Мұхтар ШЕРІМ. «НЕГР» НАН

Таусылмайтын махаббат /
«Махаббат тамақ болмайды!» деген сөз ып-рас екен деймін. Үйленгеніме бір ай өткен жоқ, табақ аяқ сылдырлай бастады. «Табақ-аяқ сылдырламасыншы...» деп, базардан пластмасса ыдыстарды үйіп- төгіп әкелдім. Пластмасса табақтағы сорпаны пластмасса қасықпен ішеміз. Нан жаятын тақтай мен оқтайдың өзі пластмассадан. Шәйнек те пластмассадан еді, газға шәй қойғанда еріп, тіпті жанып кетті. Болмайды екен ғой…
Жә, не айтайын деп едім өзі? Ә-ә-ә, келіншегім үй тірлігіне түкіріп қарайтын болып шықты. «Қолынан келмейтіні» жоқ! Не деген «пысық» еді десеңші! Кеше кешке жұмыстан аузымды апандай ашып келдім. Асқазанымда революция… Сириядағы көтеріліс болып жатқандай.
--Сәния, саусағымды сорып отыра беремін бе?—деп сұрадым.
--Қазір жаным, қазір дайын болады…
--Сәния, кіндігім айналып, арқама кетіп қалды…
--Сәл шыдашы…
Келіншегім керіліп, алдыма қуырылған бірдеңе қойды.
--Бұл не?—деп сұрадым.
--Кәртөшкенің қабығы…
--Кәртөшкесі қайда ойбай?
--Ойланып отырып, аршыған кәртөшкемді мусорға тастап жіберіппін де, қабығын қуырып қойыппын…
--Кімді ойланып жүрсің, ойбай?
--Сені, жаным…
Әне, менің келіншегім осындай! «Қолынан келмейтіні», күйеуіне бермейтіні жоқ! Енем ентігіп жүріп, жас кезінде неге үйретпеген десеңші! Төсек салысы да қызық. Көрпені көлденеңінен тастайды. «Бұл не?» деп сұрасам, «Аяқ деген таза ауада демалып жатуы, ашық жатуы керек» деп қояды. Әсіресе, жетпісті қуалап кеткен әке-шешеме обал болды. Өткенде палау пісірді. Әкем де, шешем де палаудың ішінен жұдырықтай, жұдырықтай тастарды көріп, талып қалды. Әйтеуір, жедел жәрдем келіп, жандарын алып қалды. «Өй, тастарды палаумен пісіргенің қалай?» деп сұрасам, «Әзілің жарасса, атаңмен ойна» деген. Атамды қорқытып, бір ойнайыншы деп едім… Ішім пысты тегі...» деп тұр. Бір «удар» беріп құлатайын десем, ағасы прокурор, құрметтеймін, әкесі финполда, сыйлаймын, мені де қызметке тұрғызған солар, ыңғайсыз енді… Бір күні шешем айтты, «Құдайдың өзі кешірсін, мәгәзіннің бөлкесін жеуден жалықтым, ошақта піскен таба нан жегім келеді...» деді де, келініне нан жабуды үйрете бастады. Келіншегім пысық қой, тез қағып алды. Түскі тамақта отырғанбыз, бір кезде Сәниям қап-қара болып күйіп кеткен таба нанды алып келді.
--Күйдіріп жіберіпсің ғой, обалдағы-ай!—деген шешеме:
--Апа, ештеңе етпейді, мұны «негр» нан деп атайды...Қытыр-қытыр еткізіп жегенде тәтті-і-і...—деп тұр. Жалғыз менің келіншегім ғана нан жаба алмайды ма екен? Сіздер ше, жас келіндер? Қы-ыздар, сіздер ше? Нан жаба аласыздар ма өзі?

8 пікір

ZevsKO
енд оптимизмі керемет
Jako
Қазір көпшілігі негр нан жабатын болар.Негізі өзекті тақырып.
korwinin_kyzy
Қызық әнгіме екен))) бірақ бір бірағы бар! Пластмасса адамды рак қылыт деп бір жерлерден естіп қалдым ана пыластымассыға ыссы сорпа немесе шай құйғанда әлгі плыстымасы химиялық бірнәрсе бөледі дид ))) сұрастырып қарарсын білгіштерден менікі предпосылкаго ашейн))
Delfina
Мен мектеп кезінде(9-10 класс оқып жүргенде) ауылға барғанымда 3 күн сайын даладағы ошаққа 7 таба нан жабатынмын. Үлкен табаққа ашытатынмын, тіптен кейде 10 таба нан болып кететіні де болатын. Нанды шоққа салып, ошақтың сыртына қалың тоң, көрпе сондай бірденелерді жауып тастайтынбыз. Қазір шүкір духовка бар, күн сайын екі нан жауып отырамын.
Айтайын дегенім білмейтінім 9, білетінім 99))))
Jako
Сен деген ескінің көзісің ғой))))
davidoff
Басқасын білмейм, бірақ ФОТОШОПТЫ өлтіріпсің. ық ыққ
Sarmantay
katiripti) Kadimgi satira
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.