Қолшатыр астындағы сезім (байқау)

AitaberPress /
Бұл екі жастың жолы қолшатыр астында тоғысқан болатын…



Жігіт: Ол әдеттегідей таңғы сағат 8:00-ден кешікпей ұйқысы қанып оянды. Асханаға барып, газ плитасына шәйнекті қойды да, өзі жуынатын бөлмеге кетті. Жуынып боламын дегенше шәйнек те қайнап, таңғы шәйін асықпай, баппен ішіп алды.

Қыз: Қоңырау дыбысы. Көзін уқалап әрең ашқан сүйкімді ару, сағатқа көз салды. «8:30?! О, жоооқ, сұмдық-ай, кешіктім!» деп, орнына ұша түрегелді. Бірден жуынатын бөлмеге барды да, апыл-ғұпыл бетіне су тигізді, асханаға қарауға шамасы да болмады. Қолына ілінген киімді асығыс киді де… аяқ киімін таппай әлек болды. Шашылып жатқан аяқ киімдер арасынан өзінікін тапты, іле-шала төплиін сүйретіп, қолына сөмкесін ұстады да далаға атып шықты.

Жігіт: Бұл уақытта жігіт сыптай киініп, күнде жүріп өтетін жолымен асықпай келеді. Көк аспан, жасыл желек, баққа апарар жол, қарсы тұрған көпқабатты үйдің шатыры. Мұның барлығы оның көңілін көтеріп, қуаныш сыйлайтын. Осындай көтеріңкі көңіл-күймен ол жол жиегіне де жетті. Асықпай 1-2 көлікті өткізді де, жолаушылар жүретін ақ жолақпен көшенің қарсы бетіне адымдады.

Қыз: Жүгіріп келеді, шашы алба-жұлба, оны сәндеуге де уақыт жоқтығын сезеді. Жол жиегіне енді жақындай бергені сол еді, дәл алдынан автобус та өте шықты. Көлік ұстамақшы болып қолына соза бергенде, үйде құжаттары мен керекті қағаздарын ұмытып кеткенін білді. Кері қайтуға болмайды, онсыз да баратын жеріне 30 минут кешігіп қалды. Іштей: «Қап?! Енді не істесем екен… Мейлі, түнгі сағат 02:30-ға дейін отырып жаттағанымды есіме түсірермін» — деді де, метроға қарай жол тартты.

Жігіт: Метроға билет алып, эскалатормен төмен түсті. Ол еш асықпады, себебі барлық уақыты тура есептеліп қойылған еді. Метроға да келді, байыппен ішке кіріп, бос орынға жайғасты.

Қыз: Есігі жабылғалы тұрған метроға үлкен қарқынмен қыз да үлгеріп мінді. Кіре бергені сол еді, қарсы алдындағы сөмкесі бар апайды қағып жіберді. Жәй сыбырмен: «Көзіңізге қарасаңызшы?!» дегендей болды. Метроға кіре бере ентігін басып, алба-жұлба болған шашын түзетпек еді, бірақ оған шаштары көнбеді. «Құрсыншы, тұра берсін» дегендей қолын сілтеді де, алда болатын презентациясына іштей дайындалып, түні бойы жаттағандарын есіне түсірмек болды. Кенет көзі қарсы бетте отырған салмақты жігітке түсті. Бір көргенде оны іштей жақтырмады: «Мұндайлар ешқашан кешікпей жүретіндер, үйінен шығарда тіпті қолшатырын да ұмытпаған шығар?!» деп ойлай қойғаны сол еді, жігіттің сол жағында тұрған қолшатырды байқады. Неге екені белгісіз, бірақ сол қолшатыр қыздың ашуына тиіп, біртүрлі жағымсыз әсер етті.

Жігіт: Ойға шомып отырған жігіт метроға жүгіріп кірген қызды көрді де, ойы бұзылып кетті. Оған қарап іштей: «Қоңырауды жарты сағатқа ерте қойса да болады ғой, осынша асықпас еді… Өзі де алба-жұлба екен, «Асыққан шайтанның ісі» деген осы болар бәлкім?!» деп ойлады. Іші пысқандықтан сол қызға қарап, бақылай бастады. Бірақ олар метрода ұзақ болмады. Келесі аялдамадан түспек болып, қыз есікке қарай беттеді. Жігіт те сол аялдамадан түсетін еді, алдынан өтіп бара жатқан әжейді асықпай өткізді де, метродан түсті.

Қыз: Асығыс метродан шығып, эскалатордың баспалдағымен жолындағы адамдарды итере жоғары көтерілді. Шығу есігіне жақындай бере, кілт тоқтап қалды. Далада жаңбыр құйып тұрған еді. Тіпті нөсерлетіп жауған жаңбырдан көліктер де жүруін тоқтатыпты. Адамдар жинала бастады.

Жігіт: Адамдардың жиналғанын көріп, «Не болды екен?» деген қызығушылықпен есік жаққа жақындады. Жаңбыр. Шелектеп жаңбыр құйып тұрған еді. Қолындағы күртесін киді де, қолшатырын аша бергенде… оны көрді. Қатты жаурап қалған, көздері мөлдіреген сол аруға қарап, орнында тапжылмай тұрып қалды. Үрпиген шаштарын жаңбыр жуып тұрған қыздың жанына жақындап: «Сізді шығарып салайын ба?» деді.
~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~
Міне, дәл осылай метрода жолыққан екі жас қолшатыр астында табысты. Қара түсті қолшатыр үлкен әрі өте ыңғайлы еді. Жігіт күртесін сүйкімді арудың үстіне жауып, қолшатыр астына алды. Осы сәтте сүйкімді ару тән ғана емес, жан жылулығын да сезінгендей болды. Қолшатырлы жігітке алғысын қалай білдірерін білмей, мейірімді көздерімен ұрлана қарап, қолынан қысты. Қолшатырдың асты жылылық, мейірім, махаббатқа толы болатын. Екі жас бір-бірін үнсіз ұғынып, осы сәттің аяқталмағанын тілегендей. Олар үшін әлем тоқтап қалып, тек екеуі ғана бардай көрінді. Бақытты, себебі қолшатыр бұл жұпты тоғыстырған болатын...

Пы.Сы. Байқаудың 2-кезеңінің шарты бойынша жазылды.Түпнұсқа орыс тілінде берілді, шарт бойынша қазақшаға аударылды. Жазбаны толық оқып, айтар ұсыныс, сын-пікірлеріңізді күтемін.



31 пікір

Qarabala_95
Iw pistiradi winimdi aitsam okigan jokpin.endi erinbei okitindar bar wigar.Jalpi RaXmeT.
Karakulov
мен әуелі асытындағы пы/сы-сын байқадым. Сайысқа қатысты дегесін толық оқып шықтым.
Берген бағам: авторы АКА дейді.ммм… орысша нұсқасында сезімдер, суреттеулер толығырақ, әсерлірек етіп жеткізілген. Қазақшамыз салыстырмалы түрде төмен деңгейде екен. Кей жерлерде орысша жазған автордың айтқысы келген ойымен біздің автордың назар аудартқысы келгені екі түрлі сияқты. Ал ең соңғы жағындағы бөліктері мүлде аударылмаған, жанрына қарап өзіңіз керек емес деп шешкенсіз ғой, сірә, дұрыс та шығар.
Жалпы, осы сайтқа тіркелгеннен бері АКА-ның атын аз естімедік. Тәжірибелі, қай жағынан алсаң да сынға төзімді авторлар қатарына жатқызатын ем. Егер қайта мүмкіндік берілсе, қайда қызығырақ етіп жазатын шығар жеп қорытындылаймын.
ҚТҚ/МТҚ: дауыс беруге қатыспадым.
AKA
Рахмет, алдағы уақытта ескерермін.
AKA
Лишьбыпікірлеусиндромы
qyrmyzy
Мәләдес жұрттар:) Не байқау, тағыы да махаббат жайлы байқау ма деп шошкетсем:))))))) Жарайсееең!
kozy
Мяяяя, АКАААА:) Темаша аударма:)
Zhassiko
Айтарға сөзім жоқ..)) Мәләдес жұрттар:) Сіздің эссеңіз өте ұзын екен, өте жақсы аударыпсыз…
Qarabala_95
Men post jaman degenim jokkoi — ti orinindi jerde beru kerek!Ex!
Mzafar
Қызық, өте қызық! Себебі, орысшасына қарағанда қазақшасы әлдеқайда әсерлі шыққан. Меніңше әдетте керісінше болатын еді… Бәлкім бұл аудармашының шеберлігі болар?
qyrmyzy
Қыздар, ыңғайлы, екі адам сиятындай, үлкен қолшатыры бар жігіт жолықсын! Аударма керемет!
Rustem
Армандама ақ тоқты, қыстың күні кок шопти, мундай любофты армандамаңдар әхәхәхә!
не енді армандауға да болмай ма не? онда тұрған не бар? бұндай махаббат хикаясы әрбір қыздың арманы…
AKA
Қойшы-әй өзің!
Zhanat
Ака күшті аударыпсыз. Рахмет
Zhassiko
бердік жолымызды дейтін Қырмызының көрінбегенін қарашы…
Araika
Аударманы сырттай көз салып өткен біреу «диалог түрінде екен» деген ойға қалмас үшін, тыныс белгісіне өзгеріс енгізсең…
Togzhan
Қызықты екен)) Аударма деп ойламаппын))
Korkem
муахахах тамаша аударыпсың, мынаның жалғасы қайдааа?!
AKA
Қайдағы жалғасы?! Өзім өзгеріс енгізіп, қалағанымша жазамын деп ескерткенмін. Сөзбе-сөз аудару міндет емес, негізінде бұл эссе ұнамаған болатын…
Korkem
Korean_Boy_5113
Қандай байқау?? Айтсаңдаршы қатысып кетейін…
AKA
Мына өлеңді бүгін ғана тауып алдым, тура осыған келеді екен. :) Шамалы ғана өзгерту енгізсе болғаны.

Қолшатыр
Сабаққа қарай көшемен,
Нөсерге қарсы төпеген,
Қолшатыр астын тасалап,
Асыға тарттым төтемен.

Жейдемен шыққам желігіп,
Кеудемнен кетті жел ұрып.
Көршінің қызы кенеттен,
Перідей қалды кезігіп.

Мүсінін жаңбыр сабалап,
Мысымды менің табалап,
Шыдамай барып шатырды,
Ұсындым қызға аялап.

Жүрегім мұндай соқпаған,
Қолынан ұрды тоқ маған.
Анары бейне қос тамшы,
Кеудеге барып тоқтаған

Малмандай шашы қап-қара,
Мойынын жатыр жастана.
Аймалап тәнін су жейде,
Бақыттымын дейді мақтана.

Бұл ойым мүмкін қызбалық,
Бірақ та кеттім қызғанып.
Орайын тапты қолшатыр,
Жоламаушы едім жүз барып.

Мүмкін бұл сонша жасықтық,
Нөсердей сәттік ғашықтық.
Қолшатыр куә бәріне,
Аңғармай сонша асықтық.

Ақжауын бәрін үйретті,
Білемін ол қыз ізетті.
Мектепке жетіп қойыппыз,
Қолымыз тағы дыз етті.
Азанбеков Асхат
қай байқау? қайдан қосылса болады?
AKA
Ендігі қорытындысы шығады, кешігіп қалдыңыз. Алдағы уақытта қатысарсыз, бұйыртса.
didi0393
кушти екен. романтика! мен басынан оқып жатқанда бұл сіздің жазбаңыз шығар десем.но ниче аудармасы керемет екен! сындым аудармаңызға!
иә КЕРЕМЕТ!!! ұнады))
followme_alik
Қоңырау шалуға рұқсат етіңіз ?! <3 ))))))))
Abylai
Ахаха бірлік сұра бірлік xD
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.