1 жыл - 1 жазба

Құрметті, сайтымыздың қымммбатты достары! Мінеки, өздеріңізбен бірге әне-міне дегенше 1 жыл да өте шықты. Тағы 5 күннен соң «Айтабер» сайты 1 жасқа толғалы отыр. Жетістіктеріміз бен сәтсіздіктерімізді кейін санай жатармыз. Қазір әңгіме басқа.
Барлығымыз осы сайттың достарымыз. Иә, бұл сайттың иесі жоқ, бұл сайт сіздерге тиесілі. Осындағы админдер алғашқы қадамды жасағанымен, ешқандай қаржылық қолдау яки басқа да факторлардың әсерінсіз 1 жыл өмір сүруі өздеріңіздің арқаларыңыз, достар! Барлығымыз да өзіміздің дүниені, өзімізге жақын нәрселердің, жақын жандардың әрқашан биікте болғанын қалайтынымыз рас. Осы уақытқа дейін біздің сайтта 4000 жазба жазылыпты. Демек, әр қолданушы орта есеппен 2,5 жазба түсірген екен. Соңғы уақыттағы белсенділіктің азайып жатқанын көріп тағы да ойланамыз. Сондықтан «Айтабердің» 1 жылдығында қолдарыңызға пернатақталарыңызды алып, ұшқыр ойларыңызды жинап қазірден бастап, жоқ дегенде 1 танымдық яки еркін тақырыптағы жазба жазуға белсене кірісіп кетулеріңізді өтінемін. Бұл бәріміздің осы сайтқа деген сыйлығымыз һәм үлесіміз болсын! Қазнетті бұрын соңғы болмаған жағдайда «бомбалатып», барлық рекордты шаң қаптыралық, достар! Бұл сіздердің қолдарыңыздан келеді. Барлығыңызға сәттілік.

43 пікір

Ak123
жақсы, жазайық:)
qarasaqal
сізге 1 жазба ұят енді :)
Ak123
хат келмейтін боп қапты ғой?
Abylai
«Мен және Айтабер», «Менің Айтаберім», «Айтаберіме бір жыл» тақырыптас жазба жазыңдар дейін деп жатыр ма деп жұлдызым жарқ етейінеп жатыр ед :)
Ок жазайық
Соңғы өңделген уақыты:
qarasaqal
ық ық, көңіліңді босатып қайтатын жерлерде солай жазуға болады :)))
Zhanat
үйге берілген тапсырма осы ма))
qarasaqal
ық ық:) Семей қалалық орталық мешітінің имамының сәлдесін киіп алып, «парыз» деп жіберейін ба :)
Zhanat
Құп болады жолдас ефрейтор)
beko
)) Бап-базар жоооқ. Трам, таа, трам татам. (тілдесулерің ұнады)))
Yasin
мұнда мүфти хазіреті отырғой қалай мен есітпегенмін
senim
Аха айтабердегі балл жинаудың оңай түрі мынау; Біреудің туған күнін тойлау сосын Мерекеңмен тойлау тек сондай іспен айналысып жүрген қолданушылар бар.Бәріңе топырақ шашу емес жәй кейбірі бар сондай…

Бүгін "Есіңнен адас" деген трек шығыпты.
beko
ойбай ау тушшш (қолын ерніне тосқан смайлик). Ондай сырларды жариялай бермесейш))
korwinin_kyzy
Эх марқұм Қх-ның жазбаларын ай
Jako
Мұныңа қосыламын енді, тым болмаса дауласып жататын…
ZevsKO
Айтаберді және сіздерді Қазнетті дамытуға қосып жатқан үлестеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Сіздергеідостық пейілдеріңізге көп рахмеет!
AL-ASTER
Айтабер, сұрақ жауап сайттарының арқасында жаңа достар тауып жатырмыз. Қызықты танымдық, түрлі тақырыптағы мақалалар оқыдым. Рахмет достар! :)
qyrmyzy
йахууууу! Менен 0,5 пост!
VVVWWW
Тым болмаса 0,9555556 пост жазыңызшы (тым болмаса дөңгелектегенде бірге толтырармыз)
qyrmyzy
жақсы, 0,975461231 пост!
Manas
мен 0,5 сиз 0,5 ,1 жазба шығарайық)
qyrmyzy
қайдааасыыың?
korwinin_kyzy
Мен кіретін сайттар
1. Гугл
2. Ютуб
3.мыло
4.рутракер
5.мегаторент
6. орысша қазақша сөздік
7. Айтабер ( біршама нарселер блвалдм)
8. Сурак жауап Кеше ғана кірдім майл ру сиякты тез жауап келетин болар деп ойлведым(бір сұрақ қойып едім әлі жауап бермейжатыр)міне ұрақ
9. Пейіс бук (джінім келед)
10. бы контакте (джінім келед)
11. тағыда басқа милиондаған сайттар
12. я элеткрик
13. андыройыд, ком
14. және де өте пайдалы сайт Мултитран
15. лайп жұрнал
Yasin
Тек сәттілік «Айтабер» аудиторияң үлкен бола берсін!
Соңғы өңделген уақыты:
Madi
Айтабер, айтабер,
Туған күнің құтты болсын!
Жақсы жаңалықтар көп болсын!
Йехуууууу!!!
AKA
Осындай үлкен тойда жазба жазбай қалу «күнә» ғой, достааааааааааааар! :))
dimash
Күнәхар болмандар деп қойсай))
AKA
Дәл солай, Димеке! Бауырееем, бармысың, медициналық терминдерді кірістіріп, позитивке толы, өз стиліңдегі әдддема жазба атшы, аха? :))
dimash
Жазуына жазам ғой, керемет позитив болмаса да
Сугнаны уайымдап отырмын бірақ...
yesbolat83
Күнәһар болмайық, біз де бір нәрсе жазайық, иншаллаһ.
AKA
Кретивті және оқығанда ыризаааааааааа болатындай болса сауабыңыз молынан болатынына кепілдік берейін. :)))
yesbolat83
Бұл бәріміздің осы сайтқа деген сыйлығымыз һәм үлесіміз болсын!
AKA
Уоооот, өттте дұрыс! Красавчик екеніңізді айтып пе едім :))
yesbolat83
Жоооқ, енді ғана естіп отырмын.
zhomart
1 жылдық құтты болсын, жақсы бастама. Барлығымыз бір кісідей жұмылайық
Aikona
Мааа, уже 1 жыл! Құттықтаймын! Дами беріңдер, қатарларың көбейе берсін!
followme_alik
«Таңдаулылар»-мен қалай жұмыс жасайды ?..)
yerbol89
Ау де. Әні міне деп 1 жылдығын да тойлап жатырмыз… Ұзағынан сүйіндірсін.
Құтты болсын 1-жылдықтарың! Дами беріңдер. Сайттардың алды болып, қолданушыларың тату-тәтті боп жүре берсін, Айтабер! Құттықтайым :)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.