Қызбен алғашқы кездесу: Дайындық

Пайдалы кеңестер /
Бұл пост жігіттер үшін танымдық мақсатта жазылды

Ал, жігіт! Бар батылыңды жинап телефонмен немесе Агентте сөйлесіп жүрген қызды кездесуге шақырдың. Қыз да он ойланып, мың толғанып немесе ай-шай жоқ келісе кетті. Мұндай жағдайларда жігітте де кішігірім дайындық болғаны дұрыс. Ендеше, жазып ал тфу, есіңе сақта!

1)Әншейінде ауыз жаппай күйдіретін көп жігіттер қызбен телефонмен сөйлесе бастағаннан-ақ тілін жұтып ыңылдап қалатын әдеті бар. Олардан тірі қызбен жолыққанда ешқандай қайыр күтпей-ақ қойсаң да болады. Егер сен солардың қатарынан болсаң, есіңді жина! Кездескелі жатқан қызың аспаннан түскен періште емес. Өзің сияқты ет пен сүйектен құралған адамның баласы екенін ұмытпа!
2) Алғашқы кездесу орнын белгілеу өте жауапты нәрсе. Сен онымен танысып білісуге бара жатқаныңды ұмытпа. Сондықтан қызды алғашқы кездесуде киноға (опера, балет, спектакль) шақырмай-ақ қой. Мейлінше, жай ғана жақсы жерде серуендеп немесе тыныштау кафеге барған жөн.
3) Көп ақша іздеп әуреленбесең де болады, негізі. Өйткені көп жағдайда жаңа танысқан қызың, кафенің (ресторанның) қымбат тағамдарына тапсырыс бермейді. Аштықтан басы айналып жатса да жай ғана апельсин шырынын алдыруы мүмкін.
4)Үсті басыңа дұрыстап қара. Әсіресе аяқ киімің таза болсын. Кейбір қыздар (жоқ, көптеген қыздар) оған баса мән береді. Өйткені, кездесудің ары қарай дұрыс жалғасуы, қыздың алғашқы әсеріне байланысты болып жатады. Галстук тағып депутаттардың санын арттырмай-ақ қой. Барынша өзіңе жарасымды киімдерді ки. Бірақ, қызда сенің сыртқа көрінісің маңызды деген ойдан аулақ бол. Бұл қыздың мың құлыптан құралған жүрегін ашудағы деген бастапқы кілт қана екендігін ұмытпа. Түр әлпетіңді сұлуландыра түсемін деп әуреген салынба. Есіңде болсын: Сен әйел емессің! Оригиналдық — ең басты нәрсе!
5) Алдын-ала сұлу да көркем сөздерді дайындап, бос әуре болма. Саған ең керегі сенімділік екенің ойыңда ұста және көшедегі достарыңмен айтылатын әңгімелерді үйде қалдырып, дені сау сөздер айтып, сөйлеу мәнеріңді дұрыс шығаруға машықтан!
6) Кездесетін орынға қыздан ерте баруға тырыс. Яғни, қызды жалтақтатып күттіріп қойма. Сен шақырдың — сен күтесің!
7) Осыларды еске сақтаған болсаң, "әуп, бісміллә" деп, есіктен оң аяғыңмен шығып, кездесер орынға беттей бер:) Оған дейін, кездесу уақытында өзіңді қалай ұстау және не айту керек екенін осында жазып қоямын:)

31 пікір

Korkem
Әсіресе аяқ киімің таза болсын. Кейбір қыздар (жоқ, көптеген қыздар) оған баса мән береді.
тауып айттың мынаны Не ғой, бір тал болса да гүл ала барсын да…
MSHERIMBEK
Не ғой, ол енді үйінен шықты. Гүл қажет деп ойлайсың ба? Мысалы мен бірінші кездесуде ешқашан апармағанмын:)
Korkem
Мүмкін ол да дұрыс шыған, бір білерім қыздардың басым бөлігі соны күтеді… қыз айтып жатыр ғой енді..))
MSHERIMBEK
Егер сізбен кездесіп жатсақ есімде болсын:)))))
konvict
Хехехе, мен тіпті қыз баласына гүл сыйлап көрмеген екенмін
Moldir_96
Гүлді ұнатпайтын қыз болмайды! Гүл болса тіпті керемет болушы еді… Көркем дұрыс айтады!)
MSHERIMBEK
хехе, енді үйіне 1 апта бұрын гүлді апарып сақтап қоймайды ғой:) бара жатқанда жолдан ала салады:))) 500-600 теңге артық алып шық деп айтып қоям, хехе:)
khairbek
ну ты даеш 500-600 тенгеге кактус ала алмайсынго даж ХХХХХХеееее хееххехе
Yasin
Көркем қазақта мынадай мақал барғой дұшпан аяққа қарайды деген
Korkem
Ол басқа мағына болар, шынында аяқ киімінің таза болғаны жігіттердің тазалыққа бір табан жақын екенінің айғағы ғой. Таза болғанын қыз алдындағы абыройы үшін…
MSHERIMBEK
Еее, Ереке:) Еркек пен әйел жаралғаннан бері бірде дос бірде дұшпан боп айқасып келе жатқан жоқ па?!:)))
Yasin
Садко жеңгең екеуміз доспыз ғой
MSHERIMBEK
Соған жетпейді негізі:)
Moldir_96
Оригиналдық — ең басты нәрсе! Осыңыз ұнады! Керемет жазыпсыз! +1
Daka_sss
Дұрыс, дұрыс, осыны жалғастырып, пикапер кодексын жазуға болады))
dimash
осы аген деген бір бәле болды десек те танысудың ең тиімді жолы ғой. Баста тек іш пысқанда кіретін, бір-екі рет кездескен сон қанға да сіңіп кетеді екен. Тіпті біреумен танысып кездеспесе тұра алмайтындай… Қоса кетерім:
оны не қызықтыратының және достары туралы біліп алған да артық болмайды. енді айтатын сөз болмай қалып жатса. Кездескен соң алғашқы 7 секунд маңызды. Қалай көрінсең осы уақыт аралығында ары қарай да солай болмақ.
Мен галстук тағып баратынмын бірақ… жанымдай жақсы көрем галстукті.

бірінші кездесуде гүл апару артық шынында. Бір жағымпаздануға, ұнауға тырысуға келіп тұрғандай болып қалады.

ең бірінші шашқа назар аударатын сияқты меніңше.
konvict
6) Кездесетін орынға қыздан ерте баруға тырыс. Яғни, қызды жалтақтатып күттіріп қойма. Сен шақырдың — сен күтесің!
Тәліб, мынауың менің есімде болатын нәрсе екен
AKA
«Ой, ой, ой, отырып алып, кілең адам жанының мамандарына айналып алған түрлерін!!!» © муахахаха :))) Оххх, менюдегі ас мәзірінің бәріне тапсырыс беру ойда жүретін болды енді, жәй шырынмен құтыла салаДкенсіңдер дә?! :))))))
konvict
Мына жақта «біреудің» шәкіртін байқағандаймын
AKA
Енді, сол «біреумен» анда-санда сөйлесіп ұрсысып жүрген соң, тәжірибе жинақтап жатырмын да. :))
konvict
Мына жақтың «біреуіне» айналып бара жатқандайсың ;))
AKA
«Керемет, +, сұмдық, шедевр» деп айта алмаймын көп, тек лайықты жазба болса неге айтпасқа?! Мақтауды басқалары да тонналап жаудырВатр, кемшілік тұстарын жылы-жұмсақ айтып кетуді жөн санаймын. Сол «біреудің» жаман болған сайын, жақсы екендігіне көзім жетіп келеді.
Doctor
Не дииидіі құдай-аау? Жәмән. Ол бәрібір жәмән.
AKA
:)))))))) ну енД, жақсы жақтарын көруге тырысамын да.
Baha_07
Жігітке ұстамдылық пен ашық мінез керек сияқты мұндай кездесуде…
Qarakerey
аптыр, үйден шығып баратырғанда аятуль күрси оқыса бола ма?
mairosh
Жігіттің өзің таза ұстай ма жоқ па білу үшін оның аяқ киіміне, тісіне және тырнағына қарап білуге болады. Мен мынаны оқып отырып бір сайт есіме түсті нақты қайсы екенің есіме түсіре алмай тұрдмда...???
didi0393
skaji na milost' Sadko, kanwa kezdesuden keiingi wykkan superpupermega kenester?)))ahhahhah))) toka chestno)))))
maksimuly
este bolatin narse eken…
senim
Колледж қасында Ретро парк бар.Локомотив кинотеатры бар сосын Т.Ахтанов театры бар ммм Күшті күшті кафелер бар, мммм ммм ммм Романтика күлкісі әдемі қыззхз!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.