Позитивті сөзжұмбақ
«Няғып жылайындевотсың?! Істеп беремін ғой, уайымдама :))» деді сонда ол күлімсіреп.
Оооой, несін айтасың, сұмдық программист екен өзі. 2-3 күн болды көңіл-күй нөл, тіпті минусқа кіріп кеткенсің ғой.



Негізі айтпағым басқа еді, қазір сөз арасында әңгімемді жалғастырармын. Ал қазір сіздерге сөзжұмбақ жасырайын дедім. Бір жағынан байқаудың соңғы шартынан құтылып, екінші жағынан сіздерге қызықты етіп уақыт өткізу болсын. Тәәәәк, төменде көрсетілген ұяшықтарды толтыруларыңыз керек. Сіздерге оны толтыру үшін карта нұсқаулығын беремін. Сол нұсқаулықты қолдана отырып, сөзжұмбақты шешулеріңіз керек.
Иә, иә, осы ұяшықтарды әріптермен толтырсаңыз болды, жауабын таба қоясыз. :) Енді сіздерге жол көрсететін нұсқаулық төмендегідей:
1. Сайтымыздағы assetova деген сұлу қыздың достығында Назерке есімді қолданушы бар. Осы қолданушының жазған соңғы пікірінің 72-ші әрпі.

2. «Шахмат пен дойбы әлемі» блогында 5-ші наурыз, 2012 жылы жазылған жазба бар. Сол жазбадағы екінші пікір иесінің өзі туралы жазған мәліметіндегі 49-шы әріп.
3. Өзі туралы мәліметінде«???????????????????» мынадай етіп көрсеткен қолданушы бар. Сол қолданушының ауылы туралы жазған жазбасына екінші болып пікір қалдырған қолданушының профиліне өтіп, 29-шы наурыз, 2012 жылы жазған жазбасындағы 12-ші пікірдің 94-ші әрпі.

4. «Әлеуметтік сауалнамалар» блогын қосқан қолданушының достығынан Jakss есімді жігітті табамыз. Сол жігіттің 13-ші сәуір, 2012 жылы жазған жазбасындағы бірінші пікір иесінің профиліне өтіп, соңғы жазған жазбасының тақырыбындағы 15-ші әріпті аламыз.
5. Бату тауы туралы жазбадағы видеоны мұқият тыңдаймыз да, сонда айтылған 9-шы сөздің 3-ші әрпін табамыз.

6. yerbol89 деген жігіттің профиліндегі сайтқа өтеміз де, оң жақтағы «Барлық санаттарға» көз жүгіртеміз. Сондағы ең көп сұрақ пен жауап жазылған санаттағы 11-ші шілде, 2012 жылы қойылған соңғы сұрақтың 16-шы әрпі.
7. Сайтымыздың Вундеркиндінің достығында минусталған (-8.01) қолданушы бар. Соның ең алғаш жазған жазбасындағы 105-ші әріп.

Ал, басталды, бұл алғашқы сөзді табуға арналған нұсқаулық. Мұны іздестіргенше бағанағы әңгімемді жалғастырайын. Ошым, компты жөндеп отырып, біраз әңгіме айтып тастаппыз. Оның флешкасындағы әндердің бәрі өте көңілді екен, оның үстіне қатты қойып тыңдаған соң ба, әлгі уайым, көңілсіздіктен арыла бастағандаймын. Өзі де соооондай позитивті адам.![]()
Тоқтай тұрайын иә, сөзжұмбақты жалғастырайық. Енді келесі сөзді табуға дайынсыздар деп ойлаймын. Кеттік...
8. Ең құрметті және ең жасы үлкен ағамыздың сүт турасында жазған жазбасындағы 58-ші әріп.
9. Шымкенттік айтаберліктердің кездесуінде түсірілген Ерболдың видеосын мұқият қараймыз. Осы видеоның 0:26 секундында көрінген адамның профиліне барып, 5-ші шілде, 2012 жылы жазған жазбасын табамыз. Осы жазбадағы алғашқы видеоның 0:50 секундындағы сөздің 1-ші әрпі.

10. Ең көп пікір жазылған тақырыпты ашып, жүзінші пікір иесінің профиліне барамыз. Осы қолданушының 177-ші пікірінің 1-ші әрпі.
11-12-13. Арнайы сұрақ: (осы сұрақтың жауабын табу арқылы бірден үш әріпті аша аласыз) Септік жалғауын табуыңыз керек. Ол үшін m170785 атты қолданушының 23-ші шілде, 2012 жылы жазған жазбасындағы алтыншы пункттың төртінші сөзін табуыңыз керек. Осы құпия сөз, қай септік екендігін анықтап береді.

Сөйтіп көңілім көтеріліп, жадырай бастадым. Жұмысындағы талай қызықтарды айтып берді, өте күлкілі жағдайлар көп болыпты. Күліп, біраз әзілдесіп отырып компты да жөндеп бітейін деп қалды.
Сосын… күте тұрыңдар, қазір жалғастырамын. Енді соңғы бір сөз қалды, сосын сөзжұмбақты шешіп боламыз.
14. AqSaqal атты қолданушының достығында «өз руының таңбасы» бар жалғыз қолданушы бар. Сол қолданушының ең көп пікір жазылған жазбасындағы 44-ші әріп.
15. Үздік авторлар қатарында жетінші орында тұрған қолданушының жиырма төртінші жазбасындағы 34-ші пікір иесінің 27 шілде 2012, 14:17 жазған пікірінің 100-ші әрпі.

16.
«Ой мен жақсымын ғой)))»өзі туралы мәліметте осындай ақпарат қалдырған жігіттің достығында үш қана әріптен тұратын (ағылғынша төрт) қыздың профиліне өтеміз де, соңғы жазған жазбасының тақырыбындағы 4-ші әріп.
17-18-19. Арнайы сұрақ: «Ұсақ» сөзінің антонимі.
Бітті! Сәл ғана ойлансақ тездетіп әріптерді де табуға болады. Әлгі әңгімем бітпей қалды ғой, ошым компьютерімді жөндеуге алып кетті. Өзі жахсееее жігіт екен, көп нәрседен хабары бар. Бастысы, маған көөөп позитив сыйлады, сол үшін оған алғыс!
Уа, айтаберліктер! Тату болайық, бауырмал болайық, бастысы бір-бірімізге ұдайы жақсылық, күлкі сыйлап жүрейікші, жарай ма?
Осы сөзжұмбақты алғашқылардың бірі болып шешкен адамға үлкен атақ, мәртебе бар демесем де, плүсті жаудырамыз :)) Сәттілік, алға айтаберліктер! :)
Пы.Сы. Жазба байқау шарты бойынша жарияланды. Сұрақтар автордың ойымен келтірілген.
52 пікір
9-ші әріп воопще миымды жеді. Ерболдың жазбасын іздеп, видеодан Ербол екен, қайтіп профиліне кіріп,қайтіп жазба іздеп, сол жазбадан айтылған видеоны таппай қалу- Ғығы))
Қысқасы келесі кереметтей мінезіңмен тұспа-тұс келген мақал шықты:
«Туралық — хақтың мейірі»
Рахмет. Қуанып та қалдық ((((:
2)Е
3)Таба алмадым
4)А
5)Н
6)Ы
7)Р
8)
Соңғы рет 14 әріптен жаңа тақырып ашса ше обшм -1 мынадай жұмбағына
Жігіттер өтпей қалды!