Қыздар-ай!!!

Күле отырайық /
Бүгін қыздарды тілге мәйек етейін дедім… Осы елдің бәрі мақтап жатады, мақтап жатады… Қызғанып кетем бар ғо… Осы қыздарды мен бір мақтап көрейін деп шештім. Елдің бәрі ғашық бола береді, мен ғашық бола алмаймын ба? Мыңдаған қыздың біреуіне не болса да ғашық болдым…
Номерін сұрастырып жүріп таптым әйтеуір… Қоңырау шалуға «дух» жетпейді… Ойланып, толғанып бірнеше ай өтеді. Сыртынан күнде «разведка» жасайсың… Маған қарап еді, шекеме «көзі» оқтай тиді… Басым «үш жүз алпыс градусқа» айналып кетті… Тістеуікпен бұрап жүріп орнына әрез келтірдім. Құдайдың құтты күні шешіліп, «Шешінген судан тайынбас» дегендей қоңырау шалдым. Телефонды болашақ қайна атам көтерді, тілімді жұтып, «зависать» еттім…
Одан бірнеше ай жұлдыз санап жүресің, өзімнен өзім «драма» болып, «оскарды» алғалы аз қалдым… «Ер кезегі – үш» демекші қайта қоңырау шалдым, Аллаға шүкір, өзі алды… Одан кездесуге шақырасың. Кездесу өз алдына бір әңгіме…
Шіркін өзі жалғыз келсе ризасың, өкініштісі артына құйрығын іліп келетіні. Алғашқысында сүйікті де, сүйкімді «подрушкасын» ертіп келеді, өзің әрез жүргенсің, ұялғаннан қолын сұрау түгіл, бетіне қарай алмайсың. Екінші рет сіңілісін, әпекесін, інісін, ағасын қысқасы туыс-туған, бауыр, ағайындарын алдыңа «выставка» жасап шығады… Ең соңында кезек ата-апасына келеді…
Кездесуде жүргенде саябақта не қилыны көресің. Солардың біреуін суреттейін:
«Жігіт әңгімені судыратуда, қолын сермеп-сермеп айтуда. Шабыттанып беріліп кеткен. Өмірге риза, ойынан құрастырып, шындық пен өтірігін баттастырып аузына тыным жоқ… Ғашық-ау сірә… Оны естіп, түсініп келе жатқан қыз жоқ. Күлпарасын киген, жігітке тілін шығарып келе жатыр..»
Үйге барып кешке жақын не істеріңді білмей тықырлайсың. Қолыңдағы ұялы телефонға қарап отырасың… Қоңырауды шаласың: Гудок… Гудок… Гудок… Тағы да гудок… Онымен жарысып жүректе: Гудок… Гудок… Гудок… Тағы да гудок… Телефонды көтереді. Әңгімені соғып, газеттен оқып жатасың, сен өзің ризасың… Сені тыңдап жатқан қыз жоқ. Сен қызып кеткенсің, сол кезде ар жақтан тарс-тұрс деп дыбыстар шығады. Артынша байланыс үзіледі…
Артынан білдім мемен ғана емес басқа жігіттерменде көңілдес болыпты. Мемен кездесуден бұрын басқа жігітпен кездеседі, одан кейін мемен. Үйленіп кетіпті… Мен болсам қан жұтып жатқан күйім осы… Күндердің бір күні үйге нағашы ағам үш-төрт жасар қызын ертіп қонаққа келді. Кішкентай жүгіріп келіп бөлмемнің есігін:
— Аға, аға, — деп қақты… Сәбидің күлкісі, әр сөзі өмірдің жарық екенін түсіндіргендей. Сол мезеттен өмірім түрлі-түсті бейнеге енді.
Анау-мынау деп қыздарымызға сын тағудында қажеті жоқ. Алла қаласа болашақта бәрі бала тәрбиелер ана болар. Сол себепті де қыздарымыз аман болсын!!!
Төрехан Арыстан

7 пікір

didi0393
уйленип емес турмыс курып деген дурыс шгар.
satirik92
Диалект солай да, бірақ ескеремін.
dimash
Бір деммен оқып шықтым, өте ұнады, міні жоқ.
Шіркін өзі жалғыз келсе ризасың, өкініштісі артына құйрығын іліп келетіні. Алғашқысында сүйікті де, сүйкімді «подрушкасын» ертіп келеді, өзің әрез жүргенсің, ұялғаннан қолын сұрау түгіл, бетіне қарай алмайсың. Екінші рет сіңілісін, әпекесін, інісін, ағасын қысқасы туыс-туған, бауыр, ағайындарын алдыңа «выставка» жасап шығады… Ең соңында кезек ата-апасына келеді…
Түсінем түсінем

Мемен кездесуден бұрын басқа жігітпен кездеседі, одан кейін мемен.
Болды, болды ондай да..)) Жазарыңыз көп болғай!
satirik92
Рахмет!!! Ұнағанына қуаныштымын!
tolkinjan93
turmiska wigip ketkeni okiniwti eken arine!!! birak keremet jazipsiz_!!! magan unadi
maulen
Жақсы, қыздардың қылықтарын айтып тауыса алмайсың ғой… Керемет маған да ұнады!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.