Жігіттердің шаш бояуына қалай қарайсыз?
Журфак /
Біз мұнайдан отын, аңнан жылы түбіт киген, Киносынан ғашық болып түрікке тиген, жердің асты менен үстін зерттеген, болмаса да ұқсауға еліктеген XXI ғасырда өмір сүріп жатырмыз. Заманына қарай адамы, сериалына қарай қыздың да талғамы өзгереді-мыс. Іріміздің ұсақталып, нәзігіміздің қатаюы – қоғамымыздың құртына айналды.
Танымалдылықты ту етіп, халқымыздың еркесі мен серкесіне айналған өнер майталмандары қазақтың қара жігітінің бұл қылығына баға беріп, жаңалықтарымен бөлісті. Бұған тіпті кінәлі мен себепті де іздедік, табылар деп үмітімізді үзбедік.«Қоғам қажетін ойламай тұрып, жеке адамның қажетін білу мүмкін емес» А.С.Макаренко
Нұрлан Әлімжанов:
— Қазақтың қара нардай азаматтарының шашын бояуына, өсіруіне қарсымын. Әрине, егер кинодағы рөліне байланысты бояса, онда түсінуге болады. Бұған кінәлі мен себепті іздер болсақ, кәріс киноларына еліктеушілік пен психология деп ойлаймын.
Қарақат Әбділдина:
— Қазіргі заман талабына сай күтімді болып жүру керек. Енді адамдар жас болса да, біреулерінің шашына ерте ақ түседі. Олардың өздеріне күтіммен қарағанында еш әбестік жоқ. Ал егер басқа түске бояп, өсіріп, өріп, құлақтарына сырға тағуы ерсілік. Еркектік болмысын сақтап әдеміленсе, мен оны қолдаймын. Бұл жағдайға санасы, ойлау жүйесі, жан дүниесі түрткі болар.
Лұқпан Жолдасов:
— Бұл жағдайды дұрыс деп ойламаймын. Әртүрлі жағдайлар болады. Кейбір адамдардың ақ шашының маза бермеуі мүмкін. Өз басым бояған емеспін. Ал енді басқа түске бояу – батысқа еліктеушіліктен туған дүние. Адам қартайса да әдемі қартаю керек.
«Орда» тобы Жанболат:
— Жігіттердің шаш өсіріп, шашын бояуы ер азаматқа лайық іс деп ойламаймын. Жеке пікірім бойынша, шаш өсіру, бояу, тіпті, бояну әйел баласына жарасымды іс-әрекет. Олар нәзік және өз сұлулығын сақтап қалуға қарекет жасайды. Жалпы қоғамға деген әркімнің көзқарасы бөлек. Қазіргі заманымызда әркім қандай стильді таңдағысы келсе де өз еркі. Мен оларға қарсымын деп те айтпаймын, алайда өз басым шаш бояуға мұқтаждығым жоқ.
P.S Айналайын, қазағымның қарапайым жігіттері! Махамбет атамыз «қара қазан, сары бала қамы үшін», қазақ деген халықты бодандық пен надандық тұтқынынан сақтап, шыбын жанын, қасық қанын аямаған. Ал бейбітшілік заманында өзіміздің тамырымызға өзіміз балта шауып жатқанымыз не масқара?!

18 пікір
— Через Альфараби, Орибта 3, триста.
— Садись.
— Саинаны ашпай жатыт, әйтпесе тезірек баруға болар еді.
— Ойбой, қазақша білесің бе?
— Қазақпын ғой.
— Қазақша сқйлесей епті, кореец деп отсам сені.
— — Сәтпаев-Фурманова. Орталық Алаңға қалдырып кетіңіз.
— Кеттік.
— Қазақша қайдан үйрендің?
— Қазақпын ғой. Керек десеңіз Орта жүз, Керей!
— Ее, қазақша сөйлеп отқан кәріс десем.
— Очм, моңғолоидпыз дегеннен басқа айтар жоқ.
Мақалаға оралсам, шаш үлгісі ол бірінші кезекте физиономиялық ерекшелікке сәйкес өзгертетін сияқты.
Тағы да өзім туралы айта кетуге рұқсат етіңіздер. Үйде шашымызды өсірмейтін. Сәл өссе алып тастайтын. Қыста азда қана, жазда тоқырайтып та алатын кездер болатын. Түсі онсыз да қара, бояп қажеті жоқ. Басқа қалаға ауысып, еркіндік тиіп, типі стиль қалыптастырып жүрміз. Оның да шегі бар әрине.
Ал бізде дайын ішпиендер арамызда))) Мао Дзе Дун, хао хао! Десең құшақтай жөнелетін қытайлар емес пе)))
бұтақточка қойып жүре беред оларҚазақтарға шетелге шығып қайту керек, пыроста