Өзбекстанда Facebook-ке балама сайт жасалды

Интернет қолданушы үшін /
Өзбекстандық ғаламтор жүйесінде атауы да, мазмұны да атақты Facebook әлеуметтік желісінен айнымайтын YouFace деген сайт пайда болды.



«Русская служба ВВС» хабарлағандай, әлеуметтік YouFace желісі батыстық «жаппай мәдениеттену» пен «ақпараттық шабуылға» қарсы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының күресі аясында іске қосылды.



YouFace сайтының басты беті

Өзбекстан билігі ғаламтордың өз азаматтарына жағымсыз әсер етуіне алаңдаушылық танытып отыр. Жалпы халық саны 30 миллионды құрайтын бұл елде ғаламторды пайдаланушылар саны 9 миллионнан асады екен.

Жағдайды бақылаушылардың пікірінше, YouFace-тің негізгі мақсаты – қолданушыларды Facebook-тен сәл алыстатып, оларды мемлекетішілік желіге тарту.

Айта кетейік, мамыр айында өзбек мемлекеттік телеарнасынан шетелдік әлеуметтік желілердің азаматтық ой-санаға әсер ететіні туралы бағдарлама жарық көрді. Сондай-ақ бағдарламада ғаламторда жарияланған ақпаратты қабыладауда мұқият болуға кеңес берілді, себебі ондағы мәлімет әрдайым «елдің тұрақтылығы мен дамуына» атсалыса бермейтіні анық.



Сайт мекен жайы: youface.uz

www.zhanaoi.kz Сайытынан алынған!

2 пікір

ulan
Бұл тақырыпта айтқым келгені, Өзбектерден аллаға шүкір ештеңеміз кем емес шығар қадірменді ағайын!!!
Kinostrov
Қазақстанда кино сайт көп
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.