Кел, Қараша!

Ақ парақтағы ойлар /


Күздің соңғы айы. Уақыттың зымырап өтіп бара жатқаны айтпасам да түсінікті. Күнделікті күйбең тіршіліктің соңында жүріп, кейде айналамыздағыларды да ұмытып кетеміз. Бір сәт тоқтап, өткеніңізге көз жүгіртіп жіберіңізші.

СТОП!

Не істедіңіз? Қандай жетістікке жеттіңіз? Неге үлгермедіңіз? Қандай жоспарларыңыз амалға аспай қалды? Нені ұмыттыңыз? Не істемеу керек еді....

Тым алысқа бармай, өткен айды сараптап жіберейік.

Үйіңізге, әке-шешіңіздің қалын сұрап қанша рет қоңырау шалдыңыз? Достарыңызбен жиі кездестіңіз бе? Үй шаруасына араластыңыз ба немесе соңғы рет азық-түлік сатып алғаныңыз есіңізде ме? Кітап сөресіне өткен айда жоладыңыз ба? Жаңалықтарды күнделікті қарап отырдыңыз ба? Газет сатып алдыңыз ба өткен айда? Ал, достарыңыздың туған күнімен құттықтауды ұмытпадыңыз ба? Кімге, қандай жақсылық жасадыңыз? Өткен айда кімді қуанттыңыз? Тосын сый алып көрдіңіз бе? Жасадыңыз ба? Сүйіктіңіз өткен айда қанша рет ренжіді? Қанша рет сізге риза болды… бітпейтін сұрақтар...

ӨТКЕН АЙ НЕСІМЕН ЕСІҢІЗДЕ ҚАЛДЫ, СОНЫМЕН? ОСЫ АЙ НЕСІМЕН ЕСТЕ ҚАЛУ КЕРЕК?

Көп ойлана бермеңіз, шашыңыз ағарып кетер. Тек іспен, күшпен, ақылмен, ниетпен амалға асыру керек бәрін.

Ендеше, қолыңызға досыңыз сыйлаған, сатып алған, тауып алған, шаң басып жатқан, біреу бере салған блокнотыңызды алыңыз да, осы айға жоспар жасаңыз.
Не істеу керек? не істелінбеді? Неге? осы үш сұраққа күнделікті жауап жазып отырсаңыз, біраз уақыттан соң санаңызға жатталып, «ойыншықтарыңызды» қалай лақтырғаныңызды сезбей қаласыз.

Рахмет саған, РЕФЛЕКС!

Бастысы — қорқпаңыз! Жоспарлаудан қорқпаңыз.Мынауым минусталады енді жоскы ©

Айтаберліктердің қандай жоспары бар екен? Төмендегі пікірлерге көз жүгіртіп шығыңыз:

mairosh

Қараша айында айтарлықтай жоспарларым жоқ. Бұл ай тыныш күйінде қалатын сияқты, бірақ тыныш қалдырмай өзгеріс орнатуға тырысамын ғой. Ошем, алдағы күндерімді бір Құдай білер не болатынын, тек жақсылық күтемін. Іштей сенем осы айда өмірімде үлкен бір өзгеріс болатынына, мүмкін болашақ жарымды осы айда кездестірермін)), немесе жұмысымда үлкен бір өзгеріс болар, дәрежем көтеріліп немесе айлық табысым көбейіп жатса, ол да жақсылық қой. Адам тек жақсы нәрселер ойласа жақсылықтарға жетеді, ал жаман ойласа, жамандықтарға жолығады. Сол үшін жақсы нәрсе ойлап, осы айда тек жақсылық күтейік.


rauan

Мен осы караша айынын алдыңғы апталарындағы демалыста жақсылып демалып, сосын барып тестке дайындаламын… Ал карашаның соңында туған күнімді жақсылап, позитивті түрде өткізуді жоспарлап отырмын =))
Қараша айында тек сыйлыктар күтемін =) (Me gusta)… Және де қараша айында басталған «Кока кола» жаңа жыл рекламасы басталғанына каттыыыыыыыыы куаныштымын…
Қараша айы — THE Best!!! =))

kema :

Алдағы жоспар — ғылыми жоба жазу. Мүмкіншілік болса, дисертацияма да көңіл бөлу. Садық Шерімбекпен жасалып жатқан жұмысты бір жақты ету. Және басқа да ауқымды жұмыстар да күтіп тұр. Айтпақшы, 14-қазанда ЕНУ-дің жатақханасында Әзірет сұлтан мешітінің имамымен кездесу жоспарланған. Осы айда ауа райы жақсы болса екен деп тілеймін. Бір пенденің келетінін күтем…
Жұмбақ кейіпкер:

Осы айда Алладиннің лампасын тауып алғым келеді. Қайда екен? Қайдан іздесем екен…
Біреудің "Қараша айы" болғым келеді. Біреу менің "Қараша айым" болса екен… Екеуіміз Қараша айында қосылып, осы ай өмір бойы жалғасса екен...


Ал сізді Қараша айы жоспарына кіргізіпті ме екен? Күтейік! Осы ай қуанышымен, қызықты сәттерімен, жаңа достармен, қимас кездерімен есте қалуына тілектеспін. Бәріне үлгеріңіз!

Пысы: Блокнотыңыз қайда?

Сурет, фбдағы жеке парақшаларынан ұрланды:)

22 пікір

Ayala
Қырмызы, жазба керемет, айтарға сөз жооқ.
Әр айларыңыз, күндеріңіз, сағаттарыңыз, минуттарыңыз, секундтарыңыз қуаныш пен ғажап күндерге толы болсын…
Майрош, табыс тілеймін, қалаған мақсатыңа жет, Бақытты бол
Рауан, демалыс кундеріңді қызықты өткізіп, тестдан жоғары бал жина, Буйырса келе жатқан Туған күніңмен!

Кема, буйырса дисертацияңды әдемі қорғап шық.
<code>Алдағы жоспар — ғылыми жоба жазу</code>
сәттілік және Күткен адамыңмен жақын арада кездесуіңе тілектеспін…

Сіздерге СӘТТІЛІК тілеймін, әр күндеріңіз КЕРЕМЕТке толы болсын, Айтаберліктер
qyrmyzy
Рахмет. Аяла, мәңгілікке аялап өтсін:)
Zhanat
Үйіңізге, әке-шешіңіздің қалын сұрап қанша рет қоңырау шалдыңыз? Достарыңызбен жиі кездестіңіз бе? Үй шаруасына араластыңыз ба немесе соңғы рет азық-түлік сатып алғаныңыз есіңізде ме? Кітап сөресіне өткен айда жоладыңыз ба? Жаңалықтарды күнделікті қарап отырдыңыз ба? Газет сатып алдыңыз ба өткен айда? Ал, достарыңыздың туған күнімен құттықтауды ұмытпадыңыз ба? Кімге, қандай жақсылық жасадыңыз? Өткен айда кімді қуанттыңыз? Тосын сый алып көрдіңіз бе? Жасадыңыз ба? Сүйіктіңіз өткен айда қанша рет ренжіді? Қанша рет сізге риза болды… бітпейтін сұрақтар…
Достармен жиі кездесе алмадым, бірақ ай басында студентік ылдар табыстырған достырымды көріп қайтым Семейге барып. Әзірге өзіме қарап тұрғасын күнделікті араласуға тура келеді. Бір ақ рет жазда бастаған кітабымды қолыма алдым, бірақ жарты сағатқа жетпей тастадым. Оқуға тартпады. Жаңалықтар басталғанда күнде тамақ ішеміз, тыңдағың келмесе де тыңдатады, апам телевизордың даусын 80ге апарып қояды, жаңалықтардан бір өліп қалған шалын көрсететіндей))). Газет сатып алмадым, журнал алдым. Достарымның туған күнін ұйықтап жатқанда сұраса тура айтамын, олардың туған күнін ұмытпаймын. Жасаған жақсылығымды айтып мақтанбай ақ қойайын, Өзімнің жүрегмідегі жанды қуантым. Иа алдым, Түлкібастағы бұрынғы әріптесім, бір қорап алма мен бір қызық біз жақта жоқ қауын мен долананың тосабын жіберіпті, қатты қуандым. Көп ренжіді, көп қуантада білдім. Бітіп қалдыма сұрақтар))))))))))
Осы айдың бүгінгі күнінен көп жақсы жаңалық күтемін. Содан кейін жақында мен үшін қымбат жанға ота жасалынады, соның сәтті өтуін тілеймін. Күз молшылық мезгілі дейді, күздің соңғы айы барлығымызға молшылығымен қатар берекелі ай болсын.
Бізде бүгін қар қалың жауып, қыс түсті.
Ademi
Түлкібастағы бұрынғы әріптесім, бір қорап алма мен бір қызық біз жақта жоқ қауын мен долананың тосабын жіберіпті, қатты қуандым.
оляяяя, қандай кучт! Тосап жемеглі қай заман.
Баяғыда тосап жапқанда, кішкентай кезімде, мама, мынаны қашан жейміз десем, қар жауғанда дейтін. Қар жауса, кампот ішем, тосап жеймін деп:)
Қар… біөзе тауда жауыпты қар, әдемі көрініс… Қырт-қырт, қырт-қырт деген дыбыс шығады ма?
Zhanat
иә шығады))
Ademi
Сәттілік! Болды ма? Өтті ма?
Zhanat
жоқ, сағат 2де. уақыт өтер емес
Ademi
Сабыр, сабыр. Бәрі жақсы болады, ИНШ!
Aikona
Қазірше екі ғана жоспарым бар…
qyrmyzy
ық ық, құлағыма сыбырлашы
Ademi
Осы айда біраз дүниелер орнына келеді деп сенемін, негізі. Өзгерістер де:)
ereke_enu
Қолымнан ештеңке келмейді. Әлемде екі неудачник болса, соның бірі мен. Және бүкіл адам атаулыға қапалымын, оның ішінде қыздарға, оның ішінде біреуге — көзіме көрінбесін… мм… тағы не? Ұмытып барады екем, ойыбаааааай => +00.(бұл жолы смайликсіз, ық ық). Көзілдіріктің түр-түрі бар, тек розовыйы жоқ екен, неткен бақытсыз едім. Ох, тағы бір негатив сөз — МЕН БАҚЫТСЫЗБЫН!!!
qyrmyzy
Принцип! Онымен ештеңеге жете алмайсың!
ereke_enu
RDXT2-8B73F-H3WM4-KHXP8-WXCVW
Abylai
бырат? не болып жүр саған?
ereke_enu
жай, еркелікке қой. Безобид амиго
MSHERIMBEK
Windows Lisenz Cody причем тут? Әбесни мне пападробния?:)
ereke_enu
білмейм буферде қап кетіпті)
ereke_enu
Ренжіме. Әшейін ойнап отырып, прикол ретінде жаза салғам. Оны всерьез қабылдап қажет емес та еді, керісінше, оның үстіне прикол тастап-тастап жіберетін кісісің ғо. Эх… Сен де жұмыстан шаршап жүрсің ау дим да?))) Вобшым, давай. Бүгінгі күн тамаша өтсін!
AKA
Қараша, қазан, желтоқсан т.с.с. емес, жалпы әр күніме шүкір етемін. Жоспарларым бар, иншАллаһ іске асып, нәтижелері жақсы болар. Барлығына да сәттілік, алға қойған істеріңіз берекелі болсын! :)
Jako
Ох, тағы бір негатив сөз — МЕН БАҚЫТСЫЗБЫН!!!

Ереке, Бақытсыздықты сезінудің өзі нағыз бақыт.Егер Аллатағалам адамды сол бақытсыздықты сезіне алмайтын етсе нағыз бақытсыздық сол болар еді.Негізі бақытсыздық деген, алдамшы, салыстырмалы, баламалы ұғым.Себебі біреудің бақытсыздық деп жүргені келесі біреуге қол жетпейтін бақыт болып көрінуі әбден мүмкін.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.