Блогшылар Құрылтайы хақында

Блогқұрылтай-2013. Шымкент /
Піссіміллә деп бастайық!
Ар ма ағайын!!!

Негізі бұл пост үш күн бұрын шығу керек еді… Алайда мынау шайқатылған дүниенің пендияуи тірліктері мойын бұрғызбады… Ол үшін кешірім… Яғни, үш күн кешіктік деген сөз…

Постты оқуды жалғастырмас бұрын мына сілтемеге өтіп, құрылтай жайында жиі қойылатын сұрақтармен танысып алуларыңызды өтінемін. Ол — құрылтайдың официалды сайты. Алдыңғы өткен құрылтайдың қалай болғандығы, қалай басталғандығы, қалай біткендігі жөнінде, онан басқа да көптеген сұрақтарыңыз бойынша мәліметтер ала аласыздар.

Енді құрылтайлар тарихына кішкене көз жүгіртсек. Ең алғашқы құрылтай (мен ол кезде болғаным жоқ, тек естідім) Асхат Еркімбайдың ұйымдастыруымен Алматыда өтті. Ең алғаш блогшылардың басын қосып кеткен, алдында тек монитор артынан ғана тілдесетін блогшыларды реалда жолықтырып, тілдестіріп және де ең бастысы достастырып кеткен осы шара болды. Егер қызықсаңыздар ол жайындағы мағлұматтарды гуглдатып отырып-ақ тауып аласыздар.
Екінші құрылтай Астанада былтыр 22-наурызда болып өтті. Оған қатысу бақыты мынау алдарыңызда клаваны тықылдатып отырған пенделеріңізге де бұйырды. Оның негізгі ұйымдастырушылары Астаналық блогшылар, үйлестірушілікті өз мойнына алған Талғат Байназаров деген жігіт болды. Атап өтейін, өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Мынау алдағы келе жатқан құрылтайдың да тағдыры жартылай (баса айтамын жартылай) сол жерде шешілді. Мен де өз кезегімде өз Шымкентімнің патриоты ретінде :)) ұсынысымды білдірдім. Алайда бұл ұсыныс толыққанды БЕКІТІЛГЕН ЖОҚ. Сондықтан біздің жоспарлап отырған тірлігіміз 180 градусқа теріс айналып кетуі мүмкін. Негізі оны ұйымдастыру жағынан да тәжірибесі бар және де мықты потенциалы бар блогшылардың басы қосылған Алматылықтар «Бізде өтсе» деген тілек айтып жатыр. Әрине дұрыс. Ол жерде өтсе еш қиналмайсың. Барлығы төселген бағдарлама, жоспар бойынша сәтті өтеді.
… Алайда, (айй осы бір сөзді жақсы көрем шыы) менің пікірімше бір қалада өте бергеннен гөрі әр жылы әр қалада өткен қазақ блогына көбірек пайдасын алып келетін сияқты. Жаңа блогшылар қосылады. Адамдардың қызығушылығы оянады деген сияқты…

Неге бұл пост «Айтаберде» жарияланып отыр?

деген сұрақ әрбіріңіздің көкейіңізде тұрғаны анық. Өйткені,
1) Жағырапиялық орналасуы сай келгендіктен. Бұл тұғырдың орталығы — Шымкент.
2) Жоғарыдағы пункттен шығатын себеп — негізгі салмақ «Айтаберліктерге» түседі.
3) Мұнда жастар көп. Ал, жастар өздеріңіз білесіздер, қоғамның қозғаушы күші.

Сондықтан да координациялық орталық Айтаберде болғаны дұрыс сияқты. Мынау қауымдастық та осы үшін ашылды. Осы жерде барлық мәселелерді талқылап, шешіп, ұсыныс тастап… Тек дайын өнімдерді ғана Құрылтайдың ресми сайтына салып отырамыз.

Неге ерте бастан дайындық жасап отырмыз?

Негізгі дайындық желтоқсан айында басталады. Қазіргі дайындық сол айтылған негізгі дайындыққа мықты тұғыр орнату үшін, мығым платформа орнату үшін қажет. Дәл қазір глобалды мәселелер шешіп тастаймыз деп айта алмаймын. Оған әлі уақыт жеткен жоқ. Алайда, логотип деген сияқты, бір көргенде ұсақ-түйек, бірақ кейін көп уақыт алатын мәселелермен осы бастан айналыса беруге әбден болады.

МЕНІҢ ОЙЫМША БІЗДІҢ ҚОЛЫМЫЗДАН КЕЛУ КЕРЕК!!! Потенциал бар. Тек жоспарлы, бір бағытта, айқай-шусыз келісім мен ымырашылдықта жұмыс істесек болды.
Әзірге осы. Ұсыныстарыңыз бен тілектеріңізді, сұрақтарыңызды қоя отырыңыздар!

33 пікір

Daniar_alan
ал кеттік… флудқа жол бермейік ағайындар. Тек негізделген ұсыныстарыңызды ғана айтсаңыздар…
User
Анандай болады ғо.Евро 2008-2012 сияқты әртүрлі логотиптер.Соған байланысты бір әдемі Шымкент 2013 Блогқұрылтай деген жазуы бар ЭМблема болса.Қуып кетсем жәй түсініспеушілік болсын давай ертең келем.
Daniar_alan




мынау алдыңғыларынікі… 2012-де де осы болды. тек саны өзгерді.
User
мля нептему демеске шара жоқ.Әдемі емес өзгерту керек сяқты
qyrmyzy
ойыбай, Батыр ішіп кетеді
User
істеп жүрген қай Батыр а?
Daniar_alan
Батыр быраттың логосы 2-жыл тұрды ғой… ЕнД ренжімес деп ойлаймын… Егер креативті ойларыңыз болса ортаға тастай беріңіздер…
qyrmyzy
Логоға байқау ұйымдастыру керек шығар
qyrmyzy
Алдымен Шымкентте қанша блогшы бар екенін анықтайық және олар қаншалықты ат салыса алады? Құрғақ қасық ауыз жыртады
Daniar_alan
ол жағынан қам жемесек болатын сияқты… былтырғыға 25-тей блогшы келген (әрине оның 20-сы Түркістандық… нооо… Шымкент облысы ғой бәрәбәр)… Мында тіркелгендер 500-ге жуық… Соның 10-ақ пайызы талай тірлікті тындырады. Оның үстіне, салмақ тек Шымкенттіктерде емес, барлығы қатысу керек. Бірақ үйлестіруші Шымның өз адамы болу керек…
qyrmyzy
Түркістаннан келгендерді танимын:) Бірақ олар блогқұрылтай өткізуге атсалысады деп айта алмаймын. Басқа облыстағылар тек қана пиар жағынан, жұмысты қадағалау жағынан, біраз демеуші табу жағы, сайт… көмектесетін шығар, бірақ негізгі салмақ ауыр салмақ Шымкенттің 5-10 блогшыларын түседі. Талғат, Асхат ағай сияқты бір жауапты басшы тағайындау керек Шымкенттіктерге:)
Mzafar
Алғашқы БлогҚұрылтайға қатысып, презентация жасап көріп, аз да болсын уйымдастыруға көмек (ну блогкэмп деген футболка киіп алып, ананы-мынаны тасып жүрдік кой әйтеуір) берген адам ретінде өз ойымды айта кетейін:

1) Шымкенттің басшы бола алатын МЕН деген активисттері бірнеше, бірақ бұл жолы ұйымдастыруды басқаша істесек. Алдымен реально уйымдастыруға ат салыса алатын, сондай құлшынысы бар адамдардың тізімін жинайық. Содан соң блогкэмпті өткізу жоспарын құрайық бірлесіп. Ну қайсы күні қайда, қандай іс-шара болатынын. Бұл бізге бағыт береді бастамаға, ну егер кейін гениальный ойлар келіп қалатын болса өзгерте береміз планды. Содан соң ұйымдастыруда кім неге жауап беретінін, кімнің қолынан не келетінін біліп, жумысты бөліп алайық. Әлі уақыт көп асықпай жүзеге асыра беруге болады жүктелген жұмыстарды. Кейін Желтоқсан-Қаңтар келгенде істерімізге сыншы халық болсын (ну критиктер табылады ғой), яғни отчет береді әр кім өз жұмысы бойынша не істеп, не қойғанын. Ну саналы адамбыз ғой бәріміз, өзімізге жүктелген бір тірлікті бітіре алатын шығар деп ойлаймын. Если че біреу сачковать етіп жатса, Құдайға шүкір Қырмызы апкеміз бар:))) Сол кісі сөйлесетін болады сачоктармен ық-ық:) Ну жалпы осылай.

2)Енді жоспар:
1) БлогКэмпке бір күн бар. БлогКэмпке келетін адамдарды күтіп алу, жайғастыру. (Жол ақысы жайлы мәселені әлі қарастырып жатырмыз. Спонсорлар болып қалуы да мүмкін)
2) Сол күннің кеші. Шым-Нур кафесінде жиналу, танысу. (Садықтың танысы еді бұл кафенің бастығы. Если что олар да спонсор болып қалар бәлкім?)
3) Бірінші күнді Ауезов атындағы ғимарат ішінде өткізсек. Презентация және т.с.с нәрселерді осында өткізіп алсақ. Ғимарат жайлы уже почти келісіп қойған едік.
4) Сол күннің кеші. Развлечение, именно қандай екенін білмедім. Бірақ ойлап табуға болады бір нәрсе…
5) Екінші күні есе походқа. Садық жақында бір лагерьге барып қайтқан Нұр Отан атынан. Сол лагерьді көрсе болады кандидат ретінде. Себебі Садық өл жерлерге жақсы баға берді. Егер ұнамаса басқа лагерьлер көп. Рубен ағай айтқан Біркөлік бар, «Шымкентская пленницаны» түсіріп аламыз если что.
6) Қоштасу / қалғысы келгендерге Шымкентті аралату, көрсету.

P.S. Мен Алматыға оқуға кетуіме байланысты 1 сентябрьден бастап, көмек бере алатын дәрежеде боламын деп ойламаймын. Бірақ уйымдастыру жайлы жұмыстарды уже бастап жіберген едік. Ербол және Беко ағаларымыз бас-көз боп тұра алатынына сенімдімін. Оған қоса интернетте көп флудтай бермейтін, көп көзге түспейтін, бірақ шақырсаң көмекке келетін жігіт/қыздар көп. Оған қос старшак АҒАЛАРЫМЫЗ бар, ол кісілерде қол ұшын береді деп ойлаймын. Әйтеуір сөйлескенімізде: «көмектесеміз ғой» деп айтқан.
That`s all folks
Daniar_alan
форматты сал өзгертсек деген ұсыныс бар. ыстық аудиториялардан гөрі табиғат аясында мейлі үш күнге масаға таланып, мейлі тіпті интернетсіз… бірақ… разрушая все границы дейді ғой… солай өткізсек па деген жоспар бар. Ал Әуезовты ең соңғы крайний вариантқа қоямыз ба деп ойлап отырмын. Алдыңғы екеуі де аудиторияда өтті. Әлбетте ең жақсыларында (КИМЭП, Назарбаев универ). Енді форматты өзгертіп, қаладан тыс жерде өткізсек, жай қатардағы құрылтай емес, көптің есінде ұзааааққа сақталатындығымызға шүбә келтірмеймін…
Jako
Ол енді блогкэмпті өткізетін жыл мезгіліне байланысты болар.
Daniar_alan
мезгіл май ғой :)
qyrmyzy
Презентациялар қалай жасалады? Егер табиғат аясына кетіп қалсақ, әркім өз кругымен кетіп қалады. Одан да екі күн аудиторияда отырып, үшінші күн көкке шыққан дұрыс. Айтылар әңгіме көп, үйренетін дүние көп, жобалар да көбейетін шығар. Егер тек көкке шығатын болсақ, онда ол тек қана -тегін қуып келу болып кетеді, меніңше.
AKA
Егер тек көкке шығатын болсақ, онда ол тек қана -тегін қуып келу болып кетеді, меніңше.
«Кеттік ан жаққа» деп па Қосыламын сізге!
yerbol89
Біріншіден мен екі Блогкемпте де болдым. Шет жағасын барлығын көріп жүрміз. Форматын өзгерте алмаймыз, Наурызда өтетін себебі сол кезде ғана 5 күн демалыс береді. Барлық жақтан адамдар келе алады. Ал Әуезов универсиетті крайный болмайды, ол нақты болып сонда өткендігі дұрыс. Себебі оның техникалық және материалдық жағы толықтай қамтамасыз ете алады. Тау тасаға өткізсек ешқандай интернет т.б. қаламыз. Өздеріңіз білетіндей ақпараттық қамтамасыз етіліп отыруы керек. Блогкемпте не болып жатқандығы туралы ақпарат твиттер, т.б. әлеуметтік желілері арқылы тарап отыруы керек. Екінші күні енді тауға, Машат, Біркөлік т.б. демалыс орындарына алып кетуге болады. Қасымызға Әшөк братанымиызды ала шығамыз. Ол жақсылап тұрып Плов басып береді жалпы 200 адамға )))
Әзірге сабырлық кезі, өздеріңіз айтып жатқандай өткіземіз. Бірақ қазір айтылып жатқандықтар бос сөз. Әлі талай нәрсе өзгереді, 2013 жылдың бірінші айынан бастап қамдана бастаймыз. Оны сол кезде қыбырлай бастаймыз. Қазір оны айтқанмен ертең болайын деп жатқан Блогкемп емес.
Daniar_alan
бырат өзің жассың… неге әлемді өзгерткің келмидӘ… :)
… ойланып көрші өзің. ыстық күн, ыстық аудитория, толпа… үзілістер арасындағы шай-патисымақ бірдеңкелер… екінші күні тауға барамыз дегенше тал түс… ырың-жырың бірнәрсе… СТАНДАРТ ҚОЙ БЫРАТ СТАНДАРТ…
барлығының салған сүрлеуімен жүрмекпіз бе?.. енді көз алдыңа елестет: таза ауадағы форматы өзгертілген презентациялар. түнгі алау… Әшөк быратыңның палауы… ЕҢ БАСТЫСЫ БАРЛЫҒЫ БІР ЖЕРДЕ. қызықтыра ма??..
2-мәселе бойынша: Наурызда мүмкін өтпеу себебі: сәл салқындау болады тау. 1 не 9-майда 3-күн беріледі. құрылтай үшін жылына келемін деген адам 1 күн сұрана алады менің ойымша.
3-мәселе: материалдық-техникалық база… не ол? проектор? 2-3 проекторды арендаға-ақ алуға болады.
4-мәселе: интернет? вайфай жоқ енД… ал әлеуметтік желілерге сымтетіктеріңіз арқылы-ақ лақтырып отырыңыздар (әрине оның қажеті болса. көргісі келетін адамның барлығы сол жерде болады. болмай бара жатса кейін отчеттары шығады типі «ойй бекер барммаппыннн… қап айй» деген пікірлерін сол жерде ақ қалдырады).
5-мәселе: плов наДы маған.
6-мәселе:
Бірақ қазір айтылып жатқандықтар бос сөз
админ екеніңіз рас енД… бірақ олай қатты кетпеңіз… егер пікірлерді ғана емес постты да жақсылап оқыған болсаңыз:
Неге ерте бастан дайындық жасап отырмыз?

Негізгі дайындық желтоқсан айында басталады. Қазіргі дайындық сол айтылған негізгі дайындыққа мықты тұғыр орнату үшін, мығым платформа орнату үшін қажет. Дәл қазір глобалды мәселелер шешіп тастаймыз деп айта алмаймын. Оған әлі уақыт жеткен жоқ. Алайда, логотип деген сияқты, бір көргенде ұсақ-түйек, бірақ кейін көп уақыт алатын мәселелермен осы бастан айналыса беруге әбден болады.
дедім. майда-шүйде тірліктерді осы бастан уақыт жоғалтпай бастай берейік. Мында ашығын айтқанда құрылтайларға барған оншақты ғана адам бар. Қалғандарына қалай болатынын осы бастан түсіндіре беру мақсат. Ой, идея көптік етпейді. Осы бастан идея туындаса 3-ай қалғанда таңдау мүмкіншілігі әлдеқайда көбірек болады.
Сондықтан атылайын деп тұрған жастарды
Бірақ қазір айтылып жатқандықтар бос сөз. Әлі талай нәрсе өзгереді, 2013 жылдың бірінші айынан бастап қамдана бастаймыз.
надай сөздермен бетін қайтарып тастау жөнсіз деп ойлаймын.
Daniar_alan
тағы бірер сөз: негізі Астанадағы соңғы құрылтай кеш басталды. оның өз әсерлері болды. мен бұрын бір ғылыми-конференцияны ұйымдастырушылар қатарында болдым… жәәйй қатардағы күнде болып жатқан конференция. соған 1-жылдан аса дайындалдық. ал мынау оның жанында ауқымдырақ шара. сондықтан қазір бастау керек. ҚАЗІІІІІІІРРРРРР…
yerbol89
ммм ойланып көрік. Жазғандарыңызбен келісемін.
Daniar_alan
міне жігіт, міне Админ :)
qyrmyzy
Сен МАБта пиар шараларын ұйымдастыр, МАБ демеуші де болып қалар оның үстіне. Қарап көрші
Mzafar
Хехе, жақсы идея екен:))) Жақсылап қарап көрейін)))
Daniar_alan
не ғо… сілтеме бойынша өтіп, оқыған адам бар ма өзі?
balgalym
Лого туралы дизайнер досым бар, сонымен сөйлесіп көремін. Ал өзім уақыт жақындасын, бірдеңе тасып көтерісіп болса да «көмектесеміз ғой» :)
zhomart
Мына лого-да жаман емес сияқты көңілімнен шығып тұр. Өзгеріс керек болса көрейік: )
qyrmyzy
Сомен? Ұсыныс қайда? Жұмыс қайда? Ұйымдастырушылар қайда?? Зафаааар, қайдасеееең???? Көркем, үндешиш
Korkem
ан жақтан, мын жақтан зерттеватырым, әлі миыма Блогкемп жайлы кірмей тұр. Жақында үндеп қалармын) екеуінен де қалмаған сен ғой, басташиш тым құрыса
Daniar_alan
ҚҰРЫЛТАЙДЫҢ ОФИЦИАЛДЫ САЙТЫ БАР: МЫНДА БАСЫҢЫЗ. ОСЫ ЖЕРДЕ ЖАН-ЖАҚТЫ ЖӘНЕ ТОЛЫҚ АҚПАРАТ БАР!!!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.