Сиырдың бұзаулайтын мерзімін анықтау

Пайдалы кеңестер /
Сиырдың бұзаулайтын мерзімін төмендегі формула бойынша оп-оңай анықтауға болады.
С=K+10/A-3
Мұндағы С — сиырдың, шамамен алғанда бұзаулайтын айы мен күні;
К- соңғы ұрықтандырылған күні;
А- ұрықтандырылған айы.
Мысалы, сиыр 12 мамырда ұрықтандырылған:
С= 12+10/5-3=22/2
Демек, сиыр шамамен 22 ақпанда бұзаулауы тиіс.Егер формуланың алымындағы сандардың жиынтығы 30-дан асып кетсе, онда одан 30-ды алады да, бөліміндегі ай нөмірін көрсететін цифрға 1-ді қосады.Егер, сиыр ұрықтандырылған айдың нөмірі 3 немесе одан төмен болса, онда бұған 12 саны қосылады.
Мысалы, сиыр 22 ақпанда ұрықтандырылған:

22+10/(12+2)-3=32/11=32-30/11+1=2/12
Сиырдың буаздық мерзімі азықтандыру жағдайына, тұқымдық қасиетіне және басқа да ерекшеліктеріне байланысты 10 саны сиырдың буаздық мерзімі 285 күн екендігін көрсетеді.Егер сиырдың буаздығын 280 күн деп есептейтін болса, онда соңғы ұрықтандырылған күнге 10 санын емес, 5 санын қосады.

Мұсылман күнтізбесі 2009-2010 жылдар кітапшасынан алынған.

11 пікір

Jako
Мади мынауың керемет екен, таппайтының жоқ-ау…
Yasin
сөз жоқ, пайдалы кеңес
pari
біздің сиыр асықпай, саспай наурыздың аяғына қарай бұзаулайды, муахаааа
mairosh
Бәрің қойып сиырды аңдуға шықтыңыз ба)) Бірақ тамаша шықты. Есеп епті екен)))
Madi
Ең бастысы, барлығына пайдалы болса болды.
qyrmyzy
бұқақақақаақақ
qyrmyzy
Қызық, үйдегілерге айту керек екен. Рахмет
m170785
сиырымыз болмаса түсінбейді екенбіз қашан бұзаулайтынды )).
pari
сиырымыз болмаса
Өнер Адамын айтып тұрсыз ба?
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.