"Шымкентский" немесе "Біздің жақта"

Журфак /
Кіндік қаным тамған жер – екі дүние есігі, ер түріктің бесігі Яссы қаласы. Киелі Түркістан. Оның орны бөлек, әрине. Бірақ Алматыда жүрсең, еш уақытта да «түркістандық» бола алмайсың, мұндағылар үшін сен қашанда «шымкентскийсің»!

— Короче, студсоветтің вечерында бір жігітпен таныстым, нормально сөйлесіп отырғанбыз, бір кезде «қайдансың?» десем, «Шымкенттен!» деді, сосын мен «давай, до свидания!» дедім де, бұрылып, отыра бердім. Бірақ үйден анау-мынау келгенде, соны жіберетінмін, көлігі барын пайдаланып, кейін лақтырып кеттім, — деді біздің студкеңестің төрайымы, бұл ісін мақтаныш тұтып.
— Ол емес, сен «шымкентсий вариант» жасап кетіпсің ғой! – дедім мен, күліп.
— Просто сендердікілердің көбісі мамбет болады ғой! – дегеніне
— Әәәәй, не десең де, мейлі, бірақ абайлашы, Іңкәр-ау, шымкенттіктердің киесі бар, ұрып жүрмесін, ертең тіпті шымкенттік шаңырақтың шамын жақсаң да, таң қалмаймын! – дедім де, әлдебір үнсіздік орнаттым.
Күні кеше болған бұл әңгімені сіздерге баяндап беріп отырған, сол Іңкәр айтпақшы «мамбеттердің» бірі ендеше…
Асыл арман соңынан қуып, Алматыға келгенде, туған жерімді білген жұртшылықтың шошығанынан өзім де шошитынмын. Ол реакцияны көрсеңіз, сіз де шошисыз, рас айтамын)) Бірақ, бір қызығы, сол шошығандарды Құдай шымкенттіктерге әкеліп байлап қояды екен, байқағаным. Жә, мұны қойып, енді сіздерге шынайы Шымкент шаһарының бетін ашайын.

Менің туған жерімде қыздарды шынында да алып қашады, бірақ сіздің ойыңыздағы ұйпа-тұйпаңды шығарып, көлікке тығып алып қашу емес, жоооқ! Өзің сыр беріп, қылтың-сылтың шығармасаң, мұндағы жігіттер ақымақ емес, кез-келгенді алып қашатын. Олар «жеті рет өлшеп, бір рет кес» деген ұстаныммен жүреді. Әбден байқайды алып қашар қызын. Ақылына көркі сай, қазақи құндылықтарды бойына сіңіріп өскен қыздар ғана келін атанады бізде. Егер сіз, мұндай болмасаңыз, өтірік үрейленіп, қорықпаңыз, бойжеткен, сіз біздің жақта көп тұрақтамайсыз!

Бізде келіндердің басынан шынында да орамал түспейді. Шашы майланып кеткеннен емес, қыздар, жоооқ. Жаулықты келін – қашанда инабатты келін! Игі дәстүрді заң санаған қыздарға біздің тілмен айтқанда «РЕСПЕКТ!».

Жақында бір досым «сендерде жаңа түскен келін шынымен таң атпастан тұрып, аула сыпыра ма не?» деп сұраған еді. Иә, сыпырады! Міндет болғаннан емес, ұят болғаннан!

Біздің жақта келіндер сәлем салады. «Қуа ма?!» әлде «Не үшін?» деген репликаларға, бұл әдеп пен ибаның, құрметтің белгісі дер едім. Иіліп тұрып сәлем беріп тұрған келінді көргеннен артық бақыт жоқ ата менен ене үшін.

«Шымкенттіктер арамы болып келеді» немесе «олар — қу» деген деген ескі қағиданы ұстанғандарды мен аяймын. Мұны олар қайдан шығарған дейсіз ғой?! Жарайды, айтайын. Аузындағы асын жұтпақ түгіл шайнай да алмай тұрған адамды көргенде, қарнымыз ашып кетеді, сол үшін жұлып жейтін әдетіміз бар біздің. Алдыңғы айтып өтілген стереотиптер содан қалыптасқан, ағайын.

«Шымкенттіктер» дейтін дүлей халықты ғана білетіндерге, қарбалас тіршілігіңізден қолыңыз қалт етсе, біздің жаққа ат басын бұра кетіңіз дер едім. Кеткіңіз келмей қалады, шын сөзім. Адамдары да сол Шымкенттің ауа райындай: күн ыстық сәулесін шашудан қалай жалықпаса, халқымыз да сондай. Сахара тұрғындарына тән дархан мінезді бәрі шетінен.

Қазақ дейтін ұлтты құрайтын халықтың ата-бабаларының халық болып қалыптасу жолындағы бүкіл дәстүр-салтын тірнектеп жинап, сақтап отырған асыл сандық та — сол оңтүстік шаһары.
Міне, Шымкент туралы бүкіл шындық алдыңызда. Карталар ашық! Нағыз «шымкенттіктің» аузынан бәрі. Ескеріңіз!)) Енді әлгі балаңқы түсінігіңіз өзгерген болар. Енді өзгермесе, сізге айтар сөзім де жоқ. Тек, ата-баба аманат етіп қалдырған бірлікті аяқ асты қылмаңызшы!

39 пікір

qarasaqal
Стереотиптерді сындырған пост дейді мұны :) Авторға үлкен әріппен РЕСПЕКТ :) Қазақстанның қай қаласы да керемет :) Ооох, биыл Блогкэмп Шымкентте болады. Бір қаламызда 12 парк бар :) Жасыл қала шынында :)
Рахмет!!! Сізге ұнаса, қуаныштымын!) Әлі талай жақсы дүниелермен қуантамын) Сол блогкэмпке кез-келген қатыса алады ма әлде тек белсенді блоггерлер ғана ма?
qarasaqal
әрине, қатыса аласыз :) Айтаберде жүрген соң қатыспау ұят қой :)
tolkinjan93
shynymdi aytsam oz tugan zherim bolgandiktan emes, shymkentke jeter kala jok men uwin!!! sizge ulken RAHMET!!! ya shymkenttik kelinderdin inabattiligi men ibaliligi arta bersin. sebebi olardan shikkan urpak elimizdin bolashagina beizhai karamaityn azamat bolatyny Hak!!!
))) Біздің Шымкентке базар жоқ негізі! Бір жағынан осындай көп дауға, сынға ұшырайтын қаланың тумасы екендігіме қуанамын)))
AKA
olardan shikkan urpak elimizdin bolashagina beizhai karamaityn azamat bolatyny Hak
Дәл осы жерде сәл-пәл 5-6 градусқа ауытқыдым деп ойламайС па?!
tolkinjan93
jok men auitkimadim…
AKA
Еліне бей-жәй қарамайтын азаматтардың шығуы туған қаласына байланысты болып қалып пе екен?! Ха!
tolkinjan93
siz meni durus tusinbediniz_)))))))
AKA
Шымкент — керемет қала! ©
korwinin_kyzy
shymkentke jeter kala jok men uwin!!!

Жетісу, Арқа, Атырауым мен Алтайым,
Көзіме ыстық Көкшедегі ару тал, қайың.

Доғарындар)))))))))))
qarasaqal
именны осы жерде Шым айтылмаған екен да :) Сол үшін автор арнайы пост жазып отыр екен да, бғат :)
korwinin_kyzy
Негізі әр қала өзіңше ерекше өзіңше керемтко мен ушін ен керемет қала ол РИДДЕР
дәл солай :))негізі ешкімнің қытығына тиейін деп жазғам жоқ мұны… Тек менің өлкеме дұрыс көзқарас қалыптасса екен деген оймен ғой…
korwinin_kyzy
итакта дұрыс көз крааста емеспе асылында
korwinin_kyzy
Көзіме
деген сөздің терен мағынасына үнілетін болсақ аржағында Шымкентті мензеп тур
qarasaqal
ыхахаххааха, ақын Талдықорғаннан айналдырып әкеліп подтекст ұрыватыр дещ :)
korwinin_kyzy
Жетісу, Арқа, Атырауым мен Алтайым,
Көзіме ыстық Көкшедегі ару тал, қайың.
керек болса басқашада тәпсірлеп жіберуге болат
Жетісу Онтүстік онтустик шығыс Атырау батыс Алтай шығыс Көкше солтустік
именны осы жерде Шым айтылмаған екен да :)
именны осы жерде Шым айтылватр кәдімгидей Жетісу дегенде Шым ішіне кіріп кетет
Жако көке возмущатса етип жатса нады будет Тараздыда тығып жіберуге болат
Соңғы өңделген уақыты:
Jako
Рахмет,қыжылдап отыр едім риза болдым!
AKA
Алып қашу Шымкентте ғана емес, ол өзге қалаларда да бар. Бірақ… иә, көбіне Шымкентпен байланыстырып айтады жұрт. Келіннің орамал тағып, аула сыпыруы қалаға байланысты емес! Ол анасының берген тәрбиесі мен барған әулетінің өнегесі деп білем. Сәлем салу — салтымыз, дәстүріміз. Бұл да қалаға, ауданға, ауылға, көшеге бөлінбейді, ұлттық құндылықты жоғалтпаған саналы қыз мұны міндетім деп түсіну керек.
AKA
Ал, былайынша, бар жақсыны туған өлкесіне қыстыра беру бәріне тән өнер! Шымкентке еш уәжім жоқ, жақсы қала. Анау-мынау әңгімесіне қарамастан, плюс жақтары үшін құрметтеуге бармын.
Алматыға алғаш келгендегі естіген Шымкент туралы ойларды саралап жазғаным бұл… Келіндердің сәлем салуын да, орамал тағуын да, аула сыпыруын да, қыздарды алып қашуды да, жергілікті халық өттте қууу боп келеді деген ойдың барлығын әкеліп Шымкентке таңып қойғанын сіз де, мен де жасыра алмаймыз. Бұл нәрселер тура бір «Шымкент» сөзін естігендегі ассоциацияға айналып кеткен… Ал анау-мынау әңгіме барлық жақта да бар… дегенмен, құрметіңіз үшін бас емін!)
qyrmyzy
Қайда туса да, қайда өссе, қайда өмір сүрсе де, бәрі адамның өзіне байланысты, сана мен тәрбиеге байланысты.
korwinin_kyzy
енді бізде сыншылар көпко
Жерден алып жерге салындар
zhurttyn_balasy
Шымкенттіктер!
сізді түзеуге рұқсат етіңіз! түбі бір, тегі бір қазақтар!)) әйтпесе «ОТАНДАСТАР»!!! :)
geofizik_001
Борат фильмінен кейін Қазақстан жайлы әлем халқында қандай теріс пікір қалыптасса,Қазақстанның басқа өңірлеріндегі қазақтарда да әркімнен естіген алып-қашпа әңгімелер негізінде Шымкент жайлы сондай жаңсақ пікір қалыптасқан. Жердің жаманы болмайды, оңтүстікте мынадай екен, батыста анадай екен екен деп бір уыс топырақты бәріне шаша салуға болмайды.Мен өз салама қатысты бір ғана мысал келтіре кетейін. Қазақстан әлем бойынша уран өндіруден 1-орында(бізден өндірілетін уран тек бейбіт мақсатта пайдаланылатынын айта кетейін), ал Қазақстандағы уран кеніштерінің ең ірілері тап сол ОҚО-да орналасқан. Онда әлемнің түкпір түкпірінен француздар да, американдықтар да, орыстар да, сонымен қатар Қазақстанның әр бұрышынан адамдар келіп жұмыс жасайды. Именно сол кісілер біледі Шымкенттің шындығында қандай жер екенін. Айтайын дегенім, көз жеткізіп барып айту керек пікірді.
korwinin_kyzy
Адамның жақсы да бар жаманы бар
Борат демекші алдында бір сайтта отыр едім онлайн видео комперенсияда бір новозеландиялық азамат қаяқтікісін деп сұрап еді Қазақстан деп едім сразу Борат деп күлді
Қазір өзге елдер де біздің мемлекетіміздің жоғарғы деңгейге ұмтылып жатқанына куә… «БОРАТ» — ескі түсінік!!! Ол новозеланиялығыңыз өмірден «плотно» қалыпты онда… Сіз сонда түк демедіңіз бе? Ол «Борат» шыққаннан кейін қазақтар өз үстемдігін қаншама рет дәлелдеді… Дәлелдей береді де… Борат дейтін жырды қояйықшы осы!!!
Jako
(бізден өндірілетін уран тек бейбіт мақсатта пайдаланылатынын айта кетейін)
Бәрі жақсы, бірақ мынаған ешкім сенбес. Уран демдеп ішетін үндінің шайы емес екені баршаға мәлім шығар)))
geofizik_001
Сенбесең өз еркің. Мен нақты білетін нәрсемді айтып отырмын. Ал сенің олай айтуға дәлелің бар ма? Ненің негізінде айттың?
korwinin_kyzy
"ҰРЫС-КЕРІС" деген блог ашып қою керек ау дим
Jako
Мен өзің сияқты түсінетіндер болмаса басқалармен ұрыспаймын ғой))))))
Jako
))))))
Соңғы өңделген уақыты:
korwinin_kyzy
Шамасы Геофизик сіздін жасынызды білмейтін секілді жоскы жоскы сөйлеп тұрго дінк дінк етіп)))
Jako
Ешнәрсе қылмайды, бұл жерде бәріміз жастымыз))))
Korkem
«Шымкенский» немесе «Біздің жақта»
қайда біздің қатал-қатал апайларымыз бен ағайларымыз?
Байқамай жіберілген қателік қой, түзеп қойдым! Қатал апайларды да, ағайларды да шақырудың қажеті жоқ :) Одан да мақала жөнінде пікір қалдырыңыз))
VVVWWW
Шымкенттіктер туралы Атыраулықтардың ойы (менің емес, жұртшылықтың) (әзіл ретінде)
Бізде бір қызығы Шымкенттік деп бөлек атамайды, «Южан» дей салады (қарамайды ол Шымкенттікісің бе, Тараздыкысын ба тіпті Алматы мен Кызылордалыктарды да косып жібереді кейде)
Сосын сен айтып кеткендеріңді (қыздарды алып қашат, шымкенттіктер қу… т.б.) ойламайды тіпті (болса болар деп қоя салады). енді қандай претензия дейсіңдер ғой, бәрінің айтатыны "Өй олар өзбек болып кеткен", «неге олай» деймін ғой мен, «олар шеттерінен саудагер, пайда табуды ғана ойлап тұрады» дейді. Ақыры бір ерекшелік болса керек
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.