Табыстырған Blogcamp - 2013

BlogCamp /
Шымситидегі блогқұрылтайдан есімді жаңа жинап, текке бармағанымның дәлелі ретінде осы жазбаны жарыққа шығарайын дедім. "Қой, ұят болар" деееп.

Шулап жүріп күткен Blogcamp- 2013 келіп жеткен сәтте ерекше қуандым. Себебі өткен жылғы құрылтай маған жаңа достар, таныстар сыйлады. Астанаға «нәвішок» болып барғаным есімде. оны айтудан ұялмаймын. Ненің не, кімнің кім екенін білмей жүрген мен қайнаған қазан-ошақтың басына сап ете түскенімде біртүрлі болғаныммен, кейіннен жақсы араласып, дос болып кеттік. Құдайға, мың да бір шүкір, достығымызға сызат түспей келеді

Автобусқа Қырмызы, Бақытгүл апай, Ал-астер, Ербол 404, Жанның Саясы, Сыр сұлуымен бірге отырған сәттен биылғы Блогқұрылтай… «Не істеймін??? Кімдер келеді? Мәә Шымкентте болмақ… Көркем, Ака, Майрош келед екен» деген ойлардан басталып, "Қандай тақырыптар айтылады? Кімдер сөйлейді? Не білемін? Не үйренемін?" деген сауалдармен жалғасын тапты.

Әупірімдеп жүріп Шымкентке де жеттік. Бізден кейін отырған Ербол мен Даник бізден бұрын жеткені таңқалдырды. Есекарбаға мінгендей күй кешеді екенсің біздің аттоуздың жүрісінен.
Көркем, Ака, Майроштармен танысып, сауболғыр Қырмызының үйіне қонақ болып, демалып алып, Шымқаланы аралауға шықтық. Наурыз күніне тап болған соң, адам тым көп болды. Жөнді қыдыра алмадық, кезектің кесірінен. Кешке пре-патиге барып, Зафармен, Берікболмен тағы да басқа қолданушылармен танысу бақытына ие болдым. "Құдоой, жаным, жанееем" деген сөздер кетіп, танысып, білісіп, Наурызбен құттықтап қайттық. Ол жақтан шығып алып тағы қыдыру, таусылмайтын әңгіме, күлкі… Ертеңіне Сampтің өзіне кешігіп бардық. Жалғыз біз "ұйқыбаспыз" ба десек, бізден де кейін кешігіп келгендер болып жатты. Жоба, спикер, стартап, қорғау бәрі дерлік керемет болды. Тауға барып саф ауамен терең демалып, айғайлап айғайлап, шытыр шытыр суретке түсіп, «жанем да жәнеееем» десіп, түнімен карта, мафия ойнап, ошм қызықты өткіздік. Автобуста екіге бөлініп, жарыса ән айтып, ақырында арты сұйылып әрең дегенде жеттік ау. Кешкі тоғыздарда жеткенімізбен Алматыға кететін аттоуз жоқ! Такси әкесінің құнын сұрайды. Ал енд не істейміз? Кейбіреулер Шымкентте қалып, өз басым Ясин ағаның қорқытуынан қорқып, Алматыма қаштым. Келген соң шоктан ес жия алмай енді жақсы болған соң жазып отқан түрім. Құрметті достар! ренжи көрмеңіздер!

Сонымен, бұл Блогқұрылтайдан мен не алдым? Не жаңалық болды?

— Автобуспен алғаш рет алыс сапарға шықтым (мен үшін жаңалық)
— Шымкентке алғаш бардым
— Көркем, Жомарт, Беко, Ака, Майрош, Зафар, Сабыржанды реалда көріп қатты қуандым.
— Шет жақтағы ұқұрбыларымның үйіне алғаш рет қонақ болып қайттым.
— Алғаш рет Блогкемптің «турецкий» футболкасын кидім. «Aizhan айтпақшы»

Не ұнамады?

— Блогқұрылтайдың форматының өзгеруі
— «Жаңа мәліметтердің» болмауы
— Кейбір старт ап жобаны ұсынушылардың жобаларын дұрыс қорғамауы
Не ұнады?

— Шымқаланың «Бәйшешек» каруселінен көрінісі
— Старт ап жобалардың көбейгендігі
— Жүлделердің сапалыланғаны (өте жақсы мотиватор)
— Блогерлердің бірге қыдырып, көңіл көтеруі
— Ұйымдастырушылардың кейбір дәстүрлерді жаңғыртқандығы (Селтеткізер, Ұйқыашар, Домбыра пати)
Бәрінен де, бәрінен де ең ұнағаны, жеке өзіме жаңалық болған Беконың сөздері! Қараңғыда сәуле ұшын берген бауырыма алғысым шексіз!

Блогкемптен не алдың, не алмадың маңызды емес! Бастысы сен кімдермен жүрдің, не істедің? Бір қызығы ешкім ақтарыла сөйлемесе де, үнсіз түсіністкітің болғаны. Достарыммен табыстырған құрылтайға рахмет айтамын! Осы жолы көрмеген достарымды келесі жолы міндетті түрде көргім келеді
P.S: Ұйымдастыршыларға, олардың төзімді жүйкелеріне мың алғыс.

Суретке түсіріп те түскен де едім. Олардың қайда қалғанын білмеймін. :)

12 пікір

Manas
Келесі жылы Ақтауда өткізу керек.Атырау түгел келеміз.
ZevsKO
Атырау жақын ба Ақтау жақын ба?
Manas
Атырау жақын, бірақ Атырауда camp өтсе,қыдыратын жер жоқ.
AKA
Тамаша кетті, қосыламын. Ясин ағаға базар жоқ, мен әлі де ризамын бар ғой. Қайтарда айтаберліктердің бәрін жинап, бір автобусқа мінгізбек болған екен, қап-ай, білмей қалдық… Ясин ағаның сөзін тыңдап, Шымкентке не ше… андай болуың керек едідаЧы :))))))
Delfina
Керемет!
Delfina
Батыста болса жаксы болар еди келесы жылы))
didi0393
Saleem barinizge) blogcamp jaksy otipti. Kelesi jyly aktauga teniz jagaga kelinder! ABYLAIDYN uine siasyndar uaimdamandaar))))
Aitpakwy bekonyn sozin bizde bilgimiz keledi))))
ZevsKO
келісемін! ақтауда өтсе жақсы болады. бірақ ол жақтан спонсор табу керек болады…
yesbolat83
Бұйырса, келесі жылы Ақтауда өтетін болса бәәәрің келіңдер. Қонақ етеміз. Қазақ деген қонақжайлы халық ғой.
Manshukn
«Бәйшешек» емес «Бәйтерек» қой))) Ұжсс есіңе сақтайтындай уақыт тұрдың ғой)))
AKA
:))))))))))))))))))))))))))))
ZevsKO
карусельмен шатасытырп алыыппын ренжімессіздер
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.