Біздің Наурыздан фоторепортаж :)

Журфак /
Наурыз өткеннен кейін-ақ, бірден жазып тастаймын деген едім. Суреттерім ашылмай, біраз уақытты жоғалтып алдым. Бүгін, міне суреттерім аман-есен болып, жазуға кірісіп отырмын.

Наурыз — Ұлыстың ұлы күні. Көктемгі жаңарудың, махаббат пен достықтың, бірлік пен сыйластықтың символы іспеттес мейрам бұл. Оның қарсаңында әрбір отбасы қызу дайындыққа кіріседі. Біз де, сіңлім екеуміз сол үйдегі қарбалас тіршілікке араласу үшін мейрамнан бір күн бұрын поездқа отырып, Шымкентімізге қарай тарттық… Қызу дайындықтың эпицентріне түстік! :)
Таңертеңмен үйді қылау қалдырмай жинадық. «Наурыз таза үйге жақсылығын аямай келеді» деген сөз бар емес пе?! Жақсылық зорымен келсін деп барынша тырысып бақтық)
Сосын сағат 11-лерде анамызға көмекке келдік, яғни асхана ісіне араласа бастадық. Анамның қолы ғажап… Оның қолынан бәрі де келеді. Үш қызы көмекке келіп, жасалуға тиісті ас түрлерінің барлығы уақытынан ерте әзірленіп бітті. Міне олар:
Бауырсааақ және басқалар :)

Талқан немесе жент

Майсөк немесе тары

Нарын

Тәтті қатырма шелпектер… Мммммм!!! Дәмі тіл үйірерлік))

Қазыыы

Барлығы бірге әйбат әрі молшылық дастарханды құрады

Анам — идеясы көп адам! Ол қасиетін менің бойыма да дарытқаны үшін бас иемін алдында!
Биылғы кіріп келген жыл — жылан жылы. Сондықтан, анам дастарханның сәнін кіргізу үшін мынадайды жасады. Киіз үйге орала жатқан жылан… Отбасымыз жақсылыққа, молшылыққа, тоқшылыққа, игілікке кенелсін деген ниетпен… Расында әдемі, иә??


Барлығын біттік-ау деп анам соңғы штрихтарды жасау үстінде…

Сөйтіп жүргенде сағат 14:00-ге таяп қалды…

Қонақтар жарты сағаттан соң келетінін ескеріп, айна алдында сыбанып-сылану басталды))



Біраздан соң қонақтар да кіріп келді. Анам наурыз көжені орта кеселерге құйып, оларға үлестіре бастады…

Қонақтар әңгіме-дүкен құрып, әр тағамнан дәм татып, тойып, жақсы тілектерін айтып, риза болып кетті…
Қазақпыз ғой)) Әкем қонақтар кеткен соң «Ал енді отырып, өзіміз шай ішейік!» демесі бар ма?!) Барлығымыз күліп жіберіппіз)) Бірақ, сөзінің жаны бар, ондай шай ерекше тәтті болады ғой… :)

Біз Наурызды, міне, осылай қарсы алдық. Жақсылап дайындалғанымызға Наурыз куә болып, қуанып қалған шығар! Енді шаңырағымызға бақ-дәулетін асырып, несібесін тасытып келер деген ниетпен, фоторепортажымды аяқтайын!)

Ал мынау бейнерепортаж:)
www.youtube.com/watch?v=4gYAXP4PSsc&feature;=youtu.be

36 пікір

yesbolat83
Қандай әсем дастархан десеңізші. Анпңыздың қолдары дерт көрмесін! Осы нарын деген қандай нәрсе және қалай жасалады (қысқаша айтып өтсеңіз). Дастарханыңыздың бас әрі көрнекті тағамы киіз үйге оралған жылан — ұсақ тәтті қатырма шелпектер ма? Кешірерсіз, сұрақты көп қойып кеткен секілдімін.
Жаңа жыл құтты болсын! Бақ-береке, дәулет-несібесімен келсін әр шаңыраққа!
Ештеңе етпейді))
Нарын деген — кәдімгі бесбармақтың жаймаларын ыстық суға қайнатып алып, оны бір үлкен табаға салып, майлайды, сосын бір қыры бар ыдыстың шетіне жайып қояды. Суыған соң, майдалап турайды. Қамырды да, етті де… Араластырасыз, Нарын дайын! Вуаля!)
Ал киіз үй, расында да, ұсақ тәтті қатырма шелпектер (чак-чак қой былайнша))
Рахмет)) Бірге болсын!!!
MSHERIMBEK
Наурыздың иісі әлі кетпей жатыр :)
иәәәә, әлі тойланып жатыр екен Шымкентте… Бүгін хабарлассам, үйіміздің бүкіл тұрғындары жиналып, үлкееееен дастархан жайып жатыр екен далада!))) Қап! Осындайда үйде болмағанымды қараш!((
AL-ASTER
Jil berekeli bolsin!
Үлкен рахмет!!! Бәрімізді жақсылыққа кенелтсін!
Jako
Бүкіл Қазақстанда бірдей дастархан, түк өзгеріс жоқ. Нарын-деген қырғыздардың ұлттық тамағы,қазақтарда тураған ет деп атайды, сорпа қосылғанын тұздықталған ет деп атайды.
Сонда сізге қандай өзгеріс керек??? Түсінбедім?! Карамельге малынған құрбақа еті, бәлкім, сіздің ойыңызша, дастарханға пиканттық енгізер еді-ә, қалай ойлайсыз?? Өзгеріс керек екен, өзгеріс бар… Дастарханның сәнін кіргізіп тұрған «Жылан оралған киіз үй», ондайды тек менің анам ойлап тапты! Міне, сол эксклюзив! Міне, сол өзгеріс! Жай ғана ыдыста тұрған «чак-чак» емес!!! Бұл — бір! Сосын, сізге тағы бір айтарым, Наурыз — қазақтардың ұлттық мейрамы емес, ол бүкіл түркі халқына тән, ортақ мереке!!! Қалай, есіңізге түсті ме??? Сондықтан, Нарынның дастархан үстінде тұрғанында ешбір ағаттық көріп тұрғам жоқ! Ол нарын біздің ұлттық тағамдардың қатарына официально кірмесе де, былай кіріп кеткелі қашшшаааан! Үйіңізде бесбармақ дайындалған күннің ертесінде, қалған қамыр мен етті турап, нарын етіп жемейсіз бе?! Ал мейлі, ол тіпті қырғыздардың ғана ұлттық тамағы болсын делік, бәрібір әр нәрсені өз атымен атау дұрыс қой! Бесбармақты ертең біреу басқаша айтып, өз тағамына балап алса, қайтесіз?! Меніңше, дұрыс емес! Соооол, Jako, тырнақ астынан кір іздегенше, "Ұлыс оң болсын! Үйіңізге бар жақсылығымен келсін! Дастархандарыңыз ләйім осылай мол болып жайыла берсін!" деп тілек айтсаңыз не етті?? Өөөөөөй, қазағым-ай…
Соңғы өңделген уақыты:
yesbolat83
Карамельге малынған құрбақа еті
Jako
Наурызкөк апай, мен Наурызды қай жерде қазақтың ұлттық мейрамы дедім, жақсылап қарап шығыңыз.Біздің ұлттық етімізді бесбармақ деп жүргендер де сіз сияқты топастар. "Өй қазағым-ай"-деп менсінбей сөйлейсіз, сіз қазақтан садаға кетіңіз, кімсіз сіз қазақты менсмінбейтіндей,өзіңіз мазақ болып отырып.Басында миы бар адам қасиетті ас Наннан харам хайуанаттың мүсінін жасамайды.Мен сіздің түкке тұрмайтын далбасаңызды не үшін мақтауым керек.Барып тұрған ессіз апай екенсіз)))«Карамельге малынған құрбақа еті»-бұл сіз сияқты өз ұлтын силауды білмейтін көргенсіздердің асы.
Соңғы өңделген уақыты:
Сен Наурызды ұлттық мейрам деп айтпағанмен, Нарынның үстелімнің үстінде тұруына мін тағып тұрсың, қырғыз тағамы деп!!! «Топас» деймісің… Хм… Сенің тарапыңнан кеткен топастығыңа көнейін, бірақ нағыз топас мен емес, сен болып тұрсың ғой, Жакөш)) Себебі НАННАН киіз үй жасалған, «харам хайуанат» емес!!! Ал сол харам хайуанат деп тұрғаның, яғни жыланды қазақ атам түрлі дерттерге ем етіп қолданған, өлгелі жатқан адамдарды орнынан тұрғызған… Қайта Жыланның игі қасиеттерін жақсы ырымға баламайсың ба?!.. Қазір Жылан жылы, есіңе түсірейін!)))) Киесі ұрып жүрмесін!!))))) Сосын, мен қазақтың бәрін менсінбейді деп кім айтты?? "Өөөөөй қазағымай" дегенім менсінбеушілік емес, көңілімнің қалғаны кейбіреулерден… Жақсы нәрсені көргенде де жаманға балайтындардан))) Сондықтан, менің мазақ болып тұрғаным шамалы, сенімен салыстырғанда!!)) Тағы бір нәрсе — менің «далбасамды» мақта дегенім жоқ, Ұлыстың ұлы күнінде жақсы тілек айтсаң не етті дедім!!! Сенің «далбаса» дегенің киелі дастархан, киелі мейрамға дайындық! Мақтауға тұрарлық істі мақтайтындар қашанда табылады!))) Аааа, ұмытып барады екенмін ғой, «карамельге малынған құрбақа еті»!!! Мұны сенің "өзгеріс жоқ" деп ақылгөй болғаныңа айтқан әзілім болатын, ал сен шын деп қабылдапсың ғой)) ахахахах))) Қатырдың!))) Мені «топас» деп, "ұлтын сыйлауды білмейтін көргенсіз" деп сарт кесіп айтуға шебер екенсің өзің, мені қандай екенімді білмейсің, сондықтан ауыз деген нәрсеңе қарайлааап сөйле!!!
Jako
Мейлі, артық кетсем кешірерсіз, Назөк апай.
KUANYSHBEK
Сау бош ырзамын әдемі айттың. Осындай жауап керек Жако ға. Өзінше көп білемін дегісі келеме?!..
korwinin_kyzy
Жарылып бара жатырмын, айту керек қалай да шыдай алаламайм енді
Нау- жан, руз- кун, Парсы тилинен аударганда жана кун дегенді ұқтыртады.
Жалып бұны МҰСЫЛМАНДАРДЫҢ МЕРЕКЕСІ ДЕП АЙТУ ӨТЕ ҚИЫН деген мен кейбірлер айтып жүрде
БҰЛ ақиқатында Отқа табынушылардын мейрамы яғни маджустердін исламға 3 қайнасада ролтыны қосылмайтын мейрам, бәлкім кейбір тойлағыштар исламға кіргізіп алса керек
РАСЫНДА ЕСІМДЕР АҚИҚАТТЫ ӨЗГЕРТПЕЙДІ-қанша жерден атын ауыстырайық, буйтейік суйтейік полубому отқатабынушылардын мейрамы болып қалады, бейне бір Иса Пайғамабардын туған күнін неше түрлі атпен бүркегендей.
АЛЛАҒА ШҮКІР МЕН ОТҚАТАБЫНБАЙМЫН-ТИІСІНШЕ мен ,,,,,,,,,,,,,,,,, МЫН

РЕНЖЕМЕНДЕР ШЫДАЙ АЛМАЙ ҚАЛДЫМ)))))))

КЕЛ ЖАУЫЛЫНДАР МАҒАН, БІРАҚ БІР БІРДЕН КЕЛІНДЕР, по одному шаштан тарту жок
Соңғы өңделген уақыты:
yesbolat83
3 қайнасада ролтыны қосылмайтын


Айтпақшы, Еңбектен беретін ағай атты құрбың қайда?
KUANYSHBEK
Үш қайнаса ролтыны қосылмайды деген сөз жоққо қайдағы жоқты шығармай үйлесетін сөз айтшиш
korwinin_kyzy
яя енді қайталанбайт тақсыр
Ak123
қойш тегі артық кетесің ғой кейде…
Ak123
Отқа деген кезінде табынған, қаз ондай жоқ қой! Датово© осндай әңгімелерің слишком да, саған даж ешкім тиісіп жазбапты, сіңлім)
korwinin_kyzy
Жазбағанның себебі, тиісетін жер таппаған деп ойлайм өз басым)))))
Delfina
Керемет ЖАРНАМА екен))))
AKA
Уау, уау, уау! Бәрі әдемі, осылай жиі жазып тұрсаңыздаршы :)))
Рахмет)) ұялып қалдым ғой))) ^_^
KUANYSHBEK
Анаңның қолы дерт көрмесін! Жақсы дайындапты тағамдарды. Сосын видеоны түзу түсірсең қайтеді мойынынм аурып қалды)))
Үлкен рахмет!) Видеоны негізі түзу түсіргенмін, тек ютубқа салғанда солай болып қалды))
korwinin_kyzy
Анаңның қолы дерт көрмесін!

Негізі ДЕРТ деген сөз жаман сөз
Екіншіден неге ол сөзді қолға байланысты қолданамыз
Үшіншіден неге адамның қолы дерт көруі керек
Төртіншіден демек дерт көріп жүрген қолдарда бар болып тұр гой я?
Бесінші ден мен ҚАТЕЛЕСІП ОТЫРМЫН
Не де болса, рахмет, білгіш мырза)))
korwinin_kyzy
Білгіш болатындай әлі де бір қарапайым ілгіш сияқты зат ойлап таппадым))
KUANYSHBEK
Ту блаа қойшиш болды аз сөйлеп көп тыңдашиш
qyrmyzy
Қарақтарым, сендерді сағындым ғой :( скайпкаст жасайық бір күні)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.