«Ауылға хат» ақпараттық науқаны...

Журфак /
«Ауылға хат» ақпараттық науқаны
1-14 маусым 2013 жыл


Сіз ауылға хат жазып көрдіңіз бе? Ауылға сәлем жолдағыңыз келе ме? Ендеше Сізге мүмкіндік туды. 2013 жылы 19 маусымда ҚР Білім және ғылым министрлігі «Елдің интеллектуалды әлеуеті» мемлекеттік бағдарламасы қаржыландыруымен: Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстан Республикасындағы өкілдігі қолдауымен: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің «Қазақ елі» студенттік ғылыми экспедициясы жұмысын бастайды.
Осы шараның аясында 1-14 маусым аралығында «Ауылға хат» ақпараттық науқаны арқылы республикамыздың Маңғыстау, Қызылорда, Семей өңірлеріне ауыл тағдыры, ел жағдайына арналған хат жолдай аласыздар. Ең үздік хаттар топтамасы арнайы баспасөз-конференциясында аталады, жауапты тұлғаларға табыс етіледі. Біздің мекен-жайымыз:
050040, Алматы қ, әл-Фараби даңғылы, 71. Журналистика факультеті, 225 каб Тел. +7 (727) 377-33-30 (1351); Факс +7 (727) 377-35-14.
Ғаламтордағы мекен-жайымыз:
intelligent.kz сайтында, сондай-ақ әлеуметтік желілерде хат қалдыра аласыздар:
www.facebook.com/groups/492665447471204/
vk.com/club54365919
БҰРЫНЫРАҚ ЖАРИЯЛАУ ОЙДА БОЛМАПТЫ. «Ауылға хат» ақпараттық науқанына қатысқысы келетіндер араларыңыздан табылып қалатын шығар. Науқанның 19 маусымға дейін созылғанын айта кетейін...

6 пікір

Kan
неге тек «Маңғыстау, Қызылорда, Семей өңірлеріне» ғана басқа өңірлерге жазуға болмайды ма?
semser_soz
Барлық өңірлерге хат жазуға болады… Бірақ, студенттер алғаш рет қолға алынып отырған науқан аясында тек қана осы жоғарыдағы аймақтарға зерттеулер жүргізеді!!!
Jako
Бұл не нәрсе, неге БҰҰ-ның қаржыландыруымен? Қашаннан бері БҰҰ сияқты дүниежүзілік ұйым ауылдағы қазақтардың қамын ойлап қалды.Әлде ырың-жырың, ел арасына іріткі салу бізге де келіп қалды ма?
semser_soz
Ырың-жырың, ел арасына іріткі салу бізге де келіп қалды ма?
ЖО-ЖООООҚ ОНДАЙ ТҮК ТЕ ЖОҚ. «Жақсы сөз-жарым ырыс» дейді атам қазақ. Биыл алғаш рет қолға алынып жатқан шара. Нәтижесі оң болар!!!
Jako
Сонда да не себеп болды екен, ауылды жердегі қазақ азаматтарының интелектуальді деңгейі төмен екен деген күдік болғаны ма? Болмаса осы акциядан кейін солай дей салуға шешім дайындап жатыр ма? Не де болса өткендегі Олжас ағамыздың сандырағынан кейін жеделдете шаңдатуы көңілге күдік ұялатады.
semser_soz
Білмеймін. Барлығын да жобаның ұйымдастырушылары мәлімдейді емес па?! Егер қызық болып жатса, «Ауылға хат» ақпараттық науқаны аясында өтетін баспасөз-маслихатына қатысыңыз!
Мерзімі: 20 маусым 2013 жыл
Уақыты: сағат 11.00
Өткізілетін орны: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми кітапханасы, № 2 зал (4 қабат). КЕЛІҢІЗДЕР КҮТЕМІЗ. Жобаның ұйымдастырушыларына тікелей сұрақ қойып, қанағаттанарлық жауап ала аларсыз деген сенімдемін!!!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.