IELTS емтиханын тапсыру қалай жүзеге асырылады?

Пайдалы кеңестер /
Бүгінде ағылшын тілін үйреніп, шетелге білім алуға кеткен немесе кетуге дайындалып жүрген студенттер саны көп. Болашақта білім қуған жастарымызға қажет болар деген оймен халықаралық емтихандардың тапсырылу ережесімен таныстырамыз. Бүгін IELTS емтиханы туралы айтпақпыз.



IELTS( ағыл. International English Language Testing System) – шетелде тұруға, білім алуға, болмаса ағылшынданған ортада іс-тәжірибеден өтуге бел буғандарға арналған ағылшын тілін меңгергендігін тексеруге мұрсат беретін халықаралық емтихан.IELTS тестінің сертификаты Ұлыбритания, Канада, Австралия, Жаңа Зеландия мемлекеттеріне көшуге құжаттарын тапсырғалы жүрген адамдарға, және сол елдердің университеттерінде жоғары білім алғысы келген студенттерге қажет.

Жыл сайын IELTS сертификаты қабылдау комиссиясында міндетті құжат болатын университеттер саны көбеюде. Біздің елімізде де бұл тестілеудің сертификатын талап ететін білім ордалары бар. Егер сіз Назарбаев Университетіне түскіңіз келсе, сіздің қолыңызда осы емтиханның сертификаты болуы қажет. IELTS халықаралық емтиханын Cambridge ESOL, Британдық кеңес және IDP: IELTS Australia ұйымдары басқарады.

Тестілеудің екі түрі бар:

Academic деп аталатын емтихан түрі білімін шетелде жалғастырғысы келетіндерге, ал General Training шет елге көшуге немесе ұзақ уақыт басқа елде тұрақтап қалушыларға арналған. Тестілеу сертификаты 2 жылға жарамды.

Тест 4 сатыдан тұрады: Listening, Reading, Writing, Speaking.

Listening— 40минутқа созылады, оның 30 минуты тыңдауға, ал 10 минут жауап парақшасына жауапты белгілеуге беріледі. Тапсырма ретінде күйбең тіршілікке қатысты әңгіме немесе белгілі бір тақырыппен байланысқан монолог берілуі мүмкін.

Reading — 1 сағат ішінде берілген мәтінге жауап беру керек (әдетте 3 мәтін беріледі).

Writing — 1 сағат. Академиялық: 150 сөз арқылы диаграмма немесе кестені суреттеп беру. Жалпы: хат жазу.Task Two: берілген тақырыпта 250 сөзден құралған эссе жазу.

Speaking — бұл модульде тест тапсырушы емтихан алушымен 11-14 минут аралығында сұхбат жүргізеді. Егер аппеляцияға тапсырыс беретін болсаңыз, сұхбат диктофонға түсірілуі тиіс.

Тестілеу қайда өтеді?

Егер сіздің жасыңыз 16-ға толған шетелде оқымаққа ниеттенсеңіз, онда сіз ең алдымен IELTS тестілеуіне дайындалып, тестті Алматы, Астана және т.б. қалаларда тапсыруыңызға болады. Немесе оқуға түсейін деп жатқан еліңіздің елшілігіне барып (Ұлыбритания, Канада, Австралия, Жаңа Зеландия) емтиханның өту уақытын анықтап алуыңыз қажет. Кейбір арнайы тіл үйрету курстарында да бұл емтихан түрін қабылдауы ғажап емес. Есіңізде болсын, IELTS емтиханын тапсыру ақылы түрде өтеді.

Ұлыбритания елшілігі IELTS емтиханын Алматы және Астана қаласында тапсыру 24 500 теңгені құрайтындығын, ал басқа қалаларда 28000 теңгені құрайтындығын ескертеді.

Тестілеуді 9 баллдық жүйемен бағалайды. 0 (емтихан тапсыруға тырыспады) — 9 («эксперт» қолданушы)
Балл нәтижелері мынадай болмақ:
0 балл — тест тапсыруға тырыспады;
1 балл — сөздерді бөлек-бөлек қолдана алғанымен, тілді меңгермеген;
2 балл — бөгелгісі бар тіл қолданушысы;
3 балл — қалыпты жайттарды ымдау, түсінгендігін білдіретін қолданушы;
4 балл — тілдік қоры қалыпты жағдайлармен шектелген. Көп жағдайда тілдің күрделі конструкциясы кездескенде қиналады.
5 балл — негізгі әңгімеге қабілетті, бірақ шектеулер бар, біркелкі қолданушы. Жағдайды түсінгендігін байқатады және көп қателер жібереді.
6 балл — орташа қолданушы. Жалпы тілді жақсы қолданғанымен кейбір тақырыптарда шектеліп қалады.
7 балл — жақсы қолданушы. Кейбір түсініксіз жайттарда болмаса, былайынша тілді жақсы меңгерген.
8 балл — өте жақсы қолданушы. Бөлек тақырыптардағы қиындықтар болмаса жақсы.
9 балл — эксперт қолданушы. Тілді анық, дұрыс, кедергісіз меңгерген.

Біліміңізді арттырып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашу өз қолыңызда. Егер де сіз ағылшын тілін тез әрі сапалы түрде үйреніп, болашақта IELTS емтиханынында жоғары нәтиже көрсеткіңіз келсе, онда біздің орталық сіз үшін қызмет етеді.

Келесі жарияланымдарда басқа да емтихандардың тапсырылуымен таныстырамыз. Ағылшын тілін үйренгіңіз келсе, мұнда өтіңіз. Орталық ұсынған арнайы жеңілдіктерді пайдаланыңыз.

Сонымен қатар, араб, жапон, түрік, корей, қазақ, орыс , қытай тілдері бойынша курсқа қатыса аласыздар.

11 пікір

AL-ASTER
TOEFL, IELTS sertificattary ote qajet.
Inspire
Магисттратураға түсу үшін TOEFL, IELTS сертифтикаттарыңыз болса, емтиханға кірмей-ақ автоматты түрде 100 балл аласыз!
Jado
Алдын ала курс оқып тұрып,TOEFL, IELTS тапсыра алмайтын жағдайлар бола ма??? 24 500 теңгеміз күйіп кетпей ма??? Және қандай балл алғаныңызға қарамастан ақ магистратураның емтиханынан 100 балл алуға болады ма?
AshTrollToqTrollmenOinamaide
Болады. Күйеді. Болмайды. IELTS-тан төменгі бал алсам, курс ақшасын қайтару жөнінде келісім жасасу керек дейсің ғо)
Jado
аххааа да да ))))
qyrmyzy
Жоғарыдағы мтихан не үшін қажет екенін тағы бір рет оқып алғаныңыз жөн. Курс пен жоғарыдағы тесттің ешқандай қатысы жоқ! Сосын TOEFL-ды бір рет тапсырып, жоғары балл алғандарды естімедім. Ағылшындары дұрыс болғанымен, сөйлесу кезінде психологиялық атакаға шыдамай, төмен алғандар да бар. Сондықтан жиырма төрт мыңның талайын жіберуге тура келеді.

Сіз мына постты тағы бір рет қайталап оқығаныңыз дұрыс болар…
Jado
Рахмет!!!!Өзіме копировать етіп алдым… Енді түсіндім…
Соңғы өңделген уақыты:
Ademi
Осы емтихандарды тапсырғандар болса, бөлісе отырсаңыздар…
ZevsKO
мяя ағылшынды жуз пайызға біліп алсам бар ғой, аспанға өлгенше секірер едім
qwenchi
Рахмет бро, керекті ақпар екен
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.