Менің кішкентай күнім

Таусылмайтын махаббат /
Менің кішкентай күнім
Мұқағали Мақатаев



Көтеріп сені батырып, көтеріп сені шығарам,
Кішкентай күнім, сенсіз мен өмір де сүріп шыдаман.
Кішкентай күнім, сені мен арқалап жүріп айығам,
Табанға кірген шегеден, миына қаққан сынадан.

Қондырам-дағы ұяңа, отырам өзім күзетіп,
Әлдекімдерден қызғанып,әлсіреп жүрек дыз етіп;
Керімсал түннің кей-кейде кетеді маған сызы өтіп,
Отыра берем сонда да өмірдің кілтін түзетіп.

Қара аспанымнан, кей-кейде қара нөсерлер боратса,
Самалдатқаным мен сені,қапырық болып баратса.
Кішкентай күнім, кеш мені, барлығы-дағы сен үшін,
Иілмес емендерге мен, иілсем кейде садақша?

Бата ғой, күнім, дөңгелеп, шыға ғой, күнім дөңгелеп
Тірліксіз болмау үшін де, титімдей күнім, сен керек!

2 пікір

Delfina
Мұқағали атамыздың өлеңіне сөз жоқ. Керемет!

Менің кішкентай күнім дегенге сенің балалық шағын туралы болар деп ойлағам
Albina97
Мұқағали ең сүйікті ақыным өлеңдері ғажап
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.