Қуаныш сыйлаңыз әрқашан!
Алматы. Таң. Жұмыс. Аялдама. Күту. Қоғамдық көлік. Кептеліс. Кешігу. Ескерту алу…
Таңертең ерте шықтым жұмысқа. Бір жақсысы — бірнеше автобуспен баруға болатын мүмкіндігім бар. Бір автобустан жалыққан соң екіншісімен барамын. Сол күні 63ке отырдым. Көңіл-күй тамаша! Орын да табыла кетті. Баяғы әндерімді тыңдай бастадым. Күн де әдемі…
Универдің аялдамасына тоқтады автобус. Біраз тұрды. Көзім бір қызға түсіп кетті… жүрегім ауырды. Әдеміше киінген. Тіпті «балмұздаққа» да ұқсамайды. Таң атпай… Көзінің жасын сүртіп жіберіп, алысқа көз тігіп тұрды қыз.
Неге? Кім ренжітті екен? Не үшін таңмен жылайды? Сабақ басталатын да уақыт емес. Әке-шешесін сағынып жылады ма екен? Бір мәселе мазалады ма? Ауырып тұр ма? Жұмбақ… Неге жылағаны белгісіз.
Жыламаңыздаршы, қыздар. Жылатпаңыздаршы қасыңыздағыларды да. Шешіледі бәрі.
Жақсы көңіл-күй сыйлаңыздаршы бір-біріңізге. Бір күн бар, бір күн жоқ… өкінбеу үшін артынан. Мүмкін онымен соңғы рет тілдесіп тұрған шығарсыз, кім біледі?
Пысы: Сіз үшін маңыздылығы төмен кез келген іс-әрекет айналаңыздағылар үшін керемет дүние болуы мүмкін.
Есіңізде болсын: «Жалғыз қаздың үні шықпас».
31 пікір
Жақсы көңіл-күй сыйлаудың жолдары көп. Шәйнектер үшін оны да жаза аламын.Досыңыз қиналып жүруі мүмкін. Сіздің түкке тұрмайтын дүниелеріңіз оны титтей болса да қуантуы мүмкін.мүмкін соңғы постым шығар… ертең не боларын ешкім білмейді ғой.Драма көрген жақсы. Қарап отырып жылаған сияқты боп ішіңдегіні шығарып аласың...Әзіл ғой. Жылаватқан жоқсың ба?;)Қой, жылағаны нес?? Ят емес пе?)әдемі қыздарға… мүмкін… «барлық мәселе шешімін табады» десеңіз түсінер ма едім…
Жазба ұнады (эмоциясын (көңіл-күйін) өте тамаша жеткізген)
Үйдің кенжесі болғандықтан үйде ешқашан басымнан сөз асырып көрмегем,үйде ешқашан айғайлап ұрсқан емес, сол себепті болар біреу ауыр сөз айтса болды бірден көзіме жас үйіріледі. Мектепте де мұғалімдер ұрсса әрең шыдайтынмын. Сондай бір келеңсіз жағдай болған болар. Өткінші болғай. Ешкашан көзіміз жас төкпесін.
көріп жүрміз өкпешілдің талайын
Өшігуді қояйықшы біреуге
Кешірімді болайықшы Ағайын