Рулас туыстармен Түркістанда бас қостық
7-ші маусым Монғолия мен Қытайдан Атырауға дейінгі Чингизидтер Түркістандағы Әзірет Сұлтан Қожа Ахмет Яссауи кесенесі маңында қойылған 22 ханның әруғына ас берейін деп бас қосты.
Кеше, яғни 7-ші маусымда таңғы сағат 8-ден бастап Ахмет Яссауи кесенесі маңында жиналдық.
Бұл жиынға қатысуға ниет білдіргендердің бас-аяғы сағат шамамен 10-да жиналып, Аман Шотаев бастаған бірнеше қоғам қайраткерлері мен жергілікті әкімшіліктен және мұражай басшылығы сөз сөйледі.
Сағат 11-де әруақтарға құран бағышталып, ақбураны бауыздау рәсімі болды.
Сағат 12:30-да «Иса» мейрамханасында алыс-жақын аймақтардан келген Төре тұқымдары мен тарихшылар, журналистер, жазушылар бас қостық. Мейрамханада үлкен ас беріліп, құран оқылды.
Көпшіліктің ішінде: Дүйсенкүл Бопова, Нұрлан Амрекулов, Арман Ахмуканов, Аман Шотаев, Гизат Табулдин сынды кісілер болды, басқа кісілерді танымағаныма кешірім сұраймын. Алда тағы осындай басқосуларға ат салысамын деп шештім.
Қалғанын суреттерден тамашалаңыздар
Дүйсенкүл Бопова апам
Қарағандыдан келген Қазыбек бауырым күй тартты
Қытайдан келген бауырым ән орындап берді
Ал 31 арна жаңалықтардан сәл басқашалау етіп айтты, неге екенінен хабардар емеспін. 1:39 минутында мен тұрмын. Басымда қоңыр атлас орамал, көзде қара көзілдірік, үстімде қызғыш жемпір, ішінде көк көйлек, қолымда ақ сөмке, ал тауып көріңдер ;;)

13 пікір
Созақтағы Ақназар ханның басында да жиналамыз деп жатыр, ол шараға да ат салысамын деп отырмын, Алла бұйыртса
Яғни жоғарыдағыдан басқа.
Бірақ оған көнетін қазақ жоқ шығар қазір.
Одан басқа не шешілу керек?
Мәжіліс пен сенаттағылар іс бітіріп қатырмай жатқанда біз не істе алатын едік?
саясатқа еш қатысы жоқ бұл шараның, салт-дәстүрге көбірек жақын, сол ұшін саяси астар іздеп әуре болмаңдар!
Түйені аядым… Алғаш көруім.