Өмірімнің мәні
Әлі есімде. Тамыздың 14-нші жұлдызы, 2006 жыл. Үйдегі тыныштықты телефон шылдыры бұзды. Тұтқаны көтерсем: -Сәлеметсіз бе, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің қабылдау комиссиясынан хабарласып тұр едім. Сізді мемлекеттік грант иегері атануыңызбен құттықтаймын. Жуық арада келіп қалған құжаттарды өткізуіңізді сұраймын. Сау болыңыз.
Неткен қуаныш десей, Ұлттық бірыңғай тестілеуден төмен балл алып қалдым, ата-анамды ұятқа қалдырдым, тегін оқуға түсе алмайтын болдым-ау деп жүргенімде. Аллах тағалам менің, дұғаларымды қабылдап, мен Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің студенті атандым.
Анам екеуміз сол күні Қарағанды жолға шықтық. Көңіл күй көтеріңкі, кездескен адамның бәріне жылы шыраймен қарап, күлімдеудемін. Пойыздың жүретін уақыты да келді. Пойызда уақыт өтуші ме еді?.. Әйтеуір, сол уақытта өткізу үшін бе менімен бір жігіт келіп танысты. Не керек, сол таныстықтан кейін ол жігіт менің жүрегімнің ең түкбірінен орын алды.
Студенттік өмірде өтіп жатты. Ол жігітпен де араласып тұрдық. Оқуың бітірген соң, Алматы қаласына жұмысқа кетті. Нағыз қиыншылықтар енді басталды. Үлкен қалаға келіп, мені мүлде ұмытты десе де болады. Шыны керек, бірақ оның алдында да мен ол жақтан маған деген ғашықтықты аса сезінбеген едім. Сүйген жүректе көз соқыр демекші, мен оның бәрін жүрегіммен сезсем де, мойындағым келмеді.
Арада біраз жылда өтті. Менің де қателік жіберіп, шалт басқан кездерімде болды. Менде оқуымды тәмамдап, әрі қарай жалғастыруға магистратураға түстім. Анда санда ол жігіттен хабар келіп тұрды. 1-2 рет кездескен сәттерімізде болды. Онымен кездескен сәтте жүрегім тулап, қоярға жер таппайтынмын. «Жүр кеттік, қазір сені алып кетемін»-десе, бәрін тастап кетуге дайын болдым. Бірақ, қайдан, ол тек менің қиялым ғана еді… Сол жігітті ойлап, жұмыс жасап, оқу оқып жүргенде магистратураны да бітірдім.
Дүниеге қыз бала болып келген соң, жар атану, сәби сүю — біздің міндетіміз ғой. Сондай мақсатпен өзіме сөз салып жүрген бір жігітпен сөз байластым. Ата-анаммен де таныстырдым, оның да анасымен таныстым. Солай арада бірнеше ай өткенде, жоғарғы жақтан менің оқуымды әрі қарай жалғастыруға мүмкіндік туралы хат келді. Алға құрған жоспарлардың бәрін бір-ақ күнде бұзып, Алматы қаласына оқуға жол тарттым. Алматы — үлкен қала болғандықтан, баяғы жігіттен басқа танысым жоқ еді. Соған хабарластым. Сонымен, баяғы сезім оты қайтадан ұшқындады. Ол жақтан да кішкене жылулықты сезіне бастағандай болдым. Жүрекке әмір жүрмейді ғой.
Өмірде бір түсінгенім, бұйырған кетпейді, қуған жетпейді. Енді қандай қиыншылықтар кездессе де, ағаттық жасамай, өмірімнің қалғанын тек сол жігітпен өткізуді ұйғардым.
Әрине, жалғыз менің ғана махаббатым екеумізге жетпейді. Сондықтан, Аллахтан тілейтін дұғамның бірі – оның да маған деген махаббатының күшейуі. Мені шын бағалап, маған жақсы жар, тіреуіш бола біледі деген үміттемін.
Жүдетсе де дүниенің жыртығы,
Көңілді аулап Күннің қызыл кірпігі.
Айдың аппақ сәулесіне оранып,
Мен бақытты бола салам бір күні!
Көкке ұшырып сұлу сөздің төресін,
Көктем келер қуып қайғы елесін.
Сәл мұңайып келе жатып,
Бір күні
Мен бақытты бола салам –
Көресің!-деп, Гүлнәр Салықбай ақынымыз айтпақшы, мен Бақытты бола салам бір күні.
27.03.2022

7 пікір