Әртүрлі тақырыптағы әнектер

Күле отырайық /
Оқушылар апайымен бірге фотосуретке түседі. Апайы оқушылардың әрқайсысына фотосуретті сатып алуын түсіндіріп жатыр:
— Қараңдаршы, қандай тамаша! Сендер ертеңгі күні үлкейгенде, осы фотосуретке қарап отырып айтасыңдар:*Мынау Айнұр, қазір танымал әнші. Ал мынау Бекжан, ол қазір дәрігер...*
Сонда арт жақтағы партадан Арманның жәй ғана дауысы естілді:
— Ал мынау біздің апайымыз Жәудір Исабекова, әлдеқашан қайтыс болған…

Егер бір қыз сөйлеуі керек жерде үндемей қалған болса, онда жігіттің бұдан кейін шансы аз деген сөз.

[aisha] Жаным, фенды қаяққа қойғанымды ұмытып тұрмын. Көрдің бе?
[baga] Жап-жаңа ғана тостер екеуі сені, тәтті қыз, іздеп жүрген.
[aisha] Ха-ха, күлкілі. Сеніп қалдым… Юхх, шынымен, айтшы қайда екенін?
[baga] Жарайды. Айтайын. Завтракта жеп қойдым.
[aisha] Қане, қашан, қай кезде???… Түууууһ, ойнамайм, берше-е-е…

Егер қазан түбіндегі тамақты сен тауысқан болсаң, онда қазанды раковинаға қойып, ортасына дейін су толтырып кету — сенің міндетің!

Білмеу — ұят емес.
Білмейтініңді біреу түсініп қойса, сонда ұят!

Қ – қыз бен Қ – қыз бен
Ұ – ұлды Ұ — ұлды
Д – дайындайтын Д — дайындайтын
А – аппарат. А – арнайы
Ғ – ғылыми
И – институт.

Тек хомосоветикус қана свет өшіп қалғанда, «біздің домда ғана өшіп қалды ма екен?» деп терезеден басқа домдарға бір қарап қойып, светтің жанғанын күтіп отыра береді.

Кинодағыдай таныстық. Ол маған, мен оған — екеуіміз бір-бірімізге көз алмай қарадық.
Қазір үш балаға қарап отырған жайымыз бар.

— Ньютонның бірінші заңын білетін ба едің?
— Тәәәкк… sv_gravity 800!

Не жаздым, Құдайым-ау, Бандерастың каспий-банк рекламасын көретіндей?!
Бар жазығым жарты метр жерде жатқан пультті алуға ерінгендігім бе?!

Телефонымды, әдетте, «дыбыссызға қойып үйдің ішінде жоғалтып алу» режиміне қойып қоямын.

Интернет трафигі бітіп қалып, іш пысқасын телевизор тұрған бөлмеге бардым.
Барсам, залда бір жігіт отыр. Таныстық, сөйтсем, інім боп шықты туған…

Альбомына Пак Мин Йөңнің суреттерін қойып қойған қызға «қазақтың қарапайым сұлу қызы» деп ілтипат білдірген дауылбай, осыны оқып отсаң, саған сұрақ:
«Қойыма аватарыңа Ким Бомның суретін қойып қойғансың, нақ?»

Мамасы мен баласы далада серуендеп жүр.
Баласы: мама, мама, мысық қарашы!
Мамасы: ол жаман…
Баласы: сен оны танисың ба?

— Қаақта жүрсің, иттің қатыны?!
— Жынданбаш, жан! Сұлулық салонында болдым. Барсам, онда өшірет екен.
— Не болт, кезегін жетпей қалды ма не?

Сен мені сүймейсің. Ойыңда тек қана футбол, футбол, футбол!!!
— Жаным, неге қайта-қайта бастай бересің?
— Қалай бастамайын. Сен танысқан күнімізді де білмейсің ғой.
— Неге білмеймін. Білем. Ақтөбе тобылды 5-2 ғып жеңген күн тұғын.

— Болды. Бұлай жалғастырудың еш мағынасы жоқ. Санаймыз, «үш» дегенде бір-бірімізді ұмытамыз, жаңадан өмір бастау үшін осы жерден қазір кетіп қаламыз. Келістік пе?
— Келістік! Бір, екі,…
— Төрт, бес, алты,…

— Менің сұмдық, өте мықты жігітім болса екен! Сондай ақылды, әдемі және ақшасы кө-ө-өп. Тек қана ақшасы көп, ақылды ғана болмасын. Мені, шынымен, қатты-ы-ы жақсы көретін, жиі-жиі гүл сыйлайтын болса.
— Сонда ол сені не қылады? :)

<Ая> Жүректі елең еткізер бірдеме айтшы, жаны-ы-ым!
<Бекболат> І-і-і, папаңыз артыңызда, Ая Әмірханқызы!

«Әйелдерге не керек?» деген сауалнаманы, өкінішке орай, 100 әйелден сұрай алмадық.
Себебі, біздің бұ сауалымызға алғаш жауап беруі керек әйел әлі толық айтып біткен жоқ!

Бір орысша сөйлейтін аю тауда келе жатып, ыстықтан қатты шөлдеп кетіпті.Қараса бір ешкі тұр екен.Аю қасына барып:
-Ей, козёл, где тут ближайший водопой?
-Қазір, осында тұра тұр.
Бір сағат жоқ, екі сағат жоқ, үш сағаттан кейін көп ешкі келіпті.Аю ашуланып:
-Ну и где же козёл водопой?
Араларынан атаманы шығып:
-Бұлақ қайда екенін білмеймін, ал козел үшін таяқ жейсің!

— Сен Шымкентте үш жыл тұрдың ғо, айтшы осы: «Шымкенттіктер екі сөздің бірінде «ш-ш» дейді, сосын сұраққа сұрақпен жауап береді» деген рас па?
— Не болт, шщс? Сенбейсің ба не?

Алқаш — Жердің дөңгелек және айналатынын жақсы сезетін екі аяқты, жұмыр басты пенде.

Келіншегімнің сумкасы winrar технологиясымен жасалған секілді.
Құйттай сумкадан үйдей дүние шығуын басқаша түсіндіру — қиынның қиыны. ®

Келіншегіңді суретке түсірейін деп жатқан кез.
«Түсірем!» дегенің мен әйеліңнің «кәне, қалай шығыппын, көрсетші!» деген аралықтағы уақытты «жарық жылдамдығы» деп атаймыз.

Дүниеге келгенімде таңданғаным соншалық — бір жарым жыл не дерімді білмей жүрдім.

Үлкендер: — жаңа жылды қалай қарсы алсаң, солай өткізесін, — деп айтушы еді.
Жаңа жылға темекісіз кірген едім, бір тал темекің бар ма, дос?

Еркек bluetooth секілді ең жақыны қайсысы болса, сонымен істес болады. Алыстап кетсе, басқа device іздей бастайды. Әйел wireless секілді, бәрін көреді, бірақ күштісіне қосылады.

Оригинал аяқкиім алсаң,« қытайскій, кәчествысі нашә-ә-әр» дейді жұрт.
Бір сезондық деп онша емесің алсаң, «аригинал ма?» деп з.б.ңды шығарады.
Сондай, шшс, қыртымбай қоғам_мүшелерімен араласуға мәжбүр болатының жаман.

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.