Анашым менің

Салауатты өмір салты /
Анам менің – өмірдегі тірегім
Анам менің – кеудемдегі жүрегім
Егер менің қасымда сен болмасаң
Бұл өмірде қалай ғана жүремін.

Менің анам мен дүниеге келгенде мұғалім болған әлі де мұғалім болып келеді. Әкем екеуі бір класта оқып, бір оқу орнын бітірген. 10 сыныптан бастап дос болған.мыс.
Анам негізінен география, биология пәндерінен сабақ бергенімен туризм саласына көп мән береді.
Осы жақында ғана Орал қаласына туризмнен жарысқа барып қайтты. Тегін жолдама арқылы 4 оқушысын алып барды.
Мәртөк ауданынан шыққалы отырған түрлері))

Орал қаласына да жетіпті

Жасыл желек жамылған туған жерім. Қандай тамаша!


Мынау Жайық өзені жағалауына келіп орналасып жатқандары. 2 адамға 1 шатырдан келеді.


Жорықтың басты мақсаты-қайықпен жүзе отыра судың тереңдігін, тазалығын, ағысын, т.б., Жайық өзен бетінің ауа-райын зерттеу болатын.

Анашым бір оқушысына мән жайды түсіндіріп жатыр -ау дим))


Міне, қайықты сермей отыра, өзенді зерттеп келеді.

Қандай керемет көрініс! Анам 60 қа жақындап қалса да әлі суда жүзиді.

Жайық суының күннен күнге тартылып бара жатқанын мына жарқабақтан-ақ байқауға болады.

Күндіз бойына жасаған зерттеулеріне есеп(отчет)жаза отыра, тамақ пісіріп жатқан бойлары. Дала тамағын ұмытқалы қай заман біздердің, қызығып отырмын өзімде)))

Мақтана отырып сала берсем суреттері жетерлік екен. Мынадай анасы бар мен БАҚЫТТЫМЫНғой.
37 топтың ішінде 2 орын алыпты. Мен АНАМды мақтан тұтамын. АНАШЫМ әрқашан осылай жарқырап жүре берші тек.

50 пікір

Korkem
Аналар ұзааақ жасасын! Үлгі аларлық екен, қызықтым сізге
Delfina
Рахмет Көркем. Анама өзімде қызығамын))
yesbolat83
Біздің осылай жер басып, шаттанып, бақытты ғұмыр кешіп жүргеніміз — ата-анамыздың арқасы ғой.
qyrmyzy
ЖіләдімМамамды сағыныыып кеттім ғой…
Күштііі, Жайық та тартылып жатыр ма??? Мектеп оқушыларының арасында мынадай да бар екен-ау, керемет! Анаңыз жүз жасасын.
Delfina
Көптеген шаралар өтіп жатады, көпшілігін көрмек түгелі естімейде қаламыз.
qyrmyzy
Қанша уақытыңыз кетті:))))
Delfina
Адамды ұялтпащ Осыны жазамын деп өтірік айтпай-ақ қояйын жарты сағат отырдым. Сенің де мазаңды алып болдым-ау дим))))
Karakulov
Күштііі, Жайық та тартылып жатыр ма???
Oiyniz bolek — jazganiniz bolek bolip ketti me, kalai ozi?))
qyrmyzy
Қалай түсінгіңіз келеді, солай түсіне беріңіз.
VVVWWW
Жайық та тартылып жатыр ма?
Тартылып жатырған жоқ, көз алдымызда құрып бара жатыр, экологиялық жағдайы өте аянышты, жыл сайын емес күн сайын, сағат сайын нашарлауда (қап тым жақсы, көңілді постыны проблема соғып бүлдіретін болым-ау). Осыдан 4-5 жыл бұрын Жайықты бойлап өту тіпті ойымызға да келмейтін, енді соған жақындап қалдық. Балықтарын айтпай-ақ қояйын, құрып барады
Delfina

Өзен ортасында кедергілер көптеп кездеседі екен.

Жарқабақтағы сызықтар өзеннің біртендеп тартылып бара жатқандығын білдіреді.
VVVWWW
Маған Жайықты таныстырып отырсынба, қызық екен (күлкім келіп кеткені)
Delfina
жооооқ, сенің айтқан пікіріне дәлелғой басқаларына.
qyrmyzy
Қойныңа тығып отырмай, жазбайсың ба осындай жазбаларды! Әр қызға бір қырындай бермей… ық ық
qyrmyzy
Бізде неше түрлі әдеміііі жерлер бар. Бірақ көп бара бермейміз…
Ak123
Аналар аман болсын!!!
Aikona
керемет! Анаңыздың жасы ұзақ болсын!
Delfina
Рахмет! Айтканын келсин!
Zhanat
Оқушылармен осындай жұмыс жасайтын мұғалімдер қатты ұнайды. Анаңызды көрдік өзіңізді қашан көреміз. Анаңыздың жасы ұзақ болсын
Delfina
Анам жас кезинде отееее адеми болган. Мен анама тартканмын. Озиниз енди ойлай бериниз.(Кешром отнем, мен жазп отырган компта казакша жок екен)
dimash
Тұрсада дауыл майыса көрме,
Ұсташы тіктеп бойынды.
Аанашым сенің көргім келеді
Жүз жасқа келген тойыңды.
Ақ тілектерді қабыл ет Алла,
Қабыл ет Алла ойымды,
Анашым сенің көргім келеді,
Жүз жасқа келген тойыңды. Жақсы өлең, жақсы жазба :)
maulen
Ауылды сағындым!
Karakulov
Keremet — tabigat ta, analar da, salauatti omir turali da aitylgan — ote kizikti — suretterimen bezendirilgen — maktauga laiykti wikkan!
ereke_enu
Көктегі кішкентай қыз өзің ба, Дельфина?
Delfina
мен сондай кишкентай болсам жаксыгой))) Зейнеткерликке шыгатын жастын жартысындамызго))
ereke_enu
29-да болсаңызда аватаркаңыз әдемі екен)
AKA
Ұнады!
VVVWWW
"Ұнады?"
Ондай пікір болмайды ғой, осы постыға деген Сіздің көзқарасыңызды, салмақты ойыңызды білейін деп отырсақ (әркім ұнаған постына "ұнады" деп жаза берсе не болады),
AKA
Мен ұнады деп көп жаза бермеймін, белгілі бір тақырыптарға ғана болмаса. Ал, мына жазба АНА туралы, ешқандай көзқарас, ой білдіруді қажет етпейді, АНА — ол АНА!
Delfina
Рахмет АКА! Сенің де АНА туралы жазғанынды күтеміз))
followme_alik
:) Қартаймайтын болдық :)
pari
Аналарымыз жасасын. Аналарымыз үшін орнымыздан бір тұрып қояйықшы. Анаңыздың мұндай жетістікке жетуінің басты күші- ЕҢБЕКТЕ!
ereke_enu
Шынымен, отырып тұрсаң да))) Қасымдағылар жындыға санап қалатын шығар))
Delfina
Үш рет басынды компьютерға қарап иіп жатырсан...
Kinostrov
Жайық 10 жылдан кейін жоқ болып кететін болар, Жайық мәселесі қаралмайды ғо осы
Delfina
Енді енді көтеріп жатыр бұл мәселені. Анам үндеу жазыпты. Қазір саламын осында.
Қандай керемет!!! өте қызық!!!
Jako
Дельфуша, тамаша пост. Анаға қандай мақтау айтылса да көптік етпейді.Анаң қасыңда болғаны қандай тамаша.Өмір жасы ұзақ болсын!
Delfina
Рахмет Жездеке.
Jako
Рахметіңе бір асым ет, Балдыз.
Delfina
Үндеу
1. «Жайық-Урал» экспедициясының отрядтарынан ұйым құру. Осы ұйымның өзіндік мақсат міндеттерін айқындау. Оларды заңды тұлға есебінде қарастыру.
2. Орман суының ағысын реттейді, атмосфераны тазартады, топырақты эрозиядан қорғайды. Жер асты суларының деңгейінің төмендеуіне кедергі жасайды. Өзендердің суларын ластанудан сақтайды. Сондықтанда орман алқабын кеңейту мен қорғау жұмыстарының белгілі бір жоспарын бекітуді ұсынамыз.
3. Табиғатты қорғау, соның ішінде Жайықты қорғау әрбір адамның қасиетті борышына айналдыру мақсатында жұмыстану. (Арнайы курстар, бағдарламалар, семинарлар т.б. арқылы)
4. Жайық өзенімен салаларына биологиялық тазартқыш станцияларын салу жұмысын жандандыру
5. Жайық өзеніне рұхсатсыз салынған бөгеттерді тексеріп шығу жұмысын қолға алу.
6. Ресей территориясының арқылы келетін су мөлшерін уақытылы қадағалау мәселесін шешу.
7. Қолдан шабақ өсіру, соның ішінде шоқыр, пілмай сияқты бағалы балықтарды өсіруге мектеп оқушыларын тарту.
8. «Жайық-Урал» экспедициясының жұмыстарын арнайы кітапша етіп басып шығарып, насихат жұмыстарының аясын үлкейту
9. Жайыққа жақын елді-мекендердің халқына, күл-қоқыстарын суға төккендері үшін айыппұл төлету.
10. Балықтарды ысырапсыз аулаушыларға бақылауды күшейту. Қажет кездерде сенім телефондарын орнату.

Біздің ұсынба- пікіріміздің негізінде үндеу жолдауды жөн көрдік.
Оған Жайықтың барлық жанашырлары үн қосады деген сенімдеміз!!!
Үндеуге үн қос ағайын!
Delfina
(Менің жазған үндеуім емес, анам жазған)
AKA
Красавчикца!
ereke_enu
5. Жайық өзеніне рұхсатсыз салынған бөгеттерді тексеріп шығу жұмысын қолға алу.
Арал қасіретіне осы бөгеттер жеткізіп еді ау
Delfina
Өте дұрыс айтасың, бәрі сен сияқты болса ғой)
m170785
барлық аналар аман болсын. Дельфина анаңыз ауырмасын, ұзағынан жасасын, әлей болсын
Kan
Анаңыз ұзақ жасасын. Анасының мақтауын келістірген баладан айналдым. жарайсың сауабынан болсын
Delfina
Рахмет!))) Айтқаның келсін, аумин!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.