Саған деген сағынышым бар әлі...

Махаббат сезімі жаулап сананы
Шарасыз, әлсіз жүрек жаралы
Өзіңді ойлай-ойлай шаршамадым
Саған деген сағынышым бар әлі
Ұмыт деп айттым саған қаламастан
Сеніп сен қалдың жаным қарамастан
Тағдырдың қаталдығы жегідей жеп
Қинады өмір мені бала жастан.
Сезім оты билеп менің бойымды
Айта алмадым ішімдегі ойымды.
Мейлі маған қарама, жүре бергін
Ешқашан да сілтемеші қолымды.
Күн артынан күн өтіп, айлар өтті,
Қызығы мол сол күндер қайда кетті?
Досым-ау, білесің бе, бұл махаббат.
Өмірімді осылай ойран етті.
Алайда өкінбеймін бәріне де,
Өмір осы жас пенен кәріге де.
Тағдырдың сыйы үшін шүкір етем,
Шын ғашық болдым жалғыз сол пендеге.

9 пікір

maulen
О о о Әсия өлең жазады екенсің ғой… Ақын мен ақын қосылып жатса… жарайсың әліде тосылу керек. Жыр арнаушы жыры арқылы өзін емес өзгені елітіп алып кету керек деп есептеймін. Алға…
assiya_nurlybaeva
рахмет, Мәулен))) Дұрыс айтасың, әлі де жетілу керек… Өзгені еліту үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз ғой))
jalyn
ӨлИ мынау сұмдық жаңалық болды ғой… Ие, әу демейтін қазақ жоқ. дегенмен «сананы, жаралы, бар әлі; қаламастан, қарамастан; бойымды, ойымды; бәріне де, кәріге де» өте жиі қолданылатын арзан ұйқастар… Жетілу керек! Өзімнің де жетіскенім шамалы. Алға Қазақстан (ойбу) Әсия!
assiya_nurlybaeva
Біріншіден, пікіріңіз үшін рахмет. Екіншіден, дұрыс айтасыз әлі де жетілу керек, пісу керек. Үшіншіден, арзан ұйқастар болса да алғашқы бастама осылай басталады деп ойлаймын… Сондықтан алғашқы табалдырық үшін меніңше жақсы көрсеткіш)
assiya_nurlybaeva
оооооой, Айдос мырза! Сіз екенсіз ғой маған пікір қалдырған))) Мен таныс емес біреу шығар деп, сыпайы жазып отырсам, өзіміздің сол Айдос екенсің ғой))
kazakh_kyzy
Әрине, Әсия, сені тағы бір қырыңнан таныдық, жана бер, қаламың ұштала берсін...Кемшілік дүние бар болса да жөнделеді әлі ақ… ақын болып туу қайдаа?! Сыналмайтын ешнәрсе жоқ, сын жолымен жүрсең ең жақсы жол деп білемін… жасыма, өлең жақсы! Тек қана алға СЫР ҚЫЗЫ!!!
assiya_nurlybaeva
Рахмет, Арай)) Рас айасың, ақын болып туу қайда? Ақындық ту біте немесе келе-келе пайда болатын қасиет емес пе? Меніңше, енді ғана ұшталып келе жатқан жас ақын, тіпті, ақын деуге болмас. Жыр жазуға құмартып жүрген жан десем, қалай болар)) Пкірің үшін, рахмет)
gulmyra
ооооооооо… Асия? ах, не айтарымды билмей калдымго… мына оленин енди куштииииииииии, жарайсын, алга!!! +1
assiya_nurlybaeva
оййй, Гүлмира) Рахмет, ой-пікірің үшін… Енді ғана ұшталып келе жатқан жан боламыз)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.