінен шығармайды.
Қайда десем, мекеніңді?
Аң да, құс та, біле алмайды.»

осы өлең жолдарымен байланыстыруға болады.

Жақсы жазылған. Ғашықтық жазбада атаулы сөйлемдер көп қолданылған, сонысымен тартымды көрінді маған.:)))
Karakulov
Сезімге қатысты тағы бір тақырып. Тағы да оқып көрейін деп шештім. Әдеттегідей, тағы да еш түсіне алмадым. :-(
Korkem
түсіну үшін жүрек керек қой адамға
kema
jas ulgaigan saiyn korgenin osy ma?! Krizis jaman krizis, sony ne bolar eken?...(((
Zhanat
жазбаңды баспа үйлеріне табыс етуге кеңес беремін. Қыздар тосып жүрсе де білдірмейді ғой
qyrmyzy
жоға, осы болады… жалғасын жазыватырмын
pana
Сыйластық болса, жетеді. Бәрі сыйластықтан басталады.
ахааа!!))
AyKoN
Көзіме жас алдым… әсерлі…
qyrmyzy
қой, жылағаны нес? Шығарма ғой жай ғана. Бәрі керемет менде
Aikona
Суреттермен керемет безендіріпсің! Қыздардың ішкі ойы бір әлем, түсініп көр…
qyrmyzy
рахмет! Иә, шегі жоқ
sultan_yerkebulan
Жалпы жақсы жазылған, кейбіреулер түсінбейді бірақ
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.