Челси өз алаңында Мю ден жеңіліп қалды.

Жасыл алаң жаңалықтары /
Кеше ағылшын премьер лигасының 9 турында Англияның екі алып клубы кездесті. Манчестер Юнайтед, Лондондық Челси клубына қонаққа барған болатын. Төрешінің ысқырығы шалына сала Юнайтед клубының ойыншылары алдыға лап қоя бастады.Небәрі 3-ші минутта Робин ван Персидің соққысынан кейін бағанаға тиген ала доп Луиз Давидтың денесіне тиіп қақпаға енді.Кейіннен араға 8 минут сала, яғни 11-ші минутта Валенсияның оң қапталдан жерлеп берілген пасынан кейін сол Ван Перси есепті 2-0 ге жеткізді. Осы голдан кейін Мю ойыншылары ойындарын бәсеңдетіп алды.Соны ұқыпты пайдаланған Челсидің сұр мергені Хуан Мата айып добын керемет үлгіде орындап есепті қысқарта білді. 2 таймның басында Рамирес Оскардың пасынан кейін баспен есепті теңестірді. Ойын қыза түскен сәтте, матчтің төрешісі Марк Клаттенбург 61 минутта Б.Ивановичті алаңнан қуған болса,68 минутта Торресты симуляция жасады деген айыппен екінші сары қағазды қалтасынан алып, ойыннан ерте босатты. Осылайша анау-мынау емес Мю мен қарсы ойында небәрі 9 ойыншымен қалған Челси клубының ойыншылары уақыт созумен тоқталып қалған жоқ, керісінше тағы да гол соғу мәселесімен айналысты. Гол соғамыз деп жүріп,75 минутта өздерінің қақпасына гол соққызып алды.Мю үшін жеңіс голын соққан Мексикандық сұр мерген шабуылшы Чичарито. Осылайша осы маусымдағы алғаш рет жеңіліс дәмін татқан Челси футбол клубы алдағы уақытта өзінің 1 орында тұрған позициясын екі манкунияндық клубқа беріп қоймау.Естеріңізге сала кетейін, 22 ұпаймен Челси көшті бастап тұрса, екі манкунияндық клуб, яғни Манчестер Юнайтед пен Манчестер Сити клубтары 21 ұпаймен 2-3 орындарды бөлісіп тұр.

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.