Ех, махаббат.....

Таусылмайтын махаббат /
1. Махаббатсыз дүние бос, Хайуанға оны қосыңдар. Абай
2. Ғашықтық құмарлықпен — ол екі жол. Абай
3. Ғашықтыққа көз жасың ғана куә. Қ.А. Яссауи
4. Махаббат пен жөтелді жасыра алмайсың. Ел аузындағы сөз
5. Махаббат көп жігіт пен көп қызды өмір бойы қуып жүретін жалғыздықтан құтылудың басты жолы. Бертран Рассел
6. Тірі адамды сүйгеннен гөрі, тәтті естелікті сүю оңай. Пьер Ла Мюр
7. Мүмкін сен бұл әлемде жай ғана адам шығарсың, ал біреу үшін бүкіл әлемнің өзісің. Маркес
8.Махаббат өзін қуғаннан қашып, өзінен қашқанның артынан қуады. Уильям Шекспир
9.Махаббат — адам әлсіздігінің ең кешірімді тұсы. Чарльз Диккенс
10.Махаббат жастар айтпақшы құмарлықпен емес, сенімділік пен баяндылықпен өлшенеді. Цицерон
11.Ғашықтық адамның өзін-өзі алдауынан басталып, өзгені алдауымен аяқталады. Оскар Уайльд
12. Тәкаппарлық айғай салғанда, махаббат үнсіз қалады. Ф. Жерфо
13. Сезім әлемінде бір ғана заң бар — сүйгеніңе бақыт құрау. Стендаль
14. Жан ғашықтардың еріндерінде тоғысады. П. Шелли
15.Қырық жасқа дейін құлай сүймесең, одан кейін сүйіп қалмауға тырыс. Б. Шоу
16.Кемпірқосақ туралы армандасаң, жаңбыр астына қалуға дайын бол. Долли Партон
17.Әркімнің мінген аты — өзіне тұлпар, әркімнің сүйген жары — өзіне сұңқар. Сырым Датұлы
18.Менің дінім — махаббат. О. Сүлейменов
19. Махаббат адамды танымастай қылып өзгерте алады. Теренций
20. Ғашықтың тілі — тілсіз тіл,
Көзбен көр де, ішпен біл. Абай
21.Баланы да, досты да сүюді үйренген соң барып, жақсы көреміз. Ал ер адам сүюді әйелден үйренеді. Р.Вагнер
22.Бір адамның екінші адамға қатты қызығуы үшінші адамның дүниеге келуіне ықпал етеді. Х. Ягодзиньский
23.Біреуді сүю, оны ешкіммен салыстырмау. Б. Грассе
24.Сүю — бір-біріне қарау деген емес, бір бағытқа бірге қарау деген сөз. Антуан де Сент- Экзюпери
25.Махаббаттың бір сағатында бүкіл өмір жатыр. Оноре де Бальзак
26.Біз біреуге сүйікті болу жолында күресеміз, оның себебі өзімізді сүюдің тағы бір себепкерін табу. Дени Дидро
27.Әйелдер оларды түсіну үшін емес, сүйікті болу үшін жаралған. Оскар Уайльд
28. Махаббат сыртқы құбылыс емес, ол үнемі біздің ішімізде. Луиза Хей
29.Тек кездесу мен қоштасу сағаттарында ғана адам шын мәнінде өз жүрегінде қанша махаббат жасырынып жатқанын біледі. Ж.П. Рихтер
30.Махаббаттағы айрылысу отты үрлеген жел секілді, сезімі әлсізді тұншықтырып, сезімі мықтыны лаулатады. Р. Бюсси

16 пікір

semser_soz
Ееееееееееееееееееех, Макеееее не деген керемет сөздер жиынтығы… Махаббат атты құдірет жайлы ойлар… Шындыққа жанасатыны бар, жанаспайтыны бар...
Сүюді, сүйікті болуды әр адамға тілеймін!!!
maulen
Ия, бәрәнің көнілінен шығу әсте мүмкін емес қой. Тілегіңе қосыламын!
yesbolat83
Бәрі де жақсы айтылған сөздер. Солардың ішінде 29-ыншыдағы мына жері қатты ұнады:
қоштасу сағаттарында ғана адам шын мәнінде өз жүрегінде қанша махаббат жасырынып жатқанын біледі.
maulen
ия, "қолда барда алтынның қадірі жоқ" демекі!
kozha_maktanshak
31.Ех.махаббат.Адамға не iстетпейдi?
qyrmyzy
Біреуді сүю, оны ешкіммен салыстырмау.
AyKoN
12. Тәкаппарлық айғай салғанда, махаббат үнсіз қалады. Ф. Жерфо
осы сөзді бірінші рет естуім,қалғаны таныс! Бірақ өте күшті жазылған! Экзюпери мен Сырым датұлының сөзін мен қатты ұнатам
Delfina
«Махаббат пен жөтелді жасыра алмайсың» шыныменде солай екенғой)))
kema
тағы сол далбаса махаббат(((((
Enbekten_beretin_afai
қою керекко
maulen
Еңбекті сүйетін ағай, сіз қойсаңыз біз әлі де қоя алмай жатырмыз. Егер шынымен қойған болсаңыз тақырыбын оқып-ақ,«ала тоныңыздды алып кашуыңызға болады» кіріп, оқып, бекерден уақыт жұмсағаннан гөрі!
Jako
7. Мүмкін сен бұл әлемде жай ғана адам шығарсың, ал біреу үшін бүкіл әлемнің өзісің. Маркес
Осы бір Маркес деген атаның айтқаны ұнады өзіме…
Jako
17.Әркімнің мінген аты — өзіне тұлпар, әркімнің сүйген жары — өзіне сұңқар. Сырым Датұлы
Мәулен тамаша,қалғандарының бәрін қоссаңда мына Сырым бабам сияқты қазақтың бір ауыз сөзіне жете алмайтын сияқты.
maulen
Рахмет, Қазақ қашанда, астындағы тұлпарымен, қасындағы жарымен, қолындағы сұңқарымен көрікті болған ғой, шіркін!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.