"Махамбет мазары"

Ақ парақтағы ойлар /
Ассалаумағалейкум, Айтаберлік қауым!
Мен өзім 9-сынып оқушысымын. Қазақ әдебиеті кітабына Махамбет Өтемісұлының зиратының орналасқан жері туралы қате кетіпті. Менің анам Махамбет бабамның ұрпағы болып келеді. Махамбет Өтемісұлы туралы оқып отырғанда… Кітапта былай жазылыпты:
Ақынның зираты Атырау облысы, Махамбет ауданындағы Қарой деген жерде. Қазір ол жер «Махамбет ойы» делінеді. Сол жердегі ауыл Махамбет атымен аталады.
,-деп жазылыпты. Анам естігенде таң қалды. Кітапта неге қате жазады деп. Апайымда қате екенін айтып, қайда орналасқаны туралы мәлімет берді.
Кітап туралы мәлімет:
Қазақ әдебиеті (9-сынып)
АЛМАТЫ «МЕКТЕП» 2005
Авторлары: Ақшолақов Т., Жұмажанова Т., Қалиев С., Дүйсебаев С.


Сонымен, Махамбет бабамыздың зиратының орналасқан жері: Атырау облысы, Индер ауданының ар жағында неше километр жерде екенін білмеймін, бірақ, Қаракөл деген ауылға бара жатқанымда көргенмін. Жолдың оң жағында белгі тұр. «Махамбет мазары» деп жазылған қаңылтыр. Стрелка бағытталған оң жаққа. Сол оң жаққа бағытталған қара жолмен жүре берсе Махамбет мазарына апарады. Ұлт-азаттық көтерілістің басшыларының бірі Махамбет бабамыздың зираты туралы мәлімет қате жазылмауы керек деп ойлаймын. Қазақтың қара домалақ балалары жастайынан осылай қате оқыса, өскенде не болады? Бұл әщейін қате емесқой. Индерден Атырауға дейін бағыт алатын тасжолдың сол жақ жанында орналасқан Махамбет ауданы бар. Индерден 80 км жерде. Бірақ ол ауданның Махамбет бабамызға ешқандай қатысы жоқ. Ал кітапта осы Махамбет ауданында деп жазылыпты. Міне, кітаптағы қате осы. Кейде алгебрадан да есептер қате беріледі, жақсы, ол ешнәрсе етпес. Ал, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Махамбет туралы осындай қате кетуі дұрыс емес! Бар айтарым осы.

5 пікір

yesbolat83
Сәке, сенің бұл ойың өте орынды және қолдаймын. Тек қана осында айтқаның аздық етпейді ма? Арнаулы басқармаларына немесе баспаға жауаптыларға ескерту керек секілді, меніңше. Ұлық тұлғаларымыздың тарихын қате жазу деген масқара емес пе? Мейлі ол кітаптарды жинап алмас қайтадан, әйтеуір ескерту ретінде қалады ғой өз іс-шараларында. Немесе ескерер сөзіңді.

Түзелуіне себепкер болғанмын деп мақтанып жүрерсің, бір кездері .)
pari
иә. Тіпті тарихи қате десекте болады. Рахмет сізге!
Orxantai
жараисын інішегім оте дурыс жазагансын енді бірауыз жогаргы жактагыларга аитып кор созин жерде калмас
satirik92
Ал кейбір қазақша оқулықтағы тапсырмалар тура жазылмайды. Қарындасымның оқулығынан бірнеше рет байқадым және олимпиададағы тапсырмалардың қазақшасынан көрі орысшасын жеңіл түсінесің!!!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.