Кел, қатыс, бақ сына!


Армысыздар, құрметті Айтабер сайтының қолданушылары!
Мінеки, әп дегенше соңғы қоңырау да келіп қалды. Бұл шыны керек, барлығы үшін қуаныш! Енді ол соңғы қоңырау күні құр кетпесін деп байқау ұйымдастырмақшымыз.
Байқау бұл жолы өлең шығару сайысы болмақ. Сонысымен ерекшеленбек. Өлең тек қана соңғы қоңырауға мектепке байланысты болуы шарт! Айтабер сайтының қолданушыларының көбісі ақындар екен.Сол себептен шабыттарыңызды шыңдап бақтарыңызды сынап көріңіздер.


Байқау шарттары:
1.Өлеңде дөрекі, боқтық сөздер болмауы тиіс.
2.Қалжыңдап шығаруға рұқсат, тек артық емес.
3.Өлең құрығанда екі шумақтан кем болмауы тиіс.
4.Өлең мағыналы болсын.
5.Тақырыбы болсын және мәнді болсын.
6.Тек қазақша сөздер қолданыңыздар.
7.Мұғалімдерге, мектепке тіл тигізуге мүлде рұқсат жоқ!
8.Авторлық құқықты бұзушылыққа тыйым салынады(біреудің жазғанын, кітаптан көшіру).Бұзылған жағдайда сайттан бір жылға қудаланады!


Байқауға қатысу құқығына иелер: Айтабер сайтының барлық қолданушылары!

Байқау ұйымдастырушылары: Қуанышбек Мұқамбетов(kuka097 ) Сағыныш(pari )

Сыйлықтар:
Қатысқандарға: сайттағы профиліне 3 балл;
1 орынға: 400 бірлік + 7 балл;
2 орынға: 300 бірлік + 7 балл;
3 орынға: 200 бірлік + 7 балл.


Демеушіміз әрі қолдаушымыз: Айтабер сайты
Садық Шерімбек (QARASAQAL )

Өлеңдеріңізді мында жіберіңіздер: [email protected] және [email protected] поштасына немесе Айтабер сайтындағы профиліме kuka097 жеке хат ретінде жолдаңыздар!

Өлеңдерді қабылдау уақыты мамырдың 25-і күні сағат 12:00 де аяқталады.


Сарапшылар әрі әділқазылар:
Сағыныш, Садық Шерімбек және мен Мұқамбетов Қуанышбек !

Кереметтей шабыт тілеймін! Сонымен кірісейік!
Рахмет!


Пы.сы: Өлеңдер байқау аяқталғанша құпия сақталады! Байқау қортындысы байқау біткен соң төрт күннен кейін белгілі болады және арнайы постпен марапатталып сыйлық та табыс етіледі!
Жәнеде сурет Сағыныштың қолынан шыққан туынды)

94 пікір

ақындарға таудай шабыт тілеймін, әсіресе Бағашардың өлеңдерін күтемін)
qarasaqal
Ал, ақындар, шабыңдар)
Korkem
Өлеңдер құпия сақтала ма, әлде авторлары құпия сақтала ма? Жіберілген өлеңдерді мында астына пікір ретінде қалдырылмай ма?
Сол жағын ойланып жүрмін, Көркем өзің айтшы авторын атамай өлеңдерді пікірге жаза берген дұрыс па?
Korkem
Иә, солай етсең қызығушылық бәрінде де туындайды. Өзің пікір ретінде, авторын құпя ұстап жаз.
солай етем онда, кеңесіңізге рахмет!
6 әріп, екі буын… Ол — МЕКТЕП))

Мектебім, алтын ұям, пәк мекенім
11 жыл еш алаңсыз ойнақтадым
Енді ұқтым сол сәттердің тәтті екенін
Бір қоңырау қалайша жоймақ бәрін?

Бір қоңырау талайды жылатады
Мектеппен мәңгілік қоштастырып
Артынша оқушыны жұбатады
Студенттік өмірмен достастырып

Мұңды үнді соғылды бір қоңырау
Қандырмастан құрышын құлақтардың
Жақпаса да ешкімге бұл қоңырау
Ашушы ол көздерін бұлақтардың

Алтын ұям, жастықтың жасыл гүлі
Мекеніне айналған бек сенімнің
Соңғы естілген қоңырау(дың) асыл үні
Ақ батасы деп білем мектебімнің

13.05.2012/
сағат13:30
ARGYN бір өлең атты))
Арғынау өлеңді құпия түрде жібермеймісің маған жібер жеке хат ретінде өшір мыннан)))
)) жоқ а тұра берсін… қазір ғана келген шабыттың сыйлығы болды бұл өлең… Байқау үшін емес…
сондада байқауға бір өлең арнап жіберіңіз ақынсызғо)
)) шабыт қайтып кетті))) жараса осы өлеңді байқауға алыңдар)))
әрине, керемет өлең шабытыңыз шалқи берсін!
раааааахмет))
kozy
Арғын ағам мықты...)))
№ 1-інші қатысушы)
Мектебім, алтын ұям, пәк мекенім
11 жыл еш алаңсыз ойнақтадым
Енді ұқтым сол сәттердің тәтті екенін
Бір қоңырау қалайша жоймақ бәрін?

Бір қоңырау талайды жылатады
Мектеппен мәңгілік қоштастырып
Артынша оқушыны жұбатады
Студенттік өмірмен достастырып

Мұңды үнді соғылды бір қоңырау
Қандырмастан құрышын құлақтардың
Жақпаса да ешкімге бұл қоңырау
Ашушы ол көздерін бұлақтардың

Алтын ұям, жастықтың жасыл гүлі
Мекеніне айналған бек сенімнің
Соңғы естілген қоңырау(дың) асыл үні
Ақ батасы деп білем мектебімнің
pari
охо жаман емес
Korkem
5.Тақырыбы болсын және мәнді болсын.
мынаның тақырыбы қайда?
құдоой тақырыбын ұмытыппын Мектеп еді тақырыбы))
pari
ЕНдеше ақындар шабыттарыңызды шақырып, шын ниетпен қатысыңыздар.Іске Сәт!
Manas
Бәріңе сәттілік!!!
pari
Манас бағыңды сенде сынап көр!
Мүмкін 400 бірлік Манасқа бұйырар)
pari
бәріде мүмкін
Manas
Ал, жарайды менде бақ сынап көрейін.400 бірлік ұтып кетіп жатсам, Куканың құлағына алтын сырға!
pari
: жымиған смайлик:
Ais_97
Айтқаныңыз үшін мың рахмет, бақ сынап көрейік!!!
pari
әрине орын алуға тілектеспін!
Ais_97
Сонда өлеңдерді осында қалдырсам болама?
pari
сіз жазбаны оқымаған көрінесіз! Жазбаны толықтай оқсаңыз бәрін түсінесіз!
түсінді түсінді)
mairosh
Мұны білгенде арнайы өлең шығарып дайындайтын едім ғүәәәә((( бірақ әзіп кеш емес))) Ертеннен бастап бір өленді шығарып тастау керек тәк қандай тақырыптаа....
Мектеп, мектеп))іске сәт Майрош керемет өлең шығарып жібер!
№2-інші қатысушы
Мектебім балғын шағым

Сүйікті аяулы, пәк мектебім,
8 жыл болыппынғой мен сеніменен
11 жыл бірге болып жїрейік біз
Аяулы жарқыным, сен мектебім!

Ұстаздар қуантады бізді әр кез
Білімім тереңдейді сол мектептен
Қоңыраудың сыңғыры мектепті тербеткенде,
Мектеп кезі түрлі сырлы,ғажайып бір әлемдей!!!

Көңіліміз жадырап сол бір кезде
Достарыѕмен жїресіѕ бақытты.
Сыныптастар мен үшін жанұямдай
Құрметтеймін оларды өте-өте!

Ал сабақта бітуге таяп қалды,
Құттықтаймын сіздерді соңғы қоңыраумен!!!
Мектепті әрқашан да ұмытпай-ақ
Есімізге алайық сол бір шақты!!!
pari
охооо жарайсыңдар!, келіңдер,қатысыңдар, жеңіске ұмтылыңдар, бақтарыңды сынаңдар, достар, асығыңыздар, уақыт шектеулі.
AKA
Ойбайоооу, не дегГен өлең, құдайым-ау?! Қиқу-қиқу, аридаш-даридаш бопты ғой.
Ais_97
Менің шығарған өлеңім жарияланыпты қуаныштымын!
№3-інші қатысушы

Нәрім
Ақ үміт, асыл мақсат бойымызда,
Білім алу болды тек ойымызда.
Өмірге қадам бастық жақсы үмітпен,
25 мамыр күні қоштастық та.

Қимадық мектепті біз сол кездері,
Алтын ұя, мектептің түлектері.
Мінеки, енді біздер азаматпыз,
Еліміздің бетке ұстар жүректері.

Мектебімді мен жиі еске аламын,
Балалығымды, еркелігімді арқаладың.
Сонда да, жалықпастан білім беріп,
Қазір де, «шәкіртім!» деп мақтанасың.
мынау керемет өлең екен!
Асығыңыздар алты-ақ күн қалды)
pari
ақындар қайдасыңдар,, тезздетіңіздер, асыңыңыздаар,,,!!!
qarasaqal
мен қатыссам бола ма?:))) ертең жіберейінші егер болатын болса:)
pari
әрине, болады, жіберіңіз:)
онда әділқазы құқығынан айырыласыз)))
banzaika1990
Мектебім менің мектебім,
Неге өртеніп кетпедің.
Білім бердің сен маған,
Қайдан шықтың оңбаған! )))))))))))))))))))))))))))))
Білім бердің сен маған,
Білім алған адамға ұқсамайсыңғо))
pari
Мектебім менің мектебім,
Неге өртеніп кетпедің.
Білім бердің сен маған,
Қайдан шықтың оңбаған! )))))))))))))))))))))))))))))

эээ мынауыңыз заңды түрдеее,,,, адамауи, немесе қылмыс,
ЕРЕЖЕДЕ:
1.Өлеңде дөрекі, боқтық сөздер болмауы тиіс.
7.Мұғалімдерге, мектепке тіл тигізуге мүлде рұқсат жоқ!
делінген., сондықтан ережені толықтай оқып шығыңыз! ато банға кетіп қалуыңыз мүмкін:)
жо ол байқауға емес жай пікірге жазып жатыр)оған біздің қатысымыз жоқ админдер қарай жатар
pari
Кука сондада ол мектепке кір келтірді! Сондықтан бізде оған жәй қарай салсақ болмас, ертең бара-бара өлеңге де жазбасына кім кепіл?!
ондай өлеңдер бірден өшіріледі жәнне автор бір жылға қудаланады!
pari
дұрыс:)өтее дұрыс)))
banzaika1990
ойбууу((((( бұдан былай тәртіпті Айтаберлік болуға сөз беремін
жәрәйді) соның ақысына байқауға керемет өлең шығарып маған жолдаңыз!
pari
соның ақысына байқауға керемет өлең шығарып маған жолдаңыз!
меніңде айтарым сол:)
banzaika1990
жай көңіл үшін айтылған сөз еді, Айтабер ақындарына шабыт ретінде.))))))))))))))))))
Manas
Мектебім менің мектебім,
Неге өртеніп кетпедің.
Білім бердің сен маған,
Қайдан шықтың оңбаған!
Мынау бізде кейбір балалардың сүйікті әнұранығо.Меніңде
№4-інші қатысушы

Жас түлек
Мектебім менің екінші үйім,
Ұстазым ана әр кезде
Қалықтап әнге шалқыған күйім
Алтын ұямыз бар бізде

Оқыдым менде оқыдың сенде
Балалық шақты өткеріп
Ақын боп мені қостың сен әнге
Ғалым боп тұрсың сен керіп

Қазір сен енді қоштасып тұрсың
Қимастықпен қарайсың
Мектебің сенің әр кез есіңде тұрсың
Жас түлек болдың, жарайсын!
qyrmyzy
салмақтылау ештеңе көрінбеді ғой дим көзіме
онда өзің бір өлең жазып жіберсеңші байқауға)))
qyrmyzy
ық ық, алма ағашынан банан сұрадың-ау ©
ыхих ыхих несі бар қиын болмас
qyrmyzy
жәрәйт, күт! бірақ сыйлық міндетті түрде берілуі тиіс!
pari
барлығы сыйлық үшін жүр екенғо
№5-інші қатысушы

Менің Мектебім
Жер көгеріп, мейірім күн көкте күлген,
Құттықтаймын биылғы жыл көктемімен.
Сіздерге сәлем жолдап тұрған бүгін,
М.Әуезов мектебінің шәкірті Мен.
Баршаңызға ыстық сәлем ала келдім,
Шығыстағы Әуезов мектебінен.

Қалада орын тепкен күнгей жақтан,
Шәкірттермен күні батып, таңы атқан.
Білімнің құдығы боп келе жатқан,
Мың сәлем біздің кәрі шаңырақтан.

Мектебім шаңырағым кием еді,
Қадірлеп, мақтан тұтып жүрермін мен.
Қарашаңырақ атанған бұл мектепке,
Мұхтар дана атағы беріліпті.

Осы шаңырақ ішінде,
Біз он едік, он едік
Бәріміз бірге жүргенде
Сарқылмастай көл едік
Айырылмастай дос едік.
Бір сыныпта отырған
Бір жыл туған төл едік
Бір ұядан ұшатын
Балапандай боп едік.

Біз отырған партамыз
Ана тұрған тақтамыз
Бәрі естен кетпейді
Біз кетті де налыма
Оқушылар тағы бар.
Оларды да қабыл ал.
pari
Кука Атыраудың бір ауданында да Мұхтар Әуезов мектебі бар… Мынау қайжақтың адамы ???
Шымкенттік-ау шамасы!
pari
аа қызық, сонда мектептерге санына қарамай Әуезов есімін бере беруге болатын-ау шамасы:)
Әр обылыста бола береді біреуден
pari
Ай, жарайсыңдар! жазығдар, жаза түсіңдер!
мен сол Мұхтар Әуезов мектебінде оқимын
pari
Не?
мен сол Мұхтар Әуезов мектебінде оқимын атырау обылысындағы
Ais_97
Кука сен де Атырау облысыма Құлсары қаласы менің сол жақта ағайыным бар өзім де Атырау облысы Тұщықұдық селосынанмынғой!
followme_alik
.. .өстіп- өстіп ЗеМаларымызды табамыз деее)
№6-ыншы қатысушы

Қош бол, менің мектебім!
Әл есімде ең алғаш әліппені ашқаным,
Оқуға деген жігермен мектеп табалдырығын басқаным.
Сабақ айтып күн сайын,қол көтеріп отырушы ек,
Сол бір кездер келмейді,өтіп кетті қас-қағым.
Әлі есімде бұзықтықпен, сабақтан талай қашқаным,
Апайларды тыңдамай, парталарды ластадым.
Қателікпен жасаппыз, түсіндік енді бүгін де
Қош бол енді мәңгіге,қош бол менің ұстазым.

Бірге күліп ойнаған, бірге өткізген қыс-жазын,
Бірге бөліп бір нанды, сүттің ішіп қаспағын.
Сол бір кездер келмейді,әр жаққа енді кетеміз,
Қош бол енді мәңгіге,қош бол менің достарым.

Еске алып бәрін,қоштасып жатырмыз міне бүгінде,
Түлектер тұр ғой, соңғы қоңырау төрінде
Көз жасын тыймай, мектеппенен қоштасып,
Соңғы соққан қоңыраудың үніне.
мынау керемет өлең екен!
Manas
иа,, шынымен керемет екен, осы 1 орын алатын сияқты, ақын екеен өзі аа
Ais_97
Байқаудың қортындысын бүгін айтасыңдарма? Соны күтіп жүрмін.
4 күннен соң
pari
ал Кука сараптайтын, мадақтайтын кез келген сияқты, нәтижесін күте тұрыңыздар!:)
Ais_97
4 күннен соң деп айтқан едіңіздер қорытындысын сіздерден күтем.
Manas
Қортындысы жоқ байқау
pari
Сабыр, сабыр...!
Ais_97
Қорытындысын қашан айтасыздар?
pari
Сабыр түбі-сары алтын:)))
Ais_97
Жарайды күтейік, бірақ шешімін айтуды ұмытпаңдар!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.