Суды сүйген От
Журфак /
Құрметті Айтаберліктер. Алдымен қуаныштарыңыз құтты болсын! Бұл менің шын мәніндегі алғашқы жазбам. Сіздермен бүгінгі сезіміммен және дәл қазір жазылған өлеңіммен бөлісіп отырмын…
Ерік беріп жастықтың жалынына,
Жарты әлемді сыйдырдым жалыныма...
Өртей-өртей өмірдің өткелдерін
Ғашық болдым судың сұлу аруына.
Сүйгенімді айтпадым қызға тіпті,
Себеп: оның бетіне мұз қатыпты.
Қалың мұздан қимылы тоқтағасын
Сезінді ме, байқады қыз Ғашықты.
…
Қуаныштан қос жүрек көкке өрледі,
Әр буыңнан ерекше ләззат алдым,
Қайта-қайта құмартып өпкен мені.
Өзен мен от қашан да қатар жүрдік,
Қатар жылап, қуансақ, қатар күлдік.
Ай да, күн де, жұлдыздар көрді бізді
Мәңгіге тек махаббат шашар гүл қып…
Алай-дүлей дауылды аялдатқан,
Сезіміңді сүйіп ем баяу аққан,
Топан су боп, сарқырап шыға келдің,
Дауыл салып көңілге, ой орнатқан…
«Жаңа өмір!- деп едім, — ұмыт бәрін!»
Аз ба әлде құшақтап жылытқаным?
Талай күндер өтсе де көңіліңде
Қалың мұздың сақтапсың сынықтарын.
«Ол күнде бір бақытсыз жан ем» дедің.
Лек, тыңдайсың сол күннің әуендерін.
Қос ғашықты айырған мен емес ем,
Айтшы неге, сүймесең, әуреледің?
Бұл сөзімді сақталған кек деп білме…
Сан тоғанды тең қылдым өртеп күлге.
Жалынымды ұрлаған тас пен таудан
Тек сен үшін көз жұмып, өтпедім бе?
Айтшы, сәулем жаныңнан айырылдым ба?
Тақыр жерден отынсыз деп қайырылдым ба?
Сен ше? Менің жанымда болу үшін
Өзге өлкеге ағуға дайынсың ба?
Жо-жоқ саған ол үшін арна керек!
"Өліп сүйген" сұлуда жан да бөлек.
Азайса да алауым түк етпес, ол
Құрбан етсе тамшысын құрғап өлед.
Нәзік жан деп арыға қинамадым.
Сезімімді бар болсын сыйлағаның!
Бөтен үшін сол арна бұрылғанда
Мекен еттім сұм сезім күй қамалын.
Кезіккенде орманға «тоқта!» дедің.
Қызғандың-ау, "өзге отын жоқ па?!" дедің.
Сол-ақ екенағашқа жуымадым,
Айырбастап қайтейін жатқа сені?!
«Шеттен келген арықты қоспа» дедім.
«Жаралама жүректі босқа» дедім.
Жауап дайын: "қайтемін өзі келсе,"
Ренжітем деп өзгені сасқан едің.
Ал мен кіммін? Неліктен ойламайсың?
Мені соңғы орынға қойғандайсың.
Артық болса, бар десем, көңілімді
Өзің барып қосылып, ойрандайсың!
Шақырып ең мұхитқа, сүйіп бардым,
Жан аямай, жігерді жиып бардым…
«Кел» дегенде қалың өрт ортасына,
Себеп тауып, өзіңді тыйып қалдың.
Сүйем, бірақ сырыңды аша алмадым.
Кездесуге келмедің босамадың.
Ән кешіне сол күні кел деп еді,
Шаруаң қалды, құрбыңнан аса алмадың…
Менсіз сенің көңілің бос қала ма?
Қайдам… Сезім сені де бақара ма???
Хабарлассам сөйлеуге шамаң келмей,
Күліп жауап бересің басқаларға.
Суың толып, аздық қып, қысты арна да.
Алау оттан қалды бір ұшқын ғана.
Көз жасыңмен ісіңді жасырасың,
Кеңеюде, түсінші ішкі жара.
Рас, ренішті сезімім жуып барад,
Іс біткесін «кешірім» тағы бар-ақ.
Сөніп барам… Отырсам өкпелеме,
Ертең мен де өзіңдей суық қарап!...
Ерік беріп жастықтың жалынына,
Жарты әлемді сыйдырдым жалыныма...
Өртей-өртей өмірдің өткелдерін
Ғашық болдым судың сұлу аруына.
Сүйгенімді айтпадым қызға тіпті,
Себеп: оның бетіне мұз қатыпты.
Қалың мұздан қимылы тоқтағасын
Сезінді ме, байқады қыз Ғашықты.
…
Қуаныштан қос жүрек көкке өрледі,
Әр буыңнан ерекше ләззат алдым,
Қайта-қайта құмартып өпкен мені.
Өзен мен от қашан да қатар жүрдік,
Қатар жылап, қуансақ, қатар күлдік.
Ай да, күн де, жұлдыздар көрді бізді
Мәңгіге тек махаббат шашар гүл қып…
Алай-дүлей дауылды аялдатқан,
Сезіміңді сүйіп ем баяу аққан,
Топан су боп, сарқырап шыға келдің,
Дауыл салып көңілге, ой орнатқан…
«Жаңа өмір!- деп едім, — ұмыт бәрін!»
Аз ба әлде құшақтап жылытқаным?
Талай күндер өтсе де көңіліңде
Қалың мұздың сақтапсың сынықтарын.
«Ол күнде бір бақытсыз жан ем» дедің.
Лек, тыңдайсың сол күннің әуендерін.
Қос ғашықты айырған мен емес ем,
Айтшы неге, сүймесең, әуреледің?
Бұл сөзімді сақталған кек деп білме…
Сан тоғанды тең қылдым өртеп күлге.
Жалынымды ұрлаған тас пен таудан
Тек сен үшін көз жұмып, өтпедім бе?
Айтшы, сәулем жаныңнан айырылдым ба?
Тақыр жерден отынсыз деп қайырылдым ба?
Сен ше? Менің жанымда болу үшін
Өзге өлкеге ағуға дайынсың ба?
Жо-жоқ саған ол үшін арна керек!
"Өліп сүйген" сұлуда жан да бөлек.
Азайса да алауым түк етпес, ол
Құрбан етсе тамшысын құрғап өлед.
Нәзік жан деп арыға қинамадым.
Сезімімді бар болсын сыйлағаның!
Бөтен үшін сол арна бұрылғанда
Мекен еттім сұм сезім күй қамалын.
Кезіккенде орманға «тоқта!» дедің.
Қызғандың-ау, "өзге отын жоқ па?!" дедің.
Сол-ақ екенағашқа жуымадым,
Айырбастап қайтейін жатқа сені?!
«Шеттен келген арықты қоспа» дедім.
«Жаралама жүректі босқа» дедім.
Жауап дайын: "қайтемін өзі келсе,"
Ренжітем деп өзгені сасқан едің.
Ал мен кіммін? Неліктен ойламайсың?
Мені соңғы орынға қойғандайсың.
Артық болса, бар десем, көңілімді
Өзің барып қосылып, ойрандайсың!
Шақырып ең мұхитқа, сүйіп бардым,
Жан аямай, жігерді жиып бардым…
«Кел» дегенде қалың өрт ортасына,
Себеп тауып, өзіңді тыйып қалдың.
Сүйем, бірақ сырыңды аша алмадым.
Кездесуге келмедің босамадың.
Ән кешіне сол күні кел деп еді,
Шаруаң қалды, құрбыңнан аса алмадың…
Менсіз сенің көңілің бос қала ма?
Қайдам… Сезім сені де бақара ма???
Хабарлассам сөйлеуге шамаң келмей,
Күліп жауап бересің басқаларға.
Суың толып, аздық қып, қысты арна да.
Алау оттан қалды бір ұшқын ғана.
Көз жасыңмен ісіңді жасырасың,
Кеңеюде, түсінші ішкі жара.
Рас, ренішті сезімім жуып барад,
Іс біткесін «кешірім» тағы бар-ақ.
Сөніп барам… Отырсам өкпелеме,
Ертең мен де өзіңдей суық қарап!...
21 пікір
Мынау көтенің 28 мын тенгенин туалетный бумагасымен сүртетин адамдарга арналган адамдарга арналган олен сияктыго )))))
Уйқастар тым күрделі)))) Рахмет
Мынау көтенің 28 мын тенгенин туалетный бумагасымен сүртетин адамдарга арналган олен сияктыго )))))
Уйқастар тым күрделі)))) Рахмет
Әзіл)))
Ол қандай әжетхана қағазы өзі?
Спетсальны осы өленді тусинетин адамдарга арналган дима ))))
ҚАлджын арине)))
Спетсальны осы өленді тусинетин адамдарга арналган дима ))))
Ерекше жаралған адамдар дима)))))
ҚАлджын арине)))