Сағындым сенің исіңді


Сағындым сені, сен оны сезесің бе? Сені бірінші көргенде көз жанырым жайнап, саған ертерек жетсем екен дедім. Себебі, сен жақтан соққан желмен есіп жұпар иісің аңқып, танауымда жарардай болды, қаным басыма шапты. Өз-өзімді қолға ала алмай ақырын ғана қолымды созып өзіңді алақаныма қысып, кеудеме бастым. Нәп-нәзік теріңнен сипап, ернімді жақындатып үлбіреген теріңе ерніммен қысып-қысып, ақыры шыдамай ғырш еткізіп тістеп қалдым. Содан бері өзіңді аңсаймын Алматы апорты.
Сен қайдасың если шо хабарлас тел: 8 701 ,,,, Әйтпесе терісі түкті (жүн-жүн) болсада өте шырынды дәмі тіл үйіретін шабдалыға аңсарым ауады! :))

С.С: Жалпы бұл алмаға жо-жоқ шабдалыға да жарнама емес, жай ғана жеміс жеуге шақыру!
Сізге қандай жеміс ұнайды және несімен?

16 пікір

AKA
Барлығы да нааайт жемістің, алма, алмұрт, өрік, шие, шабдалы, жүзім, апельсин, киви, манго, мандарин, банан т.с.с. ошым бәәәәәәәәрі пайдалы.
akil_kalta01
Мәссаған мынаның бірін мен тізбектейтін болсам «апортым» ренжіп қалады-ау :)))
Ең еңі қайсысы?
AKA
Бөлектей алмаятрм, бәрі жақсы, біреуін қатты мақтасам, екіншісі ренжіп қалады ғой
Ais_97
Маған жемістен ең ұнайтыны-қызыл алма.
akil_kalta01
Сонымен исі бар жеміс пе? иістеніп кеткен жеміс пе? :))
banzaika1990
Жазда — қара жүзім, Күзде — шабдалы, Қыста — құрма, Көктемде — жеміс жоқ, тек қана бақшадағы көкеністер.
pana
шабдалы (түгі бар), жүзім, алма, құрма! эххх)) кеттім алма жим)
Ak123
банан ғой))) сосын апельсин) алманы андааааааааа санда бір жемесем, онша тартпайды
Korkem
Қыстық алма, алма, алма, тағы да алма, сосееен барып түкті шабдалы боп ұзарып кете береді))))
Korkem
әлбетте, болады ғой. Оның таза табиғи түрін көрген-көрмегенімді білмсеймін. Бірақ, Қытайдың түксіз, өңдеуден өткен персигі бар… Шымкентте жүріп, білмеуіңіз қызық болып тұр
Korkem
Жарықтық, гугл-ай, аман болш:

Korkem
қусыз))) ялу керек)))
pari
Оқып жатып шошып кеттім не айтып кетті мынау?!,-деп. Апорт алма дегенді ааа дедім.
Жалпы алма деген жақсы. Осы жерде сіздерге кеңес бере кетейін. Басы айналып, қаны көп, жүрегі нәшәр адамдар болса алманың қызылын емес көгін жеңіздер. Көк алма осындай белгілермен ауыратын адамдарға пайдасын тигізеді. Және көк алманың шырынын іщіңіздер.

Апорт алма дейміз. Қәзіргі кезде бұрынғының апорт алмасы бар деген күмәнданамын. Өзім көк алманы сүйсіне жеймін. Және сары алманы. Сары алма жұмсақ болады:)
akil_kalta01
Мәліметіңе рахмет! Жалпы апорт алмасының сиреп, тіптем жоғалу алдында тұрғандығы ақиқат.
Daniar_alan
жоо тақырыпты да сүгіретті де дұрыс таңдапсың енД… :))))))))
User
Алма жей алмайм.Қышқыл ішті ауыртад.Бірақ сон да да жеп қоясың.

Маған негізі Мандарин Алма,Қара виноград ұнайды.Сусындардан Кола.Натуральныйдан Персик қосылған сок ұнайды.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.