Бір күні сен келер деп үмітімді үзбеймін
Өмір деген тауқымет, қиындыққа төзбейсің,
Сол қиындық ішінде сарғайған сары күздеймін.
Қанша жырақ жүрсең де, ойымдасың әрқашан,
Бір күні сен келер деп үмітімді үзбеймін.
Пешенемнің басыма салғанына көнбеймін,
Жанымда болмасаң да, сені үнемі іздеймін.
Махаббаттың сәулесі жандырды әлсіз жүректі,

14 пікір