КІТАП ТІЛІМЕН СӨЙЛЕСЕМ…

Таусылмайтын махаббат /
Терлеп-тепшiп Мұхтар Әуезовтiң «Абай жолымен» жаяулатып келе жатқанмын. Алдымнан Сәбит Мұ¬қановтың «Ботагөзi» кездесiп қалды. Бұтында джинси, ау¬зында темекi. Кiндiгi көрiнiп тұр. Бiртүрлi жақтыр¬ма¬дым, жа¬нынан жым-жырт өте бердiм де, Әзiлхан Нұршайы¬қовтың «Махаббат, қызық мол жылдарын» бастағым келiп кеттi. Әлде Сәкен Жүнiсовтiң «Ақан серiсi» бо¬лай¬ын ба? Темекiсiн тастаса, жақсы қыз болар деген оймен:
–Сайын Мұратбековтiң «Менiң қарындасымы», қайдан келесiз? – деп сұрадым.
– Шыңғыс Айтматовтың «Боранды бекетiнен», – дедi қыз темекiсiн лақтырып жiберiп.
– Қазақтың қарагөзi темекi шексе, қазаққа Тахауи Ахтановтың «ҚаҺарлы күндерi» келген екен де…
– Жақтырмасаңыз, Әбдiжәмiл Нүрпейiсовтiң «Қан мен терiндей» болып неғып тұрсыз, кете берiңiз.
Қыз бұрылып кете берiп едi, Мұқағали Мақатаевша: «Отыздан асып барамын…» – дедiм. Ол маған Бейiмбет Майлиннiң «Сексен сомын» беретiндей жымың етiп, Чеховтың «Шие бағында» жүргендей жайраң қақты. Маған да Зейнолла Қабдоловтың «Ұшқыны» тиiп, ол «Жалынға» айналып, жүрегiм алып-ұшып, Тұтқабай Иманбековтiң «Тұт ағашының көлеңкесiнде» қалғандай күй кештiм. Өзi Жаяу Мұсаның «Сұрша қызындай» сұлу екен. Iлияс Жансүгiровтiң «Құлагерiндей» осқырынып алып, қыздың қолынан ұстадым. Ол кет әрi емес екен. Содан Мархабат Байғұттың « Машаттағы махаббаты» басталды да кеттi…
(Ескерту: «Жас Алаш» газетінде менің келісіміммен «Кеңес Боздақбаев» деген жасырын атпен (псевдоним) жарияланды.)

8 пікір

Kan
Керемет жазба.Мысқылы ақылды өрілген
yesbolat83
Неге екені, маған ұнамады. Бәлкім, қызға темекі шектірмегеніңізде тәуір боп шығарма еді.
MukhSher
Кешір інім,"қызға темекі шектірмегенде ұнар ма еді" дегеніңе қарағанда, сатира мен әзілді ажырата білмейсің. Классиктерді көбірек оқы.Мұнда әзілмен қатар ащы сарказм қатар өрілген. Ал, қыздардың темекі шегетінін көрмегенің өтірік енді… Шындықтан қашпау керек.
Соңғы өңделген уақыты:
yesbolat83
Сенімен келісем. Дұрыс түсінбеппін.
MukhSher
Өзіңе үлкен бақыт тілеймін. Түсінгеніңе рахмет. Ағалық ниетпен МұхШЕР:
yesbolat83
Рахмет, ағасы.
Madi
Сіз кәдімгі Мұхтар Шерімсіз бе? Сатирик? «Жас Алаш»-та ылғи сіздің сатираларыңыз жарияланып жүруші еді ғой, сол кісісіз бе?
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.