Мұхтар ШЕРІМ. Абысындар көтеріліске шығады...

Таусылмайтын махаббат /
Абысындар жиналып, күйеулеріне қарсы көтеріліске шықпақ болып жатыр!
Неге деймісіздер? Жыл сайын келетін әйелдер мерекесі күні күйеулері құттықтап, гүл, гүлі несі, нәйеті әтір сатып әпермейді екен.
--Менің күйеуім былтыр әйелдер мерекесі күні жоңышқаның ұрығын сыйлады… «Бұны қайтемін?» десем, көктемде егеміз, бес рет орып алсақ, сатамыз деп тұр...—деді үлкен абысын.
--Еркектер оңбайды! Менің күйеуім таң қалып: «Қалай гүл сыйлаймын? Бәрібір солып қалады ғой?» деп тұр...—деді одан кейінгі абысын.
--Менікі ұмытып кеткен екен. «Сондай мейрам бар ма еді?» деп өзімнен сұрайды...—деді үшіншісі…
--Мені сүйіктім таңертең тұра салып бетімнен сүйіп: «Әйелдер мерекесі құтты болсын!» деді. Әдемі түйме сыйлады. «Халатыңның түймесі жоғалса, қадап аласың...» деп қояды,-дедәі кіші абысын.
Не керек, абысындар күйеулеріне қарсы көтеріліске шықпақ болды. Кір жумайтын болды, бала тумайтыгн болды, күйеулерінің алдында аунайтын болды, сиыр саумайтын болды, тамаққа пәшкі пәшкі тұз салатын болды, егер әйелдер мерекесімен құттықтамаса, «Ене» деген үкіметке арыз айтып баратын болды… Бірақ ене шіркіннің төбесі көрініп еді, келіндер тым-тырақай қашып кетті, тіпті, бір-бірінің аяғын басып кетті… Осылай абысындар көтерілісі «қантөгіссіз» аяқталды…

3 пікір

yesbolat83
Бірақ ене шіркіннің төбесі көрініп еді, келіндер тым-тырақай қашып кетті, тіпті, бір-бірінің аяғын басып кетті…
Олар енелерінен қорықпайды, сыйлайды.
qarasaqal
ахеххехее :) Қысқа-нұсқа, жымитты Мұхтар аға :) Қош келдіңіз! Жиі жазып тұрыңыз :)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.