Лондон Олимпиадасындағы қызықты деректер

ЛОНДОН 2012 /


* Лондон әлемде Олимпиаданы үш рет өткізген алғашқы қала болып тіркелді.

* Олимпиада кезінде қауіпсіздік шараларын бақылау үшін 900 млн. доллар жұмсалып отыр.

* Жеңімпаздар мен жүлдегерлер мойнына тағатын медальдің салмағы – 400 грамм. Мұндай салмақ бұған дейін Олимпиада тарихында болған емес.

* Дүбірлі додаға 204 елден 10 мыңнан астам спортшы қатысады. Ең көп спортшыны жарыс қожайындары ағылшындар (541) қосып отыр.

* Олимпиадаға қатысатын спортшылардың 97 пайызы дүбірлі додада небәрі жарты сағатқа жетер-жетпес уақытта өнер көрсетеді екен.

* Олимпиадада тұңғыш рет барлық спорт түрінен қыздар сайысқа түседі.

* ХХХ жазғы Олимпиаданың ең қарт спортшысы – жапондық Хироши Хокетсу. Ат спортынан сынға түсетін 71 жастағы қария қазіргі таңда бабында екенін айтып, медаль үшін күресетінін жеткізіпті.

* «Тұманды Альбионда» тұңғыш рет аяғы ауыр әйел жарыс жолына шығады. Дәрігерлердің айтуынша, нысана көздеуден сынға түскелі отырған малайзиялық Нур Саряни Мохаммед Таиби 2 қыркүйекте босанады.

* Олимпиада қалашығында бір мезетте 1500 адамды қабылдай алатын ең үлкен мейрамхана салыныпты.

* Киімсіз жарыс өтіп жатқан алаңға шығып, жұрттың назарын өзіне аударған адам, мемлекетке 20 мың фунт стерлинг көлемінде айыппұл төлейтін болады.

* Лондонда 18,2 мың әскер, 6 мың күзетші, 12,5 мың полиция жарыс өтіп жатқан 30-ға жуық спорттық нысан мен 70-ке жуық қонақүйді және автотұрақтарды бақылайтын болады.

* Ұлыбритания ханшайымы II Елизаветаның немересі Зара Филлипс Ұлыбритания құрамасының сапында ат спортынан күміс жүлдегер атанды.

* Майкл Фелпс Лондонда бір алтын, екі күміс алғаннан кейін Олимпиаданың 9 дүркін чемпионы, 5 дүркін күміс, 4 дүркін қола жүлдегері, атақты КСРО спорт гимнасшысы Лариса Латынинаның 48 жыл бойы медаль саны бойынша бұзылмай келген рекордын бұзды. Фелпстің Олимпиада медалінің саны енді – 19-ға жетті. Өз кезегінде Майкл соңғы үш Олимпиадада 15 алтын, 2 күміс және 2 қолаға қол жеткізіп үлгерді. Енді ол алтын саны бойынша да, жүлде саны бойынша да рекордсмен атанып отыр.

* Олимпиаданың бесінші күнінде әлемнің 47 елі 66 медаль жиынтығын өзара бөлісті. Оннан астам Олимпиада рекорды тіркелген. Оның екеуі ауыр атлеттеріміз Зүлфия Чиншанло мен Майя Манезаға тиесілі.

19 пікір

pari
Дереккөз?
qyrmyzy
мұрт өскен бе?
pari
айтқан қонбас, сөйлеген оңбас! неткен жиіркенішті тфу!
User
Nursultan2002
pari
саған не жоқ,қыстырылмай кетщівар. ойыншығыңды әрі алып ойна бала!
Aknyet99
Әй ода нең бар?
pari
күліп жатқанда шегің қарысып жағың қарысып көзің шығып кетсін саған тілерім
zhurttyn_balasy
өш! мынасы нес!
Nursultan2002
Эй дұрыстап сөйле.
Nursultan2002
Ұятты жеріңді қыс!
Nursultan2002
Көзіңді алып тастап, шұқып,құйрығыңды үстелден көтеріп!
konvict
Аллаһ, Аллаһ адам деген газет оқу керек қой. Сосын боғырем дайын асқа тік қасық болмай сілтеме қойып кет
qyrmyzy
вахахахха, көзіңді бақырайтып копипаст жасапты ма?
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.